15 Ақпан, 2012

Қазақстан армиясы шетел сарапшысының назарында

264 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан армиясы шетел сарапшысының назарында

Сәрсенбі, 15 ақпан 2012 7:45

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрбір мемлекет экономикалық, саяси және әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана нағыз егеменді ел болып саналатындығы жөніндегі ойын дәл әрі анық айтты.

Кез келген елдің армиясы, қарулы күштері тәуелсіздікті, мемлекеттілікті және конституциялық құрылымды қорғаудағы негізгі тірек болып табылады. Қазақстан армиясы – Тәуелсіздіктің құрдасы және өз елімен бірге қиын­шы­лықтардан өтіп, даму жолында маңызды нәтижелер мен жоғары көрсеткіштерге жеткендігін шетелдік мамандар да бағалады.

Сыртқы саясат мәселелері жө­нін­дегі жетекші АҚШ сарапшы­ларының бірі Стивен Сестанович (Ресей мен бұрынғы КСРО елдері мәселелеріне машықтанған маман) Қазақстан армиясының келешегі жөнінде өз ойын айтты. Оның пікірінше, қауіпсіздік саласындағы «көп векторлы» саясат арқасында Қазақстан аса қуатты әрі қауқарлы қарулы күштері бар елге айналады.

«Қазақстан Қарулы Күштері толығымен Кеңес Одағынан қалған мұрадан қалыптасты. Ал келешекте ол өз сипатын өзгертеді. Бұл – «көп векторлы» жол болмақ. Қа­зақ­стан бұл жолға біртіндеп аса ше­берлікпен жетеді. Менің бол­жамым бойынша, 20 жылдан кейін, сіздерде айтарлықтай көлемі өскен, жаңа серіктестерді қамтыған, ерекше көріністегі қорғаныс құрылымы болады», – деді америкалық са­рапшы жуықта Вашингтонда бол­ған халықаралық конференцияда.

Сондай-ақ былай деді: «Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанның әс­ке­­ри бюджеті де жоғары қарқын­мен өсуде. Осы жәйт конференцияларда көп айтылмайды, алайда бұл өте маңызды болып табылады».

Сарапшының сөзіне қарағанда, соңғы 20 жыл көлемінде Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігін нығай­ту кезінде қауіпсіздік мәселелерін шешуде «төтенше шеберлікпен» аса үлкен жетістіктерге жетті. Со­ны­мен бірге, ол келешекте Қа­зақ­стан әскери мәселеде де айтар­лық­тай дербестікке қол жеткізе ала­тындығын жасырмайды. Шамасы, осы себепті Қазақстан бір жарым жыл бұрын Оңтүстік Корея, Израиль, АҚШ, Үндістан, Ресей және Қытай компанияларының қаты­суы­мен бірінші қорғаныс өнеркәсі­бінің көрмесін өткізгендігін де сарапшы еске салды.

Келер ұрпақ өмірінде Қазақ­стан жоғары технологиялы техни­каны аталған елдерден абайлап сатып алады және ол оған кірісті де, соның ішінде электрониканы Оңтүстік Корея мен Израильден алады, – деп қосты ол.

Сестанович еске салған Қазақ­стандағы қорғаныс өнеркәсібінің көрмесі – бұл «KADEX-2010» бірінші халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі. Ол Астанада 2010 жылғы 26-29 мамырда өтті және оған әлемнің 20 елінен 200-ден аса компания қатысты.

Биыл мамыр айында Қазақстан «KADEX-2012» екінші халықара­лық қару-жарақ және әскери-тех­никалық мүлік көрмесін өткізеді.

Жүніс ОМАР, ҚР ҚМ баспасөз қызметінің өкілі.