Осы жұмыстар нәтижесінде бұдан былай Есенов университетін бітірген әрбір жас маман дипломмен қоса тіл білетіндігі жөніндегі сертификат алатын болады. Бұл жобаны іске асыру үшін университетте тіл үйрету орталығы ашылып, АҚШ-тың алдыңғы қатарлы оқу орнының ұстаздарымен дәріс беру жұмыстары басталып кеткен.
Университет ректоры Б.Ахметовтың айтуынша, ағылшын тілін жетік меңгеруге барлық студент бірден қауқарлы болмағанымен, бүгінгі таңда қырық пайыз студент сынақтардан сүрінбей өткен.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы