Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

343 реткөрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен арнайы өткен жиында былтырғы жылғы қол жеткізілген көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық даму, сонымен қатар республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы  және ағымдағы жылдың жоспары қаралды. Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім байқалған.

Жыл соңында орындалмай қалу қаупі болған өнеркәсіптегі өнім көлемі, кұрылыс, инвестиция көрсеткіштері бойынша жоспар жылдың қорытындысымен ойдағыдай қалыптасқан. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі жыл қорытындысымен 102,6 пайыз, құрылыс 105 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 108, 4 пайызға орындалған. Сонымен қатар, Жамбыл облысында қаржы игеруде де оң динамика сақталған.

  Жиын барысында Асқар Мырзахметов экономикалық көрсеткіштердегі оң динамика бір жылдық тынымсыз еңбектің нәтижесі екендігін жеткізді.  Әсіресе, өнеркәсіптегі өнім көлемінің өсімі орта және шағын кәсіпкерліктерді жандандыру, кәсіпорындардың өнімділік жүктемелерін арттыру арқылы мүмкін болғанын айрықша атап өтті. Өз сөзінде әкім өткен жылғы нәтижемен тоқтап қалуға болмайтынын, ағымдағы жылы атқарылатын шаруалар одан да ауқымды екенін баса айтты. Содан кейін барлық басқарма мен аудандардың жылдық жұмысының қорытындысы егжей-тегжейлі қаралып, бағасы шығарылатынын да жеткізді. Айта кету керек, алдағы қорытынды-бағалау жиындары жаңа форматта, яғни, нақты кездесіп отырған өзекті мәселелер, оның шешу жолдарын қарастыру бойынша өтеді.

  Сондай-ақ, облыстағы 30 аумақтық департамент, инспекция және басқармалармен бірлесіп жұмыс жасау да жолға қойылатын болады. Ол үшін облыстық салалық басқармалардың жұмыс жоспарындағы міндеттемелерге барлық департамент пен инспекцияларды қатыстыру көзделуде. Және облыс әкімдігі мен басқармалардың, басқарма мен аудан әкімдерінің арасындағы меморандумдағы индикаторлардың бірқатары қайта нақтыланады. Жиында облыс әкімімен бекітілген медиа жоспардың орындалуы және басқармалар мен аудан әкімдерінің баспасөз мамандарының жұмыстарын жандандыру мәселелері де қаралды.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар

Рейтингте жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

Руханият • Бүгін, 07:09

Шапағатты жол

Руханият • Бүгін, 06:59

«Қайырболатты қайтарыңдар!»

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Волонтерлер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 06:47

Стипендия көтеріледі

Қоғам • Бүгін, 06:43

Нақты тапсырмалар берді

Президент • Бүгін, 06:27

Алтын орданың ақ таңы

Руханият • Кеше

Күлкі керуені № 23

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар