11 Қаңтар, 2012

Еліміздегі тұңғыш достық үйі жиырмадан астам этностың басын қосып, татулық пен достыққа ұйытып отыр

650 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Еліміздегі тұңғыш достық үйі жиырмадан астам этностың басын қосып, татулық пен достыққа ұйытып отыр

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 8:32

Шығыс Қазақстан облысы әкім­дігі мәдениет басқармасының облыстық Достық үйі коммунал­дық мемлекеттік қазыналық кә­сіпорны жайлы тұрғындар арасында жақсы пікір қалыптасқан. Аманшылық болса, қанатын кең­ге жайған Достық үйі үстіміз­дегі жылдың қарашасында құ­рыл­ғанының 20 жылдығын атап өтпек. Облыстық мәдениет бас­қар­масының бастығы, бұл қыз­мет­ке кіріскеніне көп уақыт болмаса да, шырайлы шығыста мәдениет пен өнердің өркен жаюына үлкен үлес қосып келе жатқан Жақсылық Омар былай деп ағынан жарылады:

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 8:32

Шығыс Қазақстан облысы әкім­дігі мәдениет басқармасының облыстық Достық үйі коммунал­дық мемлекеттік қазыналық кә­сіпорны жайлы тұрғындар арасында жақсы пікір қалыптасқан. Аманшылық болса, қанатын кең­ге жайған Достық үйі үстіміз­дегі жылдың қарашасында құ­рыл­ғанының 20 жылдығын атап өтпек. Облыстық мәдениет бас­қар­масының бастығы, бұл қыз­мет­ке кіріскеніне көп уақыт болмаса да, шырайлы шығыста мәдениет пен өнердің өркен жаюына үлкен үлес қосып келе жатқан Жақсылық Омар былай деп ағынан жарылады: 

– Қазақ жері кең байтақ, көңілі дарқан, талай тар жол, тайғақ кешулерде тығырықтан шығып қана қоймай, небір қилы заманда шеттен келген басқа ұлт өкілдерін жатсынбай қарсы алып, бауырына басты, төрін беріп, бір жапырақ нанын бөліп жеді. 1995 жылы түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, татулық пен бейбітшіліктің елімізде салтанат құруын мақсат тұтқан Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру жөнінде бас­тама көтеріп, ол жүзеге асты. Өскемендегі Дос­тық үйі 1992 жылы құрылды. 1995 жылы Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Достық үйі облыс әкімі өкімі негізінде құрылып, заңды тұлға деп танылды. Достық үйінің салтанатты ашылуына Елбасы Н.Назарбаев арнайы келіп қатысып, ақжарма тілегін айтты, шырайлы шығыстан бастау алған құнды тәжірибені елі­міз­дің барлық облыстарының қолдауы қажет екеніне тоқталды. Сонымен, Кенді Алтайдың тәжірибесін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімші­лігі зерттеп, барлық өңірге таратты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Достық үйіне үнемі қамқор­лық жасап тұрады, еліміздегі тұңғыш құрылған этноауылдың авторы да өңір басшысы.

Қаланың көрікті жерінен орын алған Достық үйіне келдік. Екі қабатты, ежелгі архитектурамен көз тартатындай етіп әдемі салынған мекемені Эль­дар Төлеубеков басқарады. Этномәдени бір­лес­тіктердің көркемдік жетекшісі – Оксана Доценко. Әдіскерлік бөлімнің меңгерушісі Айбарша Жұмаділова атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Достық үйінің қызметкерлері өз міндеттері мен істерін ұқыптылықпен атқарып жатқаны байқалады.
– Кеңес өкіметі кезіндегі бір тілді, бір дінді боламыз деген солақай идеология салдарынан қаншама ұлт өкілі өз тілінен, мәдениетінен ажырап қала жаздады, оның ішінде қазақтар да бар. Ал тәуелсіз Қазақстан әр этностың баласы өз ана тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын ұмыт­па­сын деген мақсатты алға қойып, республика бойынша біртіндеп достық үйлері ашыла бастады. Бүгінгі таңда өзіміздің Шығыс Қазақстан облысында 8 Достық үйі бар, онда 82 этномәдени бірлестік жұмыс жасап жатыр, – деп Айбарша Жұмаділова біраз жайдан хабардар етті.
Облыстық Достық үйінің мақсаты – ұлтара­лық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлттар мә­де­ниетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаңғырту, мә­дени мұраны сақтау және Қазақстан жастарын пат­риоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы тари­хи-мәдени мұраны зерттеп, қалпына келтіреді, осында тұратын этностар туралы тарихи-биб­лио­графиялық материалдар басып шығарады. Халық шығармашылығын, этномәдени салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды насихаттап, сақтайды. Олар­ды әлеуметтік-экономикалық және қазіргі тарихи жағдайға бейімдеу де басты назарда. Бұған қоса қызмет істейтін этномәдени бірлестіктерге ана тілін оқыту жұмыстарын ұйымдастыруға, ұлт­тық музыкалық, көркем шығармашылық, қол­данбалы өнер ұжымдары қызметіне тәжірибелік көмек көрсетеді, олардың қызметі үшін қажетті жағдай жасайды және этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда Достық үйінде 12 этномәдени бір­лестік және 9 қоғамдық бірлестік, Шығыс Қа­зақстан облыстық Қазақстан халқы Ассам­блея­сының жастар қанаты мен ғылыми-сараптамалық кеңесі жұмыс істеуде. 2010 жылы «Алтын арқау» және оралман жастардан құралған «Бірлік» қо­ғам­дық бірлестіктері құрылды. Бүгінде этномә­де­ни бірлестіктер облыста өтетін көптеген қоғам­дық маңызды және мәдени шаралардың ұйыт­қысы болып отыр. Сонымен бірге, этномәдени бірлестіктердің жанынан құрылған 20 шығар­ма­шылық ұжым бар, оның 8-і «Халық ұжымы» және бір ұжым «Үлгілі» атағына ие. Олар Достық үйіндегі және облысымыздағы мәдени шараларға белсене қатысады.
Достық үйі жұмысының ауқымы жыл сайын кеңейе түсуде, мұнда әртүрлі тақырыпта ғы­лыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, байқаулар, кездесулер, фестивальдер, атап айт­сақ, «Орыс өнері», «Казачье сторонушка», «Жы­рау­лар» фестивальдері дәстүрлі өткізілуде, былтыр алғаш рет «Күмбірле, домбыра, ойна, сырнай» фестивалі өтті. Жақында ғана облыстық Қазақ­стан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы өтсе, жуырда «Халықаралық келісім және толлерант­тылық – тұрақтылық негізі» атты халықаралық симпозиум ұйымдастырылды. Сонымен қатар, халық мерекелері: «Наурыз», «Масленица», «Ханука», «Рош-а-на», «Сабантуй», «Астық мереке­сі», діни мерекелер – «Құрбан айт», «Рождество», «Пасха», «Вардавар» және мемлекеттік мерекелер жыл сайын Достық үйінде тойланады.
Этномәдени бірлестіктер тарихи отандарымен де байланыс жасап тұрады. Достық үйінде поляк, беларусь, армян мемлекеттерінің елшілері өз диас­пораларымен кездесіп, Достық үйінің өмірімен танысып қайтты. Достық үйі жылдық жоспар бойынша және жоспардан тыс 70-тен аса үлкенді-кішілі іс-шаралар өткізіпті. Достық үйінде ай сайын «Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтжан­ды­лықты, азаматтықты тәрбиелеу» деген тақы­рыптарда жоғары оқу орындарының аға оқы­ту­шы­лары дәріс оқиды. Достық үйі құрылған 19 жыл­дан астам уақыт ішінде жақсы дәстүрлер қа­лыптасып, жұ­мыс ауқымы кеңейе түсті. Достық үйінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы ай сайын шығарылатын мекеменің жеке басылымы – «Ассамблея жаршысы» газетінде кеңінен жарияланады. Достық үйі қызметкерлері облыста тұ­ратын этностар жайлы тарихи-библиографиялық материалдар басып шы­ғарып келсе, осы уақытқа дейін Шығыс Қазақ­стандағы беларусьтар, орыстар, поляктар, еврейлер, татарлар, туралы кітап­тар жарық көрді. Өткізіліп жатқан ғылыми-практикалық конфе­рен­циялардың материалдары да жинақ болып немесе әдістемелік құралдар ретінде басылды.
Өткен жылдың жаз айларында облыстық Дос­тық үйінің этномәдени бірлестіктері этноауылда мәдени күндерін өткізді. Этноауылға келген қала халқы мен қонақтары Шығыс Қазақстан жерінде тұратын этностардың салт-дәстүрімен және ән-жырымен кеңінен танысты. Осы атқарыл­ған жұмыстарды қорытындылай келе «Бір шаңырақ астында» атты журнал жарыққа шығып, Достық үйінде тұсаукесері өткізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы өткен Қа­зақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзінде: «Осыдан 15 жыл бұрын іргесі қаланған Ассамблея өркениетті әлемге өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді. Қоғамдық келісім­нің кепілі болған Ассамблея еліміздегі тұтастық­тың тұтқасына, бірліктің діңгегіне, достықтың дәнекеріне айналды. Еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың берекелі бекетіне айналуына Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен үлес қосып келеді», деген болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессия­сында қойылған жаңа міндеттерді облыстық Дос­тық үйі жүзеге асыру бойынша жұмыс атқ­а­руда. Осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет Достық үйі Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қа­ла­сында ашылса, 2010 жылы Қазақстан бойынша ал­ғаш рет этноауыл Өскемен қаласында бой кө­тер­ді. 19 үй әр халықтың тұрмыстық дәстүрі бойынша жабдықталған.
Сөз реті келгенде айта кету керек, былтыр «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдер» қоғамдық бірлестігіне де 20 жыл толды. Оны «Өскемен қа­ла­сының құрметті азаматы» Г. Етекбаева іскер­лік­пен басқаруда. «Алтын арқау» қоғамдық бір­лес­тігін Сағынбек Ақанов басқарады. Ал ақсақалдар алқа­сы жанынан құрылған «Ата мұра» ансамблі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап 20 концерт берді. Оны жақында ғана «Құрмет» орде­ні­мен ма­рапатталған Фрунзе Жақсылықов басқарады.
Адам жанын ізгілікке бөлей­тін, әр ұлт өкіл­дерін татулық пен бейбітшілікке үндейтін Достық үйіндегі өнеге тұтарлық істер алдағы уақытта да көңілдерге шуақ құя бермек.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.