15 Наурыз, 2012

Бақыт құшағындағы жандармыз

296 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Бақыт құшағындағы жандармыз

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:27

Қазақ қызымен отбасы шуағына бөленген армян жігіті Георгий МАРГАРЯННЫҢ жүрекжарды пікірі осындай

Георгий Маргарян – Сарчапед деп аталатын ауылда өмірге келген армян жігіті. Сол ауылда мәуелі бәйтеректей жапырақ жай­ған Абрам қарияның отбасындағы 9 баланың бірі. Кә­ме­лет­ке толысымен еңбекке араласқан. Әкесінен ұста­лық өнердің, құры­лыс жұмыстарын жүргізудің қыр-сырына қаныға жү­ріп, өзіндік қолтаңбасын да қа­лып­тастырған. Әкесі­нің «Адал еңбекпен тапқан нан­ның тәттілігі таң­дайыңнан кетпейді» деп ұдайы айтатын өсиетін әлі күнге жадынан шығармай келеді. Мұны әкесінің аманаты деп түсінеді. Кіндік қаны тамған ауылынан, тәлім-тәрбие алған отбасынан алыс­қа ұзап шық­қан­да да сол аманатқа адал болуды мақсат тұтты.

 

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:27

Қазақ қызымен отбасы шуағына бөленген армян жігіті Георгий МАРГАРЯННЫҢ жүрекжарды пікірі осындай

Георгий Маргарян – Сарчапед деп аталатын ауылда өмірге келген армян жігіті. Сол ауылда мәуелі бәйтеректей жапырақ жай­ған Абрам қарияның отбасындағы 9 баланың бірі. Кә­ме­лет­ке толысымен еңбекке араласқан. Әкесінен ұста­лық өнердің, құры­лыс жұмыстарын жүргізудің қыр-сырына қаныға жү­ріп, өзіндік қолтаңбасын да қа­лып­тастырған. Әкесі­нің «Адал еңбекпен тапқан нан­ның тәттілігі таң­дайыңнан кетпейді» деп ұдайы айтатын өсиетін әлі күнге жадынан шығармай келеді. Мұны әкесінің аманаты деп түсінеді. Кіндік қаны тамған ауылынан, тәлім-тәрбие алған отбасынан алыс­қа ұзап шық­қан­да да сол аманатқа адал болуды мақсат тұтты.

– Сексенінші жылдардың ортасында ағаммен бір­ге Ресейдің Кострома облысында жұмыс жасадым. Сол кезде әкемнің айтқан сөздерін жадымнан шы­ғар­ған емеспін. Адал жұмыс жасауды ойладым.  Костроманың, әсіресе, Шарья қаласының табиғаты да, климаты да тез үйрене қоятындай емес. Осы қалада жастықтың жарқын күн­дері өтті. Көп достар таптым. Көп ұлттың өкілдері­мен таныстым. Соның ішінен қазақ қызы Гүлайым­мен таныстығым достыққа ұласты. Бәлкім, бізді тағдыр табыстырған шығар – деп өткен күндерін ерек­ше бір сағыныш­пен еске алады Георгий Маргарян.

Атырау топырағынан нәр алған, Мәдендей әкенің отбасындағы 6 ұлдың ортасында қос гүлдің бірін­дей болып желкілдей өскен Гүлайымның Шарья қала­сына келуінің өзіндік себебі бар. Гүлайым мектеп бітірісімен медбике болсам деген арман жете­гі­мен Атыраудағы медучилищеге құжатын өткізеді. Емти­хан­ның бәрін жақсы бағаға тапсырғанмен, конкурстан сүрінеді. Дұрысын айтқанда, оны әдейі сү­рін­діреді. Не істеу керек? Бала күнінен әкесінің айт­қанын екі етпейтін еді. Бұл жолы да аяулы әкесінің кеңесіне қарсы болмады. Сөйтіп, әкесімен бірге Кос­т­ромадағы құрылыс институтына құжат тапсырмақ мақ­сатпен бұрын көрмеген бейтаныс қалаға жол тартты. Алайда, оқу орнына кешігіп жетті. Тек институт рек­торы­ның: «Құжат қабылдаудың мерзімі аяқтал­ды. Қызыңыздың аттестаттағы бағалары жақсы екен. Дайындық бөлімінде оқысын, институттың зертханасына жұмысқа орналастырамын», дегенін әкесі де, өзі де көңілге медеу тұтады. Осылайша, Костромада Гүлайымның студенттік күндері басталған еді.

– Институтта жақсы оқыдым. Мектепте қазақша оқы­­­сам да, институтта үштік алып көрмеппін. Түрлі сыз­­­баларды сызуға да шебер едім. Бәрібір көңілім ме­ди­­цинаға ауа берді. Институттың соңғы курсын біт­і­ру­ге жарты жыл қалғанда оқуды тастадым. Газеттен Шарья қаласындағы медучилищеге құжат қа­былдап жат­қанын оқып, соған баруды ұйғардым, – дейді Георгий­дің жары Гүлайым Маргарян. – Кім біледі, тағдыр мені Георгиймен табыстыру үшін Шарьяға баруға бұрған шығар?

Иә, бірі Армениядан, екіншісі Қазақстаннан келген екі жас осы қалада танысты. Гүлайым осы қала­дағы медучилищеге емтихансыз қабылданған еді. Ал Георгий құрылыста жұмыс жасап жүрді. Бір-бірін ұнатқан қос ғашықтың достығы махаббатқа ұласты. Сөйтіп, екеуінің некесі 1987 жылы дәл осы Шарья қаласында қиылды. Екеуі де әлі күнге Шарья қаласын сағынышпен еске алады. «Шарья – біз үшін балауса махаббатымыз бастау ал­ған, үлкен өмірге бірге қадам басқан қала» дейді 25 жылға жуық жұбы жазылмаған Георгий мен Гүлайым.

