07 Наурыз, 2012

Мейірім шуағы

261 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мейірім шуағы

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:25

 37 баланы әкелік құшағына, аналық мейіріміне алған

 ерлі-зайыптылардың басыбайлы баспанасы жоқ дегенге кім сенеді?

«Корольковтар асырауына тағы да бала алыпты. Бөбекжай да ашқан көрінеді» деген хабар құлаққа тиісімен жеткенше асық­­тық. Облыс орталығынан шетке­рілеу орналасқан шағын аудан ел аузында «Мещан орманы» ата­лып кеткен. Ақ қайыңы мен қарағайы таласа өсіп, жұртшы­лықтың демалыс орнына таптырмайтын жер. Кейін осы ма­ңайға жапа-тармағай жекемен­шік үйлер салына бастаған.

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:25

 37 баланы әкелік құшағына, аналық мейіріміне алған

 ерлі-зайыптылардың басыбайлы баспанасы жоқ дегенге кім сенеді?

«Корольковтар асырауына тағы да бала алыпты. Бөбекжай да ашқан көрінеді» деген хабар құлаққа тиісімен жеткенше асық­­тық. Облыс орталығынан шетке­рілеу орналасқан шағын аудан ел аузында «Мещан орманы» ата­лып кеткен. Ақ қайыңы мен қарағайы таласа өсіп, жұртшы­лықтың демалыс орнына таптырмайтын жер. Кейін осы ма­ңайға жапа-тармағай жекемен­шік үйлер салына бастаған. Со­лардың арасынан Корольковтар­дың отбасылық үлгідегі балалар үйі анадайдан көзге шалынар еді. Сәулетті де еңселі екі қа­бат­ты коттедждің бой көтергеніне ширек ғасырға жуық уақыт бол­ған. Ол кезде үш ұл-қыз тәрбие­леп отырған Анатолий Геннадьевич зауытта, Тамара Ивановна мек­тепте жұмыс істейтін. Жас­тары әлі 40-қа жете қоймаған нағыз қылшылдаған кезі-тін. Ерлі-зайыптылар ата-ананың қам­қорлығынсыз қалған жәутең­көз сәбилерді асырап алуға көп­тен бері ниет етіп жүретін. Олар­дың бұл ойлары жайлы кей­біреулер әртүрлі долбар айт­қанымен, екінің бірі тәуекел ете бермейтін игі іске жүрек қа­­лауы­мен, жан жылуымен он ойланып, жүз толғанып барғаны даусыз еді. Бірде орталық теледидардан жетім балаларды бауырына басқан ленинградтық отба­сыға қатысты ұйымдасты­рыл­ған телемарафонды көрген­нен кейін екеуі батыл шешімге біржола табан тіреген. Ертеңіне салып ұрып балалар қорының директоры Адольф Пенчукке келген. Шенеунік бірден елп ете қой­мады. Салқынқандылықпен тың­дап, «көрермізбен» шығарып сал­ған. Күдер үзілді-ау деген шақта Адольф Николаевич өзіне шұғыл шақыртқан. Орнынан тұ­рып, жылы қабақпен қарсы ал­ған ол бастаманың облыс бас­шы­лығы тарапынан қолдау тап­қанын, Петропавл қалалық ат­қ­а­ру комитеті отбасылық үлгідегі балалар үйін құру туралы ше­шім шығарғанын айта келіп, әзір­ге үш бөлмелі пәтерлеріңді амалдай тұрыңдар. Қалғанын көре жатармыз, деген.

1990 жылы көктемге салым шаңырақ құлдыраң қаққан сә­би­лердің шат күлкісіне тола бастады. Босағаны алдымен Сережа, Вадик, Даша аттады. Одан кейін қатарға Таня, Алена, Валера, Крис­тина қосылды. Ерлі-зайып­тылардың табанды жауапкер­ші­лігі мен биік мақсаткерлігіне би­ліктің де көзі жеткен болу керек, 3 және 5 бөлмелі жайлы қос пә­терді сыйға тартты. Оған дейін ала жаз бойы саяжайда тұрып, балаларды еңбекке төселдірді, жаңа ортаға үйретті. Араларында психикалық даму жағынан кенжелеп қалғандары да, дім­кәстікке шалдыққандары да болды. Бәріне де аналық мейірімін төгіп, жан жылуын дарыта біл­ді. Корольковтардың ізімен об­­лыс­та осындай үлгідегі бес отбасы құрылған. Алайда, бәрі де түрлі себептермен тарап тын­ған. Анатолий мен Тамара болса ауырт­палықты қара нардай қайыспай көтеріп келеді. Қиын кезде қол ұшын беріп, қарай­лас­қан азаматтарды әркез жы­лылықпен еске алып отырады. Әсіресе, «Еуразия» ет-консерві комбинатының директоры Николай Яковлевке деген алғыс­тары шексіз. Осы бір абзал жан 1994 жылғы эконо­ми­калық қи­ындыққа қарамастан шын пейі­лімен хан сарайындай екі қа­батты коттедж салып бер­ді. Корольковтар жақсылықтың қай­та­рымы ретінде асырауын­дағы балалардың санын 17-ге жет­кіз­ді. Олардың алды бүгінде үй­леніп, тұрмыс құрған, өмір­ден өз орындарын тапқан. Ал­ған білімдері мен мамандық­та­рына сай жемісті еңбек етіп жүр.

…Тамара Ивановна бізді қа­шанғы жайдары қалпымен қар­сы алды. Әр сауалымызға ыжда­ғаттылықпен жауап берді.

– Балалар үйі жұмыс істе­ген­нен бері 37 сәбиді бауырымызға алыппыз. Қазір тәрбиемізде 9 ба­ла бар. Володя мен Виталий Борки кәсіптік-педагогикалық кол­леджінде автомеханик және электрик мамандығына машық­та­нып жүр. Викамыз болашақ ті­гін­ші. № 5 кәсіптік лицейде оқи­ды. Қалғандары – мектеп оқу­шы­лары. Мына ағалы-інілі Олег пен Қостяның қалай келгенін айтайын. Бірде жетім балалар үйіне бара қалдым. Екеуі егіз қозыдай сүп-сүйкімді болып жүр екен. Мені көре салысымен «мамалап» қыр соңымнан қал­май қойды. Құдай аузына салып тұрған шығар деп асырап алдық. Жуырда шаңырағымыз Даша және Заринамен толықты. Нағыз қолқанаттарым – осылар. Тәр­тіп­­тері де, оқу үлгерімдері де жақсы. Үйдің шаруасын қыздар атқарады. Түздегі жұмыс Анатолий мен ұлдардың мойнында. Түрлі үйірмелерге зор ынтамен қатысып, спортпен шұғылда­ну­ларына да ризамын.

Үйдің маңайын аралап шық­тық. Тап-тұйнақтай ретке келті­рілген. 40 сотық жерге көкөніс­тің оннан астам түрі егіледі екен. 200 шаршы метр жерге жы­лыжай орналасқан. Демек, дастарқаннан аса бай дәру­мен­дер қысы-жазы үзілмейді деген сөз. Тек биылдың өзінде 2000 банкі саңырауқұлақ пен тосап әзірленіпті. Балалар үйі жанында 25 орынға лайықталған «Кроха» атты жеке меншік бөбекжай-балабақша жұмыс істейді. Бас­тапқыда жергілікті билік орындарымен әлеуметтік әріптестік қарым-қатынас орнату арқылы істі ілгерілету ойластырыл­ғаны­мен, кейін ол пиғылынан айны­ған. Неге десеңіз, мемлекеттік сатып алуда кемшін тұстар көп. Мәселен, тендерді көбіне тө­менгі баға белгілеген тарап ұтып алып жүр. Соған орай ұсынатын өнімдері де сапасыз. Осы жайды ой елегінен өткізе келіп азық-түлік өнімдерімен өзіміз қамта­масыз етейік деген тоқтамға кел­дік, дейді Тамара Ивановна. Мұн­да бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалғаны бай­қа­лады. Осы жерде бөбекжай егесі бір проблеманың ұшын шығар­ды. Ол коттеджге қатысты болып шықты. Жоғарыда айтқаны­мыздай, үйді ет комбинаты салып бергенімен, банкротқа ұшы­рағаннан кейін иесіз қалғанға ұқсайды. Не үй иелерінің, не ком­муналдық меншікке алынба­ған­дықтан, үйдің жанынан қо­сымша ғимараттар тұрғызуға, құрылыстар салуға құқылары жоқ көрінеді. Әйтпесе, бөбек­жай­ды 70-80 орынға дейін ұлғай­ту жоспарын ойластырып қойыпты. Балалар үйін кеңей­ту­г­е де мүмкіндік туары сөзсіз.

Әңгіменің тоқетері сол, ширек ғасырға жуық асырауына ал­ған 37 жетім баланың әрқай­сы­сын оқытып, білім беріп, үл­кен өмір жолына аттандырып келе жатқан Корольковтардың әлі күнге дейін басыбайлы бас­панасы жоқ! Ақиқаты осы! Бол­ған. Коттедждің өтеуі ретін­де қала­лық әкімдікке өткізген. Ен­ді ша­ңырақсыз қалып отыр­ған жайлары бар. Балалар үйін же­ке­ше­лен­діріп берсе, ешкім «жә» демес еді. Ұзақ жылғы мазасыз да тынымсыз бейнеттің өтеуі ре­тінде. Қаланың жаңа әкімі мұ­ны өзіне жүктелген бір аманаттай көрсе деген тілек айт­қы­мыз келеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

Солтүстік Қазақстан облысы.