Қазақстан • 11 Ақпан, 2019

Елбасының ұстазы өмірден озды

488 реткөрсетілді

Бүгін Президенттің ұстазы, Барыс және Парасат ордендерінің иегері Сейітхан Ахметұлы Исаев дүниеден озды. Бұл туралы kaskelen.kz сайты хабарлады.

Ол Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих пәнінің ардагер мұғалімі еді. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Білім саласының құрметті қызметкері болған.

С.Исаев Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы №9 ауылында дүниеге келген.

1941 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1941 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығындағы Есік қазақ орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беруден бастаған.

1942 жылы армия қатарына шақырылып, Орлов әскери училищесіне оқуға жіберіледі. Қысқа мерзімді училищені лейтенат әскери атағымен бітіріп, Ашхабадтағы №18 мергендер мектебінде взвод командирі болып қызмет істеп, 1943 жылы соғыс майданына аттанады. 2-Украин майданында 41-гвардия дивизиясының 24-полкі бірінші батальонының құрамында соғыста болады. Днепр шайқасы мен Корсунь – Шевченконы қоршау және оны босату шайқасына қатысып, ерліктер көрсетеді. Соғыста екі рет жараланып, соңғы ауыр жарадан армия қатарына жарамсыз мүгедек ретінде еліне оралады.

Соғыстан келген соң педагогикалық жұмысына кірісіп кетеді. Алматы облысы Қарасай ауданы Есік орта мектебінде мұғалімдік, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, директоры болып қызмет атқарды.

1948 жылы Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, бірнеше жыл сонда қызмет атқарып, кейін ауданда жаңадан ашылған Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейіне ғылыми қызметкер болып ауысады.

1999 жылы құрметті демалысқа шықты. Одан кейін аудандағы ардагерлер кеңесін басқарды. Өмірінің соңына дейін Қаскелең қаласында тұрды. Ол бірнеше кітаптың авторы. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Оңды қыз Ольга

Аймақтар • Кеше

Ақшағылдың Ерболы

Аймақтар • Кеше

Қолбасшы

Саясат • Кеше

Сабақтастықтың жүз күні

Президент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар