Ақтөбеде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысы әкімдігінің кеңейтілген жиналысы өтті. Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралып, осы жылғы негізгі міндеттері белгіленді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың қорытындысы туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары есеп берді. Баяндамаларға сәйкес, Ақтөбе облысы екі жыл (2017, 2018) қатарынан экономика өсімін 5% деңгейде ұстап келеді
«Жұмыла атқарған жұмыстардың, Елбасы, Үкімет қолдауларының және барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында біз Президенттің экономика дамуының қарқынын төмендетпеу жөніндегі тапсырмасын орындай алдық. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жетті. Біздің осы жылғы міндетіміз – өңірді әрі қарай дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық резервтерді пайдалану»,-деп атап өтті жиынды ашқан Бердібек Сапарбаев.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өсімінің деңгейі 5,6% қамтылған, рекордтық сома болып табылатын 1,9 трлн. теңгеге өнім өндірілген (2017жыл – 1,55 трлн. теңге). Ауыл шаруашылығы өсімі 6,2% деңгейде, барлығы 228 млрд теңгеге өнім өндірілді.
Экономикаға 516 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 10,8% (2017 ж - 437 млрд. теңге), бұл - біздің облыс үшін жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ, 900 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі облыс бойынша 9,5% өсті. 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды (2017 ж - 17 мың)
Шоғырландырылған бюджетке 13% өсіммен 535 млрд. теңге рекордтық көлемдегі қаражат түсіп, бюджетті игеру 100% құрады.
Өңір басшылығы әлеуметтік-экономиканы әрі қарай дамыту мақсатында 2019 жылы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту кезінде бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жұмсау үшін «Адамдар инфрақұрылымға» моделі негізінде облысты дамытудың 5 жылдық жаңа бағдарламасы әзірленетін болады.
Бұдан басқа, бос кен орындарының әлеуетін пайдалануға жұмыстар жасалады. 2018 жылы 18 кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасалды. Бұл ретте әлеуеті ашылмаған әлі де 160 резервтік кен орны бар.
Жергілікті билік күші сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамытуға да бағытталатын болады. Бұл үшін 22 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның ішінде 5,1 млрд теңге «Бес әлеуметтік бастама» аясында шағын несиелеуге бөлінеді.
Денсаулық сақтау басқармасында МЖС аясында Ядролық медицина орталығы, Чек-ап орталығы, балалар онкологиялық гемотология орталығы сынды бірегей жобаларды жүзеге асыру жалғасып, білім саласында кем дегенде 25 жеке балабақша мен 10 жаңа мектеп ашылмақ.
Айта кетейік, былтыр облыстағы барлық мектептер жаңа компьютерлермен 100% қамтылса, биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес барлық балабақшалар мен мектептер бейнекамералармен жарақтанатын болады.
Бұдан өзге, осы жылға 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру, кем дегенде 50 өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту, 21 мың жаңа жұмыс орындарын құру және ақтөбеліктердің еңбекақысын әрі қарай көбейту міндеттері қойылған.
Кездесу Ақтөбе әкімі Ілияс Испановтың қаланың 150 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы есебімен аяқталды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мерейтойға дайындық жұмыстарына әр ақтөбеліктің белсенді қатысуы керектігін атап өтті.
«Мерейтой қаланың дамуындағы маңызды кезең болуы керек, концерттер мен басқа да ойын-сауық іс-шараларын өткізумен ғана шектелуге болмайды. Бұл оқиғаны біраз жылдар бойы еске түсіретін және ақтөбеліктердің пайдасына қызмет ететін көптеген жобалар болады. Оларды іске асыруға ерекше жауапкершілікпен қарау керек. Сонымен қатар, бір де бір ақтөбелік өз қаласын дамыту үшін сырт қалмай, өз үлестерін қосуы керек. Біз барлығымыз бірге күш - жігерімізбен көп нәрсе жасай аламыз», - деді облыс әкімі.
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • Кеше
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • Кеше
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • Кеше
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • Кеше
Алматыдағыдай «Тәуелсіздік монументі» әр қалада бола ма?
Аймақтар • Кеше
Атырауда халық жазушысы Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды
Руханият • Кеше
Аймақтар • Кеше
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Руханият • Кеше
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» байқауы өз мәресіне жетті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Руханият • Кеше
Тәуелсіздік күніне орай күй тартылып, жыр маржаны төгілді
Аймақтар • Кеше
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қоғам • Кеше
Алматының каратэшілері қарсылас шыдатпады
Спорт • Кеше
Басылым басшылары - Халел ЕСЕНБАЕВ (07.1919 - 02.1920)
Руханият • Кеше
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды
Руханият • Кеше
«Egemen Qazaqstan» ұжымы марапатталды
100 • Кеше
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады
Президент • Кеше
Руханият • Кеше
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Кеше
Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
Алматы облысында 660 бала полиция есебінде тұр
Аймақтар • Кеше
Қисамединовтің қолтаңбасы алматылықтар назарына ұсынылды
Руханият • Кеше
Таэквондо: Райымбек батырды еске алды
Спорт • Кеше
Солтүстік Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Руханият • Кеше
Қазақстан экономикасының өсімі 11 айда 4,4% құрады
Экономика • Кеше
БҚО-да жастар сыйлығы табысталды
Аймақтар • Кеше
Ұлттық музыкалық аспап жасауға баулитын оқу орны
Қоғам • Кеше
Алматы облысында заңсыз жүрген 92 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматы қаласының Наурызбай ауданында жаңа балабақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ыбырайдың ізбасарларын ынталандырған жыл
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Плей-офф кезеңіне шыққандар белгілі
Футбол • Кеше
Хоккей • Кеше
«Алтын тобылғы» иегерлері анықталды
Руханият • Кеше
Автокөлікті айдап кеткендер – күзет қызметкерлері
Аймақтар • Кеше
Сүйіспеншіліктің анасы – ықылас
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар