14 Наурыз, 2012

Ерліктің ескірмейтін ескерткіші

492 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Ерліктің ескірмейтін ескерткіші

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:42

Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойын атап өт­­кен 2011 жылдың аяғында еліміздің жастарын пат­ри­от­тық рухта тәрбиелеу, отаншылдық, елдік си­пат­тағы қасиеттерімізді жария ету, халқымыз­дың жүріп өткен ұлан-ғайыр тари­­хындағы қаһар­ман­дық істерін жаппай таныту, дәріптеу, мақтан ету бағытын мақсат етіп, елдік пен ерліктің өш­пес ескерткішіндей бол­ған бір ерен еңбек жарық көрді. Ол – «Қазақ энциклопедиясы» шаңырағында терілген, 900 беттен тұратын,

Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:42

Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойын атап өт­­кен 2011 жылдың аяғында еліміздің жастарын пат­ри­от­тық рухта тәрбиелеу, отаншылдық, елдік си­пат­тағы қасиеттерімізді жария ету, халқымыз­дың жүріп өткен ұлан-ғайыр тари­­хындағы қаһар­ман­дық істерін жаппай таныту, дәріптеу, мақтан ету бағытын мақсат етіп, елдік пен ерліктің өш­пес ескерткішіндей бол­ған бір ерен еңбек жарық көрді. Ол – «Қазақ энциклопедиясы» шаңырағында терілген, 900 беттен тұратын, 5 мың данамен жарық көрген «Айбын» энциклопедиясы. Бұл жобаның авторы запастағы полковник, ізденгіш, көп қырлы зерттеуші, бірнеше кітаптардың иесі, патриот азамат Сағидолла Көшімбаев. Ол өзінің аталмыш бағытта 20 жылға жуық уақыт бойы талмай ізденуінің арқасында тірнектеп жинаған дүниелерін осындай атаумен жарыққа шығарып отыр. Ғылыми кеңесшілері: генералдар Б.Ертаев пен А.Тасболатов және полковник, әскери ғылымдар докторы К.Серікбаев.

Біз еліміз тарихының ерлік беттерін айшықтаған «Айбын» энциклопедиясын оның алғашқы оқушыларының бірегейі, Халық Қаһарманы, халқымыздың айтулы азаматы, армия генералы, сенатор Мұхтар АЛТЫНБАЕВҚА жолығып, осы еңбек туралы пікірін білмек болып, бірнеше сұрақтар қойған едік.

– «Айбын» – әскери энциклопедия болғандықтан алдымен өзіңіздің пікірі­ңіз­ді білгіміз келді. Осы еңбектен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіз деп едік…

– Өте үлкен еңбек сіңірілген алып кітап екен. Бірақ өзі де, ішінде қамтылған толып жатқан деректер де білмекке ұмтылған еш­бір жанды жалықтырмас деп ойлаймын. Өз басым үлкен қызығушылықпен, түгел танысып шықтым. Алған әсерім орасан зор. Жүздеген жаңа есімдер мен еліміздің тарихында болған талай мыңдаған жауынгерлік, ерлік оқиғалармен таныстым. Соның іш­ін­де халқымыздың Кеңес Одағына дейінгі тарихындағы ерек оқиғалар мен ерен есім­­­дердің бір парасын өзім үшін жаңадан аштым десем, артық емес. Өйткені, бізге олар­­­дың көбін оқытпай, Кеңес Одағы жылдарында тек Ресейдің тарихын, соның жауын­­­герлік ерлік беттерін ғана дәріптеп келді ғой. Қазақтың көптеген ерлік, елдік тарихтары туралы әңгіме бола қалса, ондағылар кертартпа, ескі қоғамды аңсаушылар, Қа­­­зақ еліне прогресс тек қана Ресейге қосыл­­ғандығының арқасында ғана келді деген секілді идеологиялық ұстаным аузымызды ашырмай тастайтын. Ал тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өз бостандығы мен же­­рінің азаттығын қорғау жолында ғажа­­йып ерліктер жасағандарын білдік. Бірақ сол оқи­ғалардың тарихын, қашан, қалай, нақты қай жерде болғанын біле бермейтінбіз. Енді мына энциклопедиядан олар туралы ғылы­ми, әскери тұрғыда ықшамдалған, нақты түсініктер алуға болады екен. Құрып кетуге шақ қалған ХVIII ғасырдағы халқының бас­­тан кешкен оқиғаларынан да қызықты деректер таптым. Соның ішінде алғашқы әдет-ғұрып заңдары жинақталған «Жеті Жар­­­ғы», Ұлы және Орта жүздерде «Ақта­­­­бан шұбы­­­­рынды – Алқакөл сұлама» атты қанды оқи­­­ғаның Кіші жүзде «Сауран ай­­­налған» атал­­­ғаны, Моңғолияда тұратын Абақ Керей­­­­­­­лер­­­­дің қазақтың дәстүрлі және Ислам діні әдет-ғұрпына сай жасалған ере­­желері, шет­­­­ел­дегі Оспан мен Зуқа батырлар сияқты ер­­­лері­­­­міз­­­­дің көтерілістері, т.с.с. өзім үшін жүздеген жаңа жаңалықтарды таптым. Ке­­­ңес Одағы жылдарындағы «Қа­­­­рақол көтері­­­лі­­сі», «Қор­­­дай көтерілісі» сияқты қалың көп­­шілік біле бермейтін оқиғалар да қамтылған екен.

Бұл энциклопедияның тағы бір ерек­­шелігі – оған тек әскери адамдарға, жауын­­­герлік оқиғаларға ғана байланып қалмай, Қазақ елін, жерін үлкен айтыс-тартыстарда, орталық өкіметтің кеңестерінде ұрда-жық шешімдерге қарсы шығып қорғаған ерлер, мемлекет қайраткерлерінің есімдері де ен­гі­зіліпті. Мәселен, Әлімхан Ермеков, Жұма­бек Тәшенов және т.б. тұлғалар сондай мақсатпен енгізілгені көрініп тұр. Сондай-ақ халықты ерлікке, жастарды ержүректі­­лікке үндейтін шығармалар, намысын қай­рап, жігерін тасытқан өткір үндеулер ту­дыр­ған, шешен кесімдер айтқан билер, жыраулар мен жыршылар, күйшілер, ақын-жазушылар да ұмыт қалмаған. Мәселен, Асан Қайғы, Кетбұға сияқты шешендер, Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір сияқты күй­­­ші­лер, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты билер, Махамбет сияқты ақындар­дан бастап патриоттық шығармалары ха­­лық­­тың аузынан түспейтін осы күнгі ақын-жазушылар мен сазгерлерге дейін бар. Бас­­­қыншы жаулардың шапқынынан ел бү­­тін­дігін қорғауды ұйымдастырған хандар, батырлар, қолбасшылар есімдері де түгел енгізілген. Сондай-ақ кеңестік және тәуел­сіз Қазақстанда ірі әскери лауазым атқар­ған­дар, соның ішінде генерал атағын алған­­дар түгел қамтылған. Ұлы Отан соғысының қаһармандары да кеңінен орын алған. Сөй­тіп бұл еңбек, өзінің негізгі мақсаты – пат­риоттық сезім тудыратын үлгілерді халыққа барынша молынан танытуда озық әдістерге қол жеткізген.

– Елбасының еліміздің алдына қойып отырған міндеттерінің қатарында патри­оттық тәрбиенің де айрықша орын алып отырғаны белгілі. Мына еңбек сол та­лап­­­тың үдесінен шыға ала ма?

– Әрине. 2007 жылғы 21 наурызда Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің Жар­лы­ғымен еліміздің жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын. Онда негізінен мем­лекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери текетірестер мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылым­дар­ды дамыту мен қолдауға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесі көрсетілген. Сонымен бір­ге онда Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­­масы негізінде идеологиялық жұ­­мыс­ты жандандыру керектігі атап айтылды. Осы істі жан-жақты жүргізуді жалғас­ты­рып, оның тиімділігін арттыруда мына «Ай­бын» әскери энциклопедиясы өзінің үлкен рөлін атқарар деген үміттемін. Айта кетерлігі, осыдан біраз жылдар бұрын орыс тілінде 2 томдық «Сарбаз» атты әскери энциклопедия да жа­рық көрген еді. Бірақ онда қазақ халқының өз төл тарихына тән оқиғалар аталмай, тек кеңестік дәуір мен тәуелсіздік жылдары ғана қамтылған болатын. Сондықтан да «Айбын» әскери энциклопедиясын ана тілімізде тұң­­­ғыш рет шық­қан қазақ халқының барлық кезеңде бастан кешкен әскери оқиғалары мен ел қорғаған хан, батыр, билерінен бас­тап, мемлекет қайрат­­­­кер­лері, ақын-жырау­­ларын қоса қамтыған ұлан­-ғайыр еңбек деп бағалауымызға болады.

Барлық мемлекеттерде де айтулы оқиға­лар мен ардақты тұлғалардың өмірінен қысқа да нұсқа ғылыми, нақты деректер беретін энциклопедия жасауға үлкен көңіл бөлінеді. Жауапкершілігі өте ауыр осындай еңбекпен арнаулы ғылыми мекемелер айналысатынын да білеміз. Мәселен, Кеңес Одағы кезінде орыс тілінде жарық көрген 8 томдық «Герои Советского Союза» әскери энциклопедиясына сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы А.Косыгин басшылық еткенінен хабардармыз. Ондағы құрастырушылар мен авторлары қатарына Қорғаныс министрлігінің ең жоғары әскери лауазымды адамдары, тарих, философия, саясаттану ғылымдарының әйгілі мамандары қатысқан еді. Ал біздің мына сөз етіп отырған «Айбын» әскери энциклопедиясын негізінен бір-ақ адам – запастағы полковник, зерттеуші Сағидолла Көшімбаевтың құрастырғаны – оның өте үлкен, жанкешті еңбек атқарғандығының көрінісі. Мен автормен әңгімелескенде оның осы еңбекті жинақтауға 20 жылға жуық уақыты кеткенін білдім. Енді оның еңбегі лайықты бағасын алар деген үміттемін.

– Осы энциклопедияда өзіңізді таң-қал­­дырған айрықша деректер болды ма?

– Иә. Мәселен, қазақтан шыққан барлаушы қыз Ақжібек Мұқашева жайлы бұрын білмейді екенмін. Орынбор өлкесінде туған ол 1940 жылы Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің механика-математика факультетін бітіріпті. 1941 жылғы көктемде КСРО Қор­ға­ныс министрлігі Бас штабының Бас барлау басқармасындағы шифровальщиктер бө­­ліміне жұмысқа алынады. Одан Брюссель­дегі Кеңес елінің барлаушысы «Кенттің» (Уругвай азаматы Витсент Сиерра) жеке шифровальщигі болған. Сонда жүріп Гит­лердің КСРО-ға соғыс ашатынын алғашқы жеткізушілердің бірі болады. Жалпы, ол КСРО-ның Батыс Еуропада 1930 жылдан бастап әрекет еткен «Қызыл капелла» атты барлау тобына қатысты болғанын өзі де білмеген. Ақырында, қазақтың батыр қызы­на НКВД жендеттері тарапынан ағылшын барлау қызметіне жұмыс істеді деген жал­ған айып тағылып, 1942 жылы желтоқсанда ұсталып, 25 жылға сотталады. Энциклопедияда оның кейінгі тағдырынан дерек жоқ екендігі айтылған, бірақ зерттеушілер бір дерек тауып қалар деген үміттемін.

Жаудың ішінде жансыз ұстау ежелден бар әдіс қой. Абылай ханның тұсында да жау ішінде болған Айбике ханым туралы осы энциклопедиядан біліп отырмын. Ол «қолға түскен күңнің» лақап «аңызымен» қалмақ ханының ордасында тұрып, көмек­ші­лері арқылы қазақ қосындарына көп мә­ліметтер беріп тұрған. Өзі қалмақ тілінде таза сөй­лей­тін болыпты. Қазақтың осындай да қыз­дары болғандығы мені керемет таңқалдыр­ды. Сондай-ақ «Айбында» Тойғара, Ай­­­­­ға­­ным ханшайым, Айғыз, т.б. қазақтың атақты қыздары туралы деректер бар екен. Ал біз негізінен Әлия, Мәншүк және Хиуаз апаларымыз туралы ғана біліп келдік емес пе.

– Осы еңбектің құндылығы қатарына тағы нені жатқызуға болады деп ойлайсыз?

– Жалпы айтқанда, «Айбын» энциклопедиясы халқымыздың сонау, көне дәуірле­рі­не дейін ой жүгіртіп, қазақ жерінде адам­ның қашан пайда болуынан бастап, олар­дың қолданған соғыс құралдарына дейін деректер береді. Одан берідегі Еділ (Атилла), Бейбарыс, Шыңғыс хан мен оның ұр­пақтарынан біздің кешегі хандарымызға дейінгі ел билеушілерін, атақты адамдарын қалдырмай қамтыған. Қазақтардың жоңғар­мен болған 200 жылдық соғысындағы айтулы ерлер есімдері, оқиғалар, атақты өлең-жырлар, жер-су атаулары, соғыс әдістері, қолданылған жауынгерлік қарулар тарихынан да мол мағлұматтар береді. Ресей пат­ша­лығына отар болған жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістер, оларды бастаған ерлер, түрлі құжаттар, шайқас болған өңірлер туралы мәліметтер қамтылған. Қазақ­стан­ның кеңес дәуірі азамат соғысынан бастау алған. Қазақтан шыққан алғашқы әске­ри­лер, ұлттық қазақ полктары, сол кездегі қол­басшылар мен белгілі қайраткерлер жай­­лы деректер мол. Әсіресе, «қызыл қыр­ғын», жаппай болған репрессия жылдарын­дағы әскери өмірге қатысты ерлер есімдері мол.

Ұлы Отан соғысы жылдары да молынан қамтылған. Тиянақтап оқыған азамат бұ­рын­­нан белгілі деректермен қатар жүздеген жаңа оқиғалар, есімдер мен фактілерге жо­лыға алады. Соның ішінде Қазақстаннан бас­қа ТМД елдерінде туып-өсіп, Кеңес Ода­ғының Батыры атағын алған, жоғары әскери шенге жеткен қандастарымыздың есімдеріне де тап боламыз. Сондай-ақ, Қы­тай, Моңғо­лия, Түркияда да жоғары әскери шен алып, елеулі әскербасылар болған немесе үлкен ерліктер жасаған қазақ ұлдары­ның аты-жөндері бар. Энциклопедияда яд­ро­лық қару, оның зардаптары, соның ішінде Семей ядро­лық сынақ полигоны туралы деректер де же­терлік. Отан қорғауға, ерлікке үндейтін пат­риоттық жырлар, дастандар, тарихи шығар­малар және олардың авторлары туралы мол мағлұматтар бар. «Жел­тоқ­сан көтерілісі» туралы да шағын дерек беріліпті. Кеңес Одағы және тәуелсіздік жыл­дарында жасалып, хал­қымызға қаһар­ман­дық рух беретін шара­лар­ға, елдік пен ерлікке үндейтін ескерткіш бел­гілердің бә­рі­не анықтама берілген. Соның ішінде Абы­лай хан, Кенесары, Әлия мен Мәншүк ескерткіштері, «Даңқ», «Отан-ана» мемориалдарына жақсы анықтамалар беріл­ген. Тәу­елсіз Қазақстан қарулы күштерінің ал­ғашқы жылдардан басталған тарихына, жүрген жолдарына, қабылданған заңдарға, қару-жарағына, әскери шендеріне, айырым белгілеріне, тіпті ерліктері үшін берілетін атақтар мен орден-медальдарына дейін көр­се­тілген. Сондай-ақ «Айбын» әскери энциклопедиясында елдің барлық әскерлері мен әскери құрылымдары, соның ішінде ішкі және шекара әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік, әскери академия мен басқа да әскери жоғары оқу орындар, училищелер және кадет корпусы, азаматтық жоғары оқу орын­дарының әс­кери кафедраларына, Б.Момыш­ұлы, С.Нұр­­мағамбетов, Т.Бигелдинов атын­дағы арнаулы әскери орта мектептер турасында толық мағлұматтар берілген. Міне, осындай құн­ды­лықтары болғандық­тан да «Айбын» энциклопедиясын әскерде­гі қа­тар­дағы жауынгерден бастап барлық әскери қызмет­­ші­лерге, әскери кафедра студент­те­ріне, ұлан­дарға, курс­тар мен факультет тыңдаушы­ларына, әскер тақыры­бын зерт­те­гісі келген ғалым­дар­ға, осы саланы тере­ңірек білгісі келген жал­пы көпшілікке дерек көзі ретінде пайдалануда таптырмайтын құрал деп айта аламыз.

