Спикердің айтуынша, бұл бағыт Елбасымыз жариялаған Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, жүздеген жас ақтөбелікті тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Қазіргі уақытта жастар үшін өзекті мәселелердің бірі - өз баспанасының болмауы. Осыған байланысты Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сай, Ақтөбе қаласының әкімдігі, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағытты іске асыруға кірісті», - деді Нұрлан Күнтуов.
Бірегей бағдарламаға 29 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаңы үшін бастапқы жарна көлемі орташа есеппен 350 мың теңгені, ал ай сайынғы төлем 35 мың теңгені құрайды.