Семейде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналаған «Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуы» туралы Жолдауына орай «Нұр Отан» партиясының филиалында барлық салада еңбек етіп жүрген ханымдар бас қосқан дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелді Шығыс Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, депутат Айнұр Арғынбекова ұйымдастырды. Жиынға қаладағы кәсіпкер әйелдер, қоғамдық ұйым өкілдері барлығы бірлесе қатысты. Қаладағы Диагностикалық орталықтың директоры, медицина саласында еңбек етіп жүрген депутат Жанат Молдағалиева дөңгелек үстелдің үйлестірушісі болды.
- Мен Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасына» ерекше тоқталғым келеді, - деді «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдинова, - біз бүгінде осы бағдарлама арқылы 7-20-25 жобасын жүзеге асыруды қолға алдық. Тағы бір мәселе, әйелдер арасында бизнесті дамыту. Сондай-ақ, студенттерге арналған грант және жатақхана мәселесін де осыған қосыңыз. Студенттер үшін жатақхана мәселесі әрқашан маңызды. Балалар қайда тұрып жатыр? Олар тұратын жалдамалы пәтерге ата-ана төлей ме, кім төлейді? Балалар күні бойы оқуда, олар қайдан төлесін? Әрине, осының барлығы кімді алаңдатады? Әйел адамды. Міне, осы мәселелердің барлығын талқыға түсірсек жақсы.
Дөңгелек үстел барысында көптеген проблемалар қарастырылды. Аймақтың мемлекеттік бағдарламалар аясында экономикалық дамуы, осыған орай қоғамды әйел адамдардың алатын рөлі қандай деген сұраққа жауап ізделінді.
Ең маңызды деген сұрақтарға «Терра Вита» ЖШС-інің директоры Насихат Исабаева жауап берді. Оның айтуынша, олар депутат Айнұр Арғынбековамен бірге алыс ауылдарды аралап, ол жақтағы әйел адамдармен сөйлескен. Алыс елді-мекендердегі де ханымдар бизнеспен айналысқысы келеді екен. Насихат Исабаеваның айтуынша, бір әйел адам шаштараз ашсам, онда тек сау адамдарға ғана емес, төсек тартып жатқан мүгедек адамдарға да көмек жасап, шашын, аяқ-қолының күтімін жасасам деп өтінген екен. Бірақ, осындай әйел адамдар бизнесті қалай ашу керек, ол үшін кімнен көмек сұрау керек, қай банкке баруға болады, міне, осылардың барлығынан бейхабар.
Жиында Елбасы Жолдауы аясында «Педагог статусы» мәселесі де талқыланды. Қазірде педагог мамандығын тек қана әйел адамдар меңгеретін болды. Сондықтан да ер азаматтардың жастарымыздың бұл салаға келмей жатқаны өкінішті. Сондай-ақ, Семейде қазақ, орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері жетіспей жатыр. Семей қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Оразбекованың айтуынша, бүгінде «Педагог статусы» аса маңызды. Семейде 4466 педагог бар, оның 4056-сы жоғары білімді, ал 441-і орта арнаулы оқу орнын бітірген, яғни Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің түлектері. Жоғары білімді ұстаздардың көп болуы біздің қаламыз үшін өте жақсы.
- Егер біздің ұстаздар математикалық бағыттағы пәндер бойынша ағылшын тілін үйрену курсын өтсе, олардың жалақысы артады, - деді Гүлнар Оразбекова, - қазір ұстаздар біз сияқты шенеуніктерден де артық жалақы алады. Оларға категориясы үшін жеке сол сияқты В және В1 категориялары үшін тағы да ақша төленеді. Және жаңартылған білім жүйесін меңгергендіктері үшін тағы да қосымша ақы төленеді.
Гүлнар Оразбекованың айтуынша, жаңартылған білім жүйесіне орай курстық оқулардан өтіп келгендерге тағы да үстемақы қосылады. Елбасының Жолдауынан кейін «Педагог статусы» мәселесі қозғалып, еңбегі сіңген ұстаздарға 35 пайыз қосу да қолға алыныпты. Сынып жетекшілеріне дәптер тексергені үшін де жалақысына қосымша ақы қосылмақ. Ұстаздардың жүктемесі, мәселен бір апталық жүктеме 14 сағаттан 16 сағатқа дейін азайтылатын болған.
- Себебі қазір жұмыс істеу қиындап кетті, - деп түсіндірді Гүлнар Оразбекова, - жаңартылған білім жүйесі мұғалімдерден де, оқушылардан да қажыр күшті талап етеді. Бұл «Күнделік кз», «Білімланд» және тағы баса бағдарламалар, күн сайын өзгеріп даму үстінде. Десек те бұл біздің жаңалыққа жаны құмар жастарымыз, жас мұғалімдеріміз үшін таптырмайтын бағыт-бағдар. Біздің жастар мұғалімдікті таңдайды деп үміттенемін. Бізде орыс тілді бастауыш сынып мұғалімдері, сол сияқты балалар бақшасы мен мектепке дейінгі білім беру орталықтарында орыс тілін оқытатын мұғалімдер мен тәрбиешілер жетіспей жатыр. Бастауыш сынып пен балабақша тәрбиешілігіне келетін жастар болса біз қабылдауға әзірміз.
Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,
«Егемен ҚАЗАҚСТАН»
Семей
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Руханият • Кеше
Батысқазақстандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысындағы ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында ауыл тұрғынынан марихуана тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Замануи оқу залы Орталық мемлекеттік архивте ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматы жастарына қала әкімі пәтер кілттерін табыс етті
Аймақтар • Кеше
Ғалымдар: Адам қыста аз жұмыс істеуі керек
Қоғам • Кеше
Неймар «Барселонаны» тағы да сотқа берді
Футбол • Кеше
Қызылжар полицейлері Тәуелсіздік күнін өнерлерімен қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырау облысы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Аймақтар • Кеше
Алматы қаласында бірінші Томосинтез орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда желтоқсаншы қыздардың құрметіне шығармашылық кеш өтті
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматының барлық ауданында Тәуелсіздік мерекесі тойланды
Аймақтар • Кеше
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Қоғам • Кеше
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Аймақтар • Кеше
«Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды
Аймақтар • Кеше
Алматылықтарға мемлекеттік марапат тапсырылды
Аймақтар • Кеше
Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Президент Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы «Парыз», «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Демалыс және мереке күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин мемлекеттік және партия марапаттарын табыстады
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2019
Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың сәйкестендіру коды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Орал: Қазақстанның Батыс қақпасы» атты көрме ашылды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Президент пен Елбасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Желтоқсан оқиғасына» ұлт-азаттық көтерілісі мәртебесін беру мәселесі көтерілді
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы балалар дәрігерлері марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыдағыдай «Тәуелсіздік монументі» әр қалада бола ма?
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырауда халық жазушысы Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Тәуелсіздік: тарих тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік жиын өтті
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік жемісі: Ордабасы ауданында 31 мектеп, 42 балабақша салынған
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Архив ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұлы дала түркі халықтарының ортақ мекені» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтті
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Шымкентте Т.Рысқұловтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» байқауы өз мәресіне жетті
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Атырау облысында «496 разъезд» стансасының 150 тұрғыны жаңа баспанаға ие болды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Банк секторы активтерінің сапасын бағалау (Asset Quality Review) аяқталуға жақын
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2019
Түркістанда тұрғын үйлерге табиғи газ берілді
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында 89 мың кәсіпкер салық рақымшылығын алды
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Қазақ этнографиялық мектебі тақырыбында І халықаралық конференциясы өтті
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Футбол: Еуропа лигасының плей-офф додасына шыққандар анықталды
Футбол • 13 Желтоқсан, 2019
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік күніне орай күй тартылып, жыр маржаны төгілді
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019
Конфедерация кубогында Алматы қаласы алдына жан салмады
Спорт • 13 Желтоқсан, 2019
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Алматының каратэшілері қарсылас шыдатпады
Спорт • 13 Желтоқсан, 2019
Басылым басшылары - Халел ЕСЕНБАЕВ (07.1919 - 02.1920)
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» 50 жылдан соң қайта сахналанды
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
«Egemen Qazaqstan» ұжымы марапатталды
100 • 13 Желтоқсан, 2019
FlyArystan Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейстеріне билет сатуды бастады
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны қабылдады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Президент • 13 Желтоқсан, 2019
Бір топ журналист Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Ұқсас жаңалықтар