– Құрметті Мұхтар Қапашұлы! Сіз осынау еңбектің барлық жақсы жақта­рын атап шықтыңыз. Әрине, ана тілі­мізде шыққан осындай тұңғыш энциклопедия болғандықтан оған қуанамыз ғой. Қуанбай, мақтанбай болмайды. Бірақ әділдік үшін көзіңізге түскен кемші­ліктер туралы да айта кетсеңіз…

– Ондайлар болуы заңды. Алдағы уа­қыт­­та ескерту үшін айту парыз. Мысалы,  Қа­зақ­­стан әскері құ­рылған кезден жоғары әс­кери атақ алған бірді-екілі генерал енгі­зіл­мей қа­лыпты. Со­ның бірі генерал-майор С.Бай­те­міров. Содан соң, ғылыми кеңес­ші­лер қата­ры­на армия генералы, Кеңес Ода­ғы­ның Батыры және №1 Халық Қаһар­ма­ны Са­ға­дат Нұрма­ған­бетов­тің енгізіл­ге­ні дұ­рыс болар еді. Тәуелсіз еліміз әскері­нің ең ал­ғаш­қы Қор­ғаныс ми­нистрі болған ол кісінің жөні бөлек қой, айтары да көп болар еді. Кітапты құ­рас­тырушының лауазымды қыз­мет­тердегі қолбас­шы­лар­ға жо­лыға алма­ған себебінен болу керек, осындай олқылық­­тар орын ал­ған. Әріп қателері де жоқ емес екен. Мә­се­лен, 13 бетте «АВАКС» деген сөз «АБАКС» болып жа­зылыпты. Тағы бір бай­қағаным, тәуелсіз Қа­зақстан әскерлері мен басқа да құры­лы­м­дар генералдарының фотолары бір ізді емес. Бірінікі түрлі түсті, тағы бірінікі қара болып шыққан. Менің көзіме түскені осындай нәрселер. Әрине, талапшыл ғалымдар, оқырмандар өз пікірін айтар, оған таласым жоқ. Содан кей­ін кітап толық­ты­ры­лып, жөнделіп, қайта басылып жатса, дұрыс болар еді. Қалай десек те, Қа­­зақстан әскері тарихын білуде құ­­­бы­лыс­тық оқиғаға балар­лық, халық игілігіне пайдасы тиетін бір ең­бектің дүниеге келгені сөзсіз. Сондықтан барша қауымға құтты болсын айтамын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Жақсыбай САМРАТ.

АСТАНА.