02 Наурыз, 2010

КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИНАЛЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының кезекті отырысы Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың басшылығымен өтті. Отырыста “Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті Н.На­зар­баевтың 2010 жылғы 29 қаң­тар­дағы “Жаңа онжылдық – жаңа эко­номикалық өрлеу – Қазақ­стан­ның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақ­стан халқына Жол­дау­ын­да жүк­тел­ген міндеттер тұр­ғы­сында “2010-2012 жылдарға ар­налған респуб­ли­ка­лық бюджет ту­ралы” Заңға өзге­рістер мен то­лық­тырулар енгізу ту­ралы” мәселе бойынша фракция­ның кеңей­тіл­ген жиналысына дайындық мәсе­лесі талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібіне сәй­кес, төралқа мүшелері Парламент Мә­жілісі депутаттары – “Нұр Отан” ХДП фракциясы мүшелері­нің 2010 жылдың 5-14 ақ­па­ны аралығында ел Президентінің Жолдауын тү­сін­діру бойынша республика өңір­лерінде атқарған жұмыстарының қоры­тындысын да қарады. Фракция төрағасының орын­басары Владимир Нехорошев ал­дын ала бекітілген кестеге сәйкес, фракция мүшелері 340-тан аса елді мекенді аралап, 100 мыңнан астам адамды қамтыған 800-дей кездесу өткізгенін мәлім етті. Депутаттардың халықпен өткізген кездесулері “Нұр Отан” ХДП өңірлік филиалдарымен ты­ғыз қарым-қатынаста ұйымдас­ты­рыл­ды. Партияның қоғамдық қабыл­дауында атқарылатын жұмыстарға да айрықша назар аударылып, осы кезең аралығында депутаттар та­рапынан 1000-нан астам аза­мат­тың арыз-өтініштері қарал­ғаны атап көрсетілді. Кейіннен депу­тат­тық сауалдар арқылы тиісті рес­публикалық құрылымдар дең­гейін­де шешу үшін бірнеше мә­се­лелер бақылауға алынған. Парламент Мәжілісіндегі баспасөз қызметі.