– Әр ата-ана баласының абыройлы, бақытты бол­ғанын қалайды. Мүмкін болса, өз ұлтының қызымен, не жігітімен бас қосқанын құп көреді. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді ғой. Гүлайым ибалығымен, тәрбие­лігі­мен, ерекше бір қылығымен баурап алды, – дейді Георгий. – Әкеме қазақ қызына үйленетінімді айттым. Әкем – әріден ойлайтын ерекше жан. Анам да сондай. «Ұлым, деді әкем. Егер екеуің бір-біріңмен тату болсаңдар, бір-біріңді жүректеріңмен ұғына ал­саңдар, қарсылығым жоқ. Оның ата-анасын, бауырларын, елін сыйлауың қажет. Осы айтқанымды есің­де ұстап, мені ұятқа қалдырмайтын болсаң, сенің талабыңды қолдаймын» деді арқамнан қағып. Не­ке­мізді Шарьяда қидырып, сол қалада жастар тойын жа­са­дық. Біздің отбасымызда 7 қыз, 2 ұл бар. Әке-шешем Гүлайымды сегізінші қызы ретінде қабылдады.

Гүлайымның айтуынша, Мәден қария да бала­лары­ның талабын ұдайы қолдап отырады екен. А­л­ғашында армян жігітімен тұрмыс құрмаққа бекін­ген Гүлайымның уәжін үнсіз тыңдапты. Әрине, анасы қазақтың бір жігітіне жолығарсың деген ғой. Кіш­кене күнінен жанына жақын тартқан әкесі екі күннен соң «Айналайын, қызым, адамның тағдырымен ой­нау­ға болмайды. Бағыңды байлауға хақым жоқ. Өз­дерің солай ұйғарсаңдар, сендердің бақытты отбасы болуларыңа тілекшімін» деп батасын беріп, қызы­ның маңдайынан сүйіпті.

Қазір Георгий мен Гүлайым Атырау қаласында тұ­ра­ды. Рас, 1995 жылы Георгийдің туған ауылы – Сар­чапедте тұрды. Екеуі де сонда жұмысқа орналасты. Өмірге іңгәлап ұлы Арутён, қызы Сюзанна келді. Қос нәрестенің былдыр-былдыр тілі, тәй-тәй қадамы Георгийдің ата-анасының көңілін көтеріп, қуанышын ұлғайтыпты. «Атам да, енем де менің атымды ешқа­шан атаған емес. Үнемі «қызым» деп отырады. Енем 1996 жылы өмірден өтті. Сол кісіге құрметіміздің бел­гі­сі ретінде кіші қызымызды әжесінің атымен Собинар деп атадық. Ал атам 84 жаста. Соңғы жылдары Геор­гийдің ауылына барған сайын атам «Назар­баев­тың қызы келді» деп ілтипат білдіріп отырады. «Қа­зақ­станның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ­тың бағына туған адам ғой. Ол Қазақстанды, қазақты әлемге танытты. Барлық елде ол туралы тек жақсы пікір айтылады. Ол жайында тек жақсы сөз естиміз. Солай бола берсін!» деп отырады ерекше бір тол­қы­ныспен. Қазақстан туралы, біздің Президентіміз туралы осындай жылы сөз естігенде, көңілім бір мар­қайып қалады», дейді Гүлайым Арменияға барған сапарынан сыр тарқатып. Маргарянның отбасында бір ұл, екі қыз желкілдеп өсіп келеді. Үлкені – Арутён, Атырау мұнай және газ институтын үздік бітірген маман. Бұл күндері Каспий теңізіндегі «Қашаған» кені­шін игеруге атсалысып жатыр. Ал Сюзанна – Атырау мұнай және газ институтының IV курс студенті. Кіші қызы Собинар ағылшын тілін тереңдетіп оқыта­тын тех­­никалық гимназияда оқиды. Бір ерекшелігі, Геор­гийдің балаларының бәрі де қазақ тілін мең­гер­ген. Бәрі де қазақша сөйлейді, тіпті ән де айтады. Ал Собинар қазақ тілі мен әдебиеті пән­деріне ешкімнің көмегінсіз дайындалады екен. Айт­қан­дай, Георгийдің өзінің де қа­зақшадан «бірқақ­пайы» бар. Кейде әндетіп жібе­ре­тіні бар. Георгий «ҚазТрансОйлда» көлік жүргізеді, ал Гү­л­айым көмек сұрағандарға заңдық кеңес береді. Гүл­айым да армян тілінде еркін сөйлей алады.

– Менің отбасымның Қазақстанда тұрғанына 20 жылға жуықтады. Оның үстіне қазаққа күйеу баламын ғой. Гүлайымға үйленгенде, оның ата-анасы, бауырлары мен ағайындары кеудемнен итерген жоқ. Керісінше, мені жылы шыраймен қабылдады. Қазақ­тың кеңпейілін көрсетті. Қонақжай екенін танытты. Қазір тұрақты жұмысым бар. Осында баспана да бар. Атырау мұнай және газ институтын сырттай бітіріп алдым. Демек, менің екінші мамандығым бар. Гүл­бану­мен шаңырақ көтергенімізге келер жылы ширек ғасыр болады. Аз ба, көп пе, білмеймін, бірақ біз – бақытты жан­дармыз! Бізге еліміздің тыныш­тығы­нан, отба­сы­ның бақытынан, балаларымыздың алаңсыз білім алып, жұмысқа орналасқанынан басқа ештеңе қажет емес, –дейді қазақ қызы Гүлбанумен бірге отбасы шуағына бөленген армян ұлтының өкілі Георгий Маргарян.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.

Атырау облысы.