10 Қаңтар, 2012

Нұрлы таңда шешек атқан гүл

366 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Нұрлы таңда шешек атқан гүл

Сейсенбі, 10 қаңтар 2012 7:39

Қостанайдағы мерекелер концерт­сіз, ойын-сауықсыз өтпейді. Сонда жұрт­шылық қазақтың  ән-күйімен қа­тар облыс өңірін жайлаған өзге ұлт өкіл­дерінің де өнерін тамашалайды. Сах­наға желпуіш ұстаған корей сұ­лулары шық­қанда, кө­ңілдер көктемге айнал­ғандай әсер қа­лады. Адамзатқа  та­биғаттың қай мезгілі де жат емес. Алай­да қазақтың ән-күй­лерінен жаз­дың жайлы самалын, жазғы жайлау қызығын, ат тұяғының дүбірін, құс­тардың қиқуын сезінгендей боламыз. Қазақтың жаны жазды ұна­тады. Ал корейлердің  ән  әуезі мен биі­нен, ұлт­тық киімінің айшығынан  шешек атқан  көктем көрініс бергендей болады. Корей ұлттық-мәдени орталығы жанын­дағы  «Му гун хва» хоры мүше­ле­рінің ұлттық көйлектері мен салған әні еш аудармасыз жүректерге жетіп жатады. Әнде, өнерде шекара болмайтыны  рас.

Сейсенбі, 10 қаңтар 2012 7:39

Қостанайдағы мерекелер концерт­сіз, ойын-сауықсыз өтпейді. Сонда жұрт­шылық қазақтың  ән-күйімен қа­тар облыс өңірін жайлаған өзге ұлт өкіл­дерінің де өнерін тамашалайды. Сах­наға желпуіш ұстаған корей сұ­лулары шық­қанда, кө­ңілдер көктемге айнал­ғандай әсер қа­лады. Адамзатқа  та­биғаттың қай мезгілі де жат емес. Алай­да қазақтың ән-күй­лерінен жаз­дың жайлы самалын, жазғы жайлау қызығын, ат тұяғының дүбірін, құс­тардың қиқуын сезінгендей боламыз. Қазақтың жаны жазды ұна­тады. Ал корейлердің  ән  әуезі мен биі­нен, ұлт­тық киімінің айшығынан  шешек атқан  көктем көрініс бергендей болады. Корей ұлттық-мәдени орталығы жанын­дағы  «Му гун хва» хоры мүше­ле­рінің ұлттық көйлектері мен салған әні еш аудармасыз жүректерге жетіп жатады. Әнде, өнерде шекара болмайтыны  рас. Аталарымыз аңсаған Тәуелсіздік Қазақстандағы  барлық ұлт өкілдерінің де өміріне  үлкен өзгеріс әкелді. Корей этносы да өз ұлтының тілінен, ділінен ажырап бара жатқан ұрпақ болатын. Кеңес Одағы кезінде  этнос үшін Кореямен байланыс жасау деген түсінік те болмады. Қазақ­стан Тәуелсіздігін ал­ған­нан кейін-ақ түрлі елдермен қарым-қатынас жасай бастады. Қазақстандық корей этносы үшін Шы­ғыс­тағы Кореяны, атамекендерін көру арманы орындалды. 1994 жылы Қазақстан­нан 30 адам Солтүстік Кореяға барды.  Сол делегацияның ішінде қостанайлық­тар да болды.

– Әрине, уақыттың ұлы өзге­рісінің, Қазақстан Тәуелсіздігінің ар­қасында  та­ри­хи отанымыз – Кореяны көрдік ғой. Ол жақтағы қандаста­рымыздан тіліміз­де де, сыртқы түрі­мізде де айырма­шылық бар екен. Олар боп-боз, арықша келеді, ал біз Қа­зақстаннан барған корейлер бойшаң, ірі әрі  шетімізден толық болдық. «Ата­жұртымыздағы корейлер негізі­нен балық жейді, ал біздің дастар­қанымыздан ет кетпейді, қазақ­тарға ұқсап кеткенбіз» деп күлдік,–дейді Людмила Михайловна.
Ал былтыр Кореяның Қазақстан­дағы жылы болды. Соған орай Қоста­найдағы корей этносы да біршама жұмыстар  жүргізді. Қостанайдың шыбынсыз жазында Кореяның Қазақстан­дағы елшісі Ли Бен Хва, Қазақстан корейлері ассоциациясының президен­ті Роман Ухенович Ким келді. Олар об­лыстағы  тари­хи-мәдени орындарды ара­лап, облыстың мәдени өміріне қа­нықты, Достық үйінде болып, корей этносының жұмысымен танысты. Құр­метті қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов қабылдады. Сонымен қатар, А.Байтұр­сынов атын­дағы Қостанай мемлекеттік универ­ситетінде алдымен  білім орда­сының басшылығымен,  содан кейін корей диаспорасы  өкілдерімен  кездесті. Қазақ, орыс, корей өнерпаздарының  концер­тін тамашалады.
1993 жылдан бастап Қостанайда жексенбілік мектеп ашылып, онда ынта білдіргендерге корей тілі үйре­тіледі. Корей тілінен бірінші рет сабақ берген  мұғалім Виктор Петрович Щегайдың еңбегі күшті болды. Қазір корей жас­тарының да ұлттық тіліне қызығу­шылығы ояна  бастады. Виктор Петровичтен кейінгі  мұғалім­дердің барлығы да  жастар. Бүгінде  тіл үйренушілерге Радмиля Ким дәріс береді. Ол осыдан біраз уақыт бұрын Кореяның Қазақ­стандағы елшілігі жанында ұйымдас­тырылған семинарға қатысып, ұлттық тіл, дәстүр, би туралы мәліметтерге молығып келді. Сонымен қатар. Юлия Нам, Ольга және Алексей Син сияқты жастар корей тілін үйреніп,  өзгелерге тіл үйрететін дәрежеге жетті.
Қостанайлық корейлердің мемле­кет­­тік тілді үйренуде де қадамдары жаман емес. Жексенбілік мектепте сабақтар жүргізіледі. Қазақстандық ко­рейлер ассоциациясы облыстық филиалының төрағасы  Юрий Сергеевич Когай бұл жағын өзі қадағалайды екен.
– Өзіміздің ұлттық тілімізді білу рухани байытса, ал мемлекеттік тіл – достықтың дәнекері, өзіміздің өмір сү­ріп отырған  Отанамызға деген  ба­лала­рымыздың патриотизмін арттырады. Қа­­зақстанның болашағы да  мем­ле­кет­тік тілде екенін білеміз, – дейді Юрий Сергеевич. – Тарихты  білмей, ұлттық дәстүр-салтымызды бойына сіңірмей, жастардың тәрбиесі дұрыс болмақ емес. Біздің корей этномәдени бірлестігінің басты міндеті осы болуы керек.
Юрий Сергеевич қазақ тілінің облыс мектептерінде жақсы дәрежеде жүргі­зіле бастағанына ризалық біл­діреді. Қанша дегенмен, тілді бала кезде, балабақшада, мектепте бала­ның бойына сі­ңірмесе, ересек жаста қиын болатынын  тәжірибе көрсетіп жүр. Орыс мектеп­терінде  мемле­кеттік тілдің оқыты­луына әлде де  маңыз бере түсу керек­тігін де белгілі педагог жоққа шығар­майды. Ал өзі басшылық ететін  Құры­лыс коллед­жінде қазақ тілі пәніне талап күшті. Ол ертеңгі маман мемлекеттік тілді білуі керек деп санайды.
– Жастарға тарихты білу керек. Осы орайда «Жерұйық» фильмін корей­лердің кәрі-жасы бірдей жылап отырып көрді. Міне, достықтың тамырын тарих жасайды деп түсінемін мен. Қазақстан – біздің тағдырымыз, тамырымыз бай­ланған жер. Сон­дық­тан Қазақстанның гүлденуіне, елдің амандығына, тыныш­тығына  бәріміз бірдей атсалысуымыз керек. Балаларды осыған тәрбие­лейміз, – дейді Людмила Нам.
Людмила Михайловнаның айтуынша, өмірдің заңымен  аға ұрпақ өкіл­дерінің қатары тым сиреп кеткен. Корей тілінің мәйегін бүгінге алып жеткен де солар болатын.  Ата-мен әженің тәрбие­сін көріп қалған  орта жастан асқан кісілер әлі де тілді шамалап біледі. Ал кейінгі ұрпақтың тілден де, дәстүрден де хабары аз.
– Қазір жастардың үйлену тойында,  жаназада корейлердің салтын ұс­тауға тырысамыз. Бір қызығы,  біздің салтымыз қазақтарға тым ұқсас еке­нін айттым ғой. Мысалы, келін түсір­генде біз де құдаларды шақы­рамыз. Сонда  құда­лар есіктің алдына келіп, үйге кірмей тұрып алады. Неше түрлі «шарттар» қояды. Соны келін алған жақ «орындаса» ғана  екі жақ «келі­сіп» үйге кіреді. Ал қазақтарда құда­ларға  «арқан керу» деген салт бар екенін көріп жүрміз. Жас­тардың тойы тарқағаннан кейін туған-туыс қалып, келін пісірген бот­қаның дәмін татады. Қазақтар келінді құйған шәйіне қарап «сынамай ма»? Бұл да соған ұқсас салт қой, – деп әңгімелейді Людмила Михайловна.
Салт-дәстүр – тәрбие бұлағы. Оның барлығы да тіл ұмытылмаса өз шырайын береді.  Қазақстандағы корейлер қа­зір  тілін дамытуға, дәстүрін сақтауға толық мүмкіндік алып отыр.
Қазақстан жалғыз корейлер үшін ғана емес, осы елдің суын ішіп, нанын жеген барлық ұлт пен ұлыс үшін жер­ұйық десе – жерұйық жер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бі­рін­­ші байлық – елдің тыныштығы, қазақ­стандықтардың ынтымағы. Қа­зір Достық үйінде  Қостанайда тұра­тын ұлыстардың әрқайсысына арнал­ған кабинеттер бар. Олар мерекелерде  бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қызықты бірге тойлайды. Жаздыгүні  татарлардың сабантуйында корейлер де, армяндар да, өзбек пен тәжік те, түркімендер де жүреді. Ал корейлердің жаңа жылын атағанда басқа ұлыстар қонақ ретінде келеді. Армяндардың  «ана күні» мереке­сінде, немістердің рождествосында да солай, барлығы  бірге тойлайды.
– Жақында қырғыздар келіп, этномәдени бірлестігін тіркетіпті деп естіп жатырмын. Енді оларды да қатарымызға қосамыз, қырғыз­дар­дың салт-дәстүрін тамашалаймыз. Осы­ның барлығы да бізге қызық, – дейді Людмила Нам. Қостанайдағы  корейлер тек қоғамдық жұмыстарда ғана емес,  күнделікті өмірде де достыққа  аса мән береді. Күнделікті өмірде қазақ пен корейдің, басқа ұлт өкіл­дерінің достығына мыңдап мысал кел­тіруге болады. Туған жердің гүл­денуіне үлесін қосып, айналасына үлгі болып жүрген  замандастар да баршылық. Көптеген жылдар  облыс­тық партия-кеңес қызметінде істеп, ал  тәуелсіздік алғаннан кейін облыс әкімінің орынбасары болып, шаруа­шылықты  ұйымдастыруда  көп еңбек атқарған Виктор Арсентьевич Ким облыстағы ардақты ақсақалдардың бірі. Ал  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік  универси­теті­нің проректоры Наталья Кимнің есімі де  құрметпен аталады. Қазақстан корейлері ассоциациясы Қостанай филиалының төрағасы  Юрий Когай өңірдегі білім беру саласының көр­некті өкілі, нағыз педагог кісі. Мұндай тізімді  бүгінгі өмірдің әр саласынан жалғастыра беруге болады.
Корейлер тыныш таңда бүр атқан гүлді, оның ұзақ гүлдеп тұруын бақытты өмірдің  бейнесі деп түсі­неді. Ал ондай  гүлдің мекені – Қазақстан!
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
Қостанай.