Аймақтар • 20 Қаңтар, 2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күршім ауданында оқыс оқиға орын алып, бес адам отырған жеңіл автокөлік мұз астына түсіп, жолаушылардың ішіндегі 6 жастағы қыз суға батып кетті.

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары қайғылы жағдай 18 қаңтарда кешкі сағат тоғыздар шамасында Алғабас ауылынан 10 шақырым жердегі Бұқтырма су қоймасының Аққұдық учаскесінде болғанын, Ваз-2109 машинасымен жолға шыққан тұрғындар тұманда адасып, көлікпен жүруге тыйым салынған жермен өтпек болып, байқаусызда көліктері мұз астына түсіп кеткенін хабарлады. Көлік салонында үш бала мен екі ересек адам болыпты. Төртеуі су бетіне өз күштерімен шыққан көрінеді. Департаменттің баспасөз қызметі құтқарушылар кеше, яғни 19 қаңтарда таңғы мезгілде 2013 жылы туған қыздың денесін іздеп тапқанын жеткізді.

Айта кетейік, бұл – Күршім ауданындағы алғашқы жағдай емес. Осыдан біраз уақыт бұрын бір адам көлігімен мұз астына түсіп кетіп, қайтыс болған еді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы