15 Наурыз, 2012

«Туған ауылымызға ештеңе жетпейді»

418 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

«Туған ауылымызға ештеңе жетпейді»

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:29

Иә, солай. Таңғалатын түгі жоқ. Әсі­релеп, ойдан қосып отырғанымыз жоқ. Көзбен көргенді жазып отырмыз. Өзге ұлт өкілдері Песчан, өзіміз Бесжан дей беретін ауыл облыстағы Қа­шыр деп аталатын ауданға қарайды.

Жалпы, өзі Ертіс өзені бойындағы қа­­зақтар отырған қоныстарға 1745 жыл­дары казак қосындары келіп орн­а­лас­қаны, патша заманында бұл қо­сын­дар­дың не үшін керек болғаны да тарихтан белгілі.

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:29

Иә, солай. Таңғалатын түгі жоқ. Әсі­релеп, ойдан қосып отырғанымыз жоқ. Көзбен көргенді жазып отырмыз. Өзге ұлт өкілдері Песчан, өзіміз Бесжан дей беретін ауыл облыстағы Қа­шыр деп аталатын ауданға қарайды.

Жалпы, өзі Ертіс өзені бойындағы қа­­зақтар отырған қоныстарға 1745 жыл­дары казак қосындары келіп орн­а­лас­қаны, патша заманында бұл қо­сын­дар­дың не үшін керек болғаны да тарихтан белгілі. Бұл – 13 болыстық құрып, ата-бабаларымыз өмір сүрген жер. Осы күнге дейін біз Песчан деп атап отырған ауылдың өткенін тым әріден тарататын шежірелі ақсақалдар оның 267 жылдық тарихы бар екенін айтады. Ал негізі ауыл болып, 1932 жылдары қалыптасады. Біз іздеп келген Кохтардың әулеті, міне, осы ауылда тұрады. Соғыс жылдары қу­ғын-сүргінге түскен Поволжье мен Крас­нодар өлкесінен жеткен көп неміс­тің бірі Кох Фридрихтің отбасы екен. Данил осы ауылда Фридрихтің отбасында 1954 жылы туыпты.

Көлденең жатқан көк шыбық көзге шалынбайтын жарқыраған тазалыққа сыртқы көк қақпалы есіктен кірген­нен-ақ сүйсінесің. Өркениеттің ауыл­да­ғы үл­гісі осындай-ақ болар. Ерлі-за­йыпты Данил мен Нина Кохтардың отбасы бізді өздері әбден үйренген жер­гі­лікті песчан­дық ауылдың қонақжай қа­зақы дәстүрі­не сай ашық-жарқын, жай­­дары қарсы алды. Тыныс-тірші­лік­тері кәдімгі қала­да­ғыдай өмір. Су да, жылу да, дәретхана да, жуынатын бөлме де, бәрі де бар.

– Туғаннан бері осы ауылда тұрып, Германияға көшіп кетіпсіздер, елге, Песчанға қайта ораламыз дегенде қан­дай көңіл-күйде болдыңыздар? – деп сұраймыз сөз арасында.

– Қазір ойлаймын, бұл да бір тағ­дыр­дың сыны шығар деп, – дейді Нина Кох. – Біз, тіпті, Песчаннан 2001 жылы көшіп кеткен едік. Ол кезде 90-шы жылдар­дағы­дай емес, жағдай біраз жақсарған еді ғой. Алғашында, әрине, ауылда енді қандай жағдай болады, қа­лай өмір сүріп кетеміз деп қобал­жы­дық. Қазір бәрі де көрген түс сияқты. Ол жаққа барғаннан соң ойымыздан туған ауылымыз, дос-жарандар, көр­ші-қолаң, өзіміз асыр салып ойнап өс­кен, жастық күніміз өткен Песчанның суреті бір кетпей қойды. Өзіміз Германияда ал, жан-дүниеміз, санамыз, ты­ныс-тіршілігіміз өз елімізде, Песчанда жүрді. Ол жақта жұмыс табу да қиын. Мен өзім Павлодардағы Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық кол­ледж­ді бітірдім. Мамандығым – бастауыш сынып мұғалімі. Ол жақта маған мұ­ға­лімдік қызметке қол жеткізу қайда. Тіпті, біздің Песчан, Песчан деп айта берген әңгімелерімізден қасымыздағы түрік, орыс достарымыз мезі болса да әйтеуір, ауылға, елге деген сағыны­шы­мыз­ға түсіністікпен қарап, «әлі-ақ үй­ре­ніп кетесіңдер», дейтін еді. Қайдан үй­ренген?.. Өзіміздің туған ауы­лы­мыз­ға ештеңе де жетпейтінін түсіндік. Сөйтіп, біз отбасымызбен Германия­ның бір ша­ғын қаласында 5 жыл тұр­дық. Ауыл­ға жеткенше асықтық. Ал, қа­зір бәрі де жақ­сы. Ең бастысы – кө­ңіл орнына түс­ті. Біз туған Ота­ны­мыз­ға, елімізге, ауы­лы­мызға оралдық.

Көріп тұрсыз, ауылымыздың жағ­дайы жақсы. Мұнда да дәл Герма­ния­да­ғыдай тіршілікке қол жетті.

Иә, барлығы да жақсы екеніне көз жеткізіп тұрмыз. Мал, құс, ет, сүт, май деген жеткілікті. Әр үйде монша, жаз­ғы сарай бар. Әр үйде жеңіл мәшине. Киген киімдері қандай, тұрмыс жақсы. «Үйде отырып Германиядағы ұлы­мыз­бен сөйлесіп тұрамыз. Ауыл халқы жақ­сы тұрады. Кезінде қат, қол жет­пей­тін қай зат болмасын ауылда бар, енді ондай ғажайыптарды алыстан із­демей-ақ, әр ауылдан, әр үйден тауып аласың. Өз ауылыма оралдым, бақыт­ты­мын», – дейді Н.Кох.

Кең дастарқан басы түрлі тағам­дар­ға толы. Балықтың түр-түрін қыз­ды­рып алдымызға қойды. Үйме жұмырт­қа толы ыдыс.

– Мұның бәрі де өз ауламыздағы бақ­­шаның өнімдері, Песчанның жері­не ештеңе жетпейді дедім ғой, мынау картоп, қызанақ, қияр, сәбіз, қырық­қабат дейсіз бе, бәрін өзіміз өсіреміз. Былтыр 30 қап картоп алдық. Өз ауламыздан 6 шелек малина жинап алдым. Жеріміз біз­дің елге, ауылға қайта орал­ға­нымызға рах­мет айтып, ырзалығын білдірген­дей… Тауықтарымыз да жете­ді, жұмырт­қа да өз үйіміздікі, алыңыз, бәрі де таза, еш хи­мия­сы жоқ, – деп жатыр отанасы бізге.

– Мен өзімнің бала кезден суына түсіп, жағасында асыр салған Ертісім­ді сағындым. Мына балықтарды өзім аулаймын, жас кезден үйренген кәсіп, сіздер келеді деп «свежий» күйінде аулап әкелдім, – деп жатыр отағасы Данил Кох. – Кезінде Песчан ауылында халықтың 60 пайызына жуығы неміс ұлтының өкілдері еді. Тіпті, ауылда Берлин көшесі де болғаны есімде.

– Ал, ұл мен қыздарыңыз – Александр мен Елена қайда қазір?–деп сұрадық.

– Жаңа айтқанымдай ұлымыз – Гер­манияда. Үйленді. Әйелі Снежина осы Песчанның қызы. Сол жақта немереміз дүниеге келді. Жыл сайын жазда келеді. Өздері бірге ойнап, бірге өскен ауылдарын сағынады, жастар ғой, мүмкін, сол жаққа қыдырып бар­ған сияқты ойлап жүрген шығар, ата-аналары туған-туыстары осында, алыс­­қа кете қоймас. Айтпақшы, құда­ла­ры­мыз – Снежинаның ата-анасы – Меркельдер отбасы осы Песчанда тұрады. Ешқайда көшкен де жоқ біз сияқты,– деп бір күліп алды Нина. – Ал қызы­мыз Елена қасымызда, күйеу баламыз да осы Песчандікі, қызымыз өзімізбен бірге ауылға оралды. Қазір аяғы ауыр, тағы бір немере күтіп отырмыз. Ол немеріміздің жеке құжатында Песчанда туған деп жазылады, соған қуанамыз.

– Нина, өзіңіз ауылда мұғалім болып жүрдіңіз, қайта оралған соң жұ­мыс жағдайы қалай болды?

– Германиядан келе жатқанда қалай болар екен деп өзім де ойладым.Толып жатқан құжаттар толтырудан қа­ша­мыз ғой. Жоқ, бәрі де жақсы болды. Мек­тебі­ме келдім. Әріптестерім­мен, шә­кірт­терім­мен қайта қауыштым. Қазір са­бақ беріп жүрмін. Қосымша неміс ті­лін де оқытамын. Елбасы Нұр­сұл­тан Назар­баевқа әрқашан рахмет айтамыз. Жасы­ңыз ұзақ болсын, дегім келеді. Еңбек­ақы­мыз бар, жұмысымыз бар. Екінші­ден, осы Елбасының арқа­сын­да Герма­ния­ға барып-келу, қайту, оралу жөнін­дегі екі ел арасындағы бү­кіл құжаттар ресімдеу жеңілдетілді, бұ­рын­ғыдай құ­шақ-құшақ құжаттар ар­қа­лап жүр­мей­сің. Қы­зым да сол өзім оқыған кол­ледж­ді бітір­ді, мұғалім боламын деп, содан кейін қазір облыс ор­талығындағы педа­го­­гика­лық инсти­тут­тың география пәні бойынша оқуға түсіп, оқуын әрі қарай жал­ғас­­ты­ру­да. Бәрі де біздің елге, Пес­чанға қайта оралғанымызға түсіністік­пен қа­ра­ды. Қай жерге құжатпен барсақ та «е, өзіміздің Песчандікі екен ғой», дейді. Тіпті, Германия жақта 5 жылдай тұрып келгенімізді білсе де, онда неге кет­тің­дер, неге келдіңдер деп жатқан еш­кім жоқ, – дейді Нина күліп.

– Мына үй сол өздеріңіз тұрған үй ме?

– Жо…жоқ. Данил екеуміз 79-жылдары Песчанда үйді өз қолымызбен салған едік. Германияға көшеміз деп арзан бағаға сатып кеттік. Тағдыр деп айттым ғой, содан қайта оралған соң, осы үйді сатып алдық, жөндеп, жаңар­тып, міне, жарқыраған әдемі үйге айналдырдық, – дейді Н.Кох.

Осы үй сіздерге, отбасыларыңызға құт-қайырлы болсын, деп Кохтармен қош­тастық. Ауыл әкімі Алтынай Дүй­сен­байдың айтуынша, Песчан ауылына Кохтардан басқа да 3-4 неміс отбасылары қайта көшіп келіпті. Қазір Қара­суық ауылын қосқанда Песчан ауыл­дық аумағында 22 ұлт өкілі бар 4 мың­дай адам тұрады екен. Ауылда «Роза кляйд», немісшеден аударғанда «Қы­зыл көйлек» дегенді білдіретін облыс­тық «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің бөлімшесі жұмыс жасайтын көрінеді.

Фарида БЫҚАЙ.

Павлодар облысы.