20 Наурыз, 2012

Ұлтаралық жарастық – мемлекетіміздің байлығы

247 рет көрсетілді

Ұлтаралық жарастық – мемлекетіміздің байлығы

Сейсенбі, 20 наурыз 2012 8:12

Қазақстандағы жүздеген ұлт­тар мен ұлыстар бір қолдың сала­сы, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрине, “бір қарын майды бір құмалақ шіртеді” дегендей, тентек-телілер әр этностан да шығып жатады. Бірақ, ол Қазақстанды Отаным дейтін жұрттың бір-біріне деген сеніміне селкеу түсіре алмақ емес. Елбасы Конституция кепілі және Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының Төрағасы ретінде ұлт­ара­лық келісімді, бір-бірімен жарас­тықты әлемдік деңгейге көтерді.

 

Сейсенбі, 20 наурыз 2012 8:12

Қазақстандағы жүздеген ұлт­тар мен ұлыстар бір қолдың сала­сы, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрине, “бір қарын майды бір құмалақ шіртеді” дегендей, тентек-телілер әр этностан да шығып жатады. Бірақ, ол Қазақстанды Отаным дейтін жұрттың бір-біріне деген сеніміне селкеу түсіре алмақ емес. Елбасы Конституция кепілі және Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының Төрағасы ретінде ұлт­ара­лық келісімді, бір-бірімен жарас­тықты әлемдік деңгейге көтерді.

Халықаралық сарапшылар Қа­зақстанның жүзден астам эт­нос­ты айрандай ұйытып, бір мақ­сатқа жұмылдырып отырғанына қызы­ға­ды әрі тәжірибесін үйренуге өкілдерін жібереді. Әрине, қол жеткен жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын уақыт емес. Сондықтан келісіп пішетін мәселелерді бірлесе талқылаудың мәні зор.

14-16 наурыз аралығында Шым­кент қаласында өткен “Қазақ­стан­дағы мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру және этно­кон­фес­сиялық қатынастарды реттеу” тақырыбында өткен аймақтық семинар-тренингтің көздеген бір мақсаты осы болса керек. Ал негізгі мақсат Президенттің 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеу­мет­тік-экономикалық жаңғырту – Қа­зақстан дамуының басты ба­ғы­ты” атты халыққа Жолдауы ая­сын­да мемлекеттік қызметкер­лер­дің, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ діни бірлестіктер жетекшілері­нің, аймақтардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-са­рапта­ма­лық топтары мүшеле­рі­нің тегеуріндер мен қатерлер жағ­дайында этносаралық және конфессия­аралық қатынастар саласындағы кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыруға негізделді.

Семинар-тренингтің оқыту­шы­­лық-профессорлар құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі, сая­си ғылымдар докторы, заң ғы­лымдарының кандидаты Ералы Тоғжанов, Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия­сы­ның ректоры, биология ғы­лым­дарының докторы, профессор Болатбек Әблірәсілов, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы, Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының док­торы Айгүл Сәдуакасова, Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы Хат­шы­лығының инспекторы, ҚХА Ғы­лыми-сараптамалық кеңесінің хатшысы, саяси ғылымдар док­то­ры, ХАФҒА академигі Наталья Калашникова, халықаралық са­рапшы, Өзбекстан Республикасы ҒА Тарих институтының қазіргі тарих және халықаралық зерттеулер бөлімі меңгерушісінің орын­ба­сары, философия ғылымдары­ның кандидаты Равшан Назаров бастаған азаматтар бар.

Семинардың алғаш­қы күнінде А.Сәдуақасова, Р.Назаров, Т.Жа­қия­нов және Д.Ахатова Қазақ­стан­дағы этносаралық жағдай: тұ­рақты даму фактор­ла­ры мен қа­зіргі тегеуріндер, көп мәде­ниетті қағамдағы эносара­лық қа­тынас мәдениеті, Қазақ­стан ай­мақ­тарын­дағы этнокон­фес­сия­лық жағдай­ды топтық талдау та­қы­рыптары бойынша сабақ өткізді.

Семинардың үшінші күні “Қо­ғамның этнос­ара­лық және конфессияаралық мә­де­ниетін қа­лыптастыру тәжірибесі, қиын­дық­тары және келешегі” атты халықаралық ғылыми-тәжі­ри­бе­лік конференцияға ұласты. Конференцияда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары Е.Тоғжанов “Этносара­лық толеранттылық пен қоғам­дық келісімнің қазақстандық үлгісі – этносаралық қатынастар мәдениетін қалыптастырудың негізі: тәжірибесі және дамуының келешектері” тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ғалымдар А.Қалыбекованың, А.Сәдуақасованың, Р.Назаров пен С.Нурованың жоғарыдағы та­қы­рыпқа байланысты ғылыми-тә­жірибеге негізделген баянда­ма­лары тыңдалды.

Өркениетті елдердің Қазақ­стан халқы Ас­сам­блеясының жұ­мысына қызығу­шы­лықпен қарап, өкілдерін жіберіп жатқандығын айтқан Е.Тоғ­жа­нов толерантты­лық сөзі қазақ­ша төзімділік деп аударылып жүргендігіне өз көз­қа­расын білдірді. Ералы Лұқпан­ұлы­ның пікірінше, толерант­ты­лық сөзі тө­зім­діліктен көрі сенімділікке жақын­дау. Бұл дұрыс қисын сияқты.

Оңтүстік төрінде өткен бұл жиында бірлік пен ынтымақ жайы көп айтылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар

Белградта белдеседі

Спорт • Бүгін, 09:06

Жапонияда сынға түседі

Спорт • Бүгін, 09:03

Ең бастысы – азаматтардың сенімі

Қазақстан • Бүгін, 08:43

Smart Zholy жеңімпаздары анықталды

Қазақстан • Бүгін, 08:36

Құнды қағазға қызығатындар көп

Экономика • Бүгін, 08:32

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар