28 Наурыз, 2012

Қазақстан армиясы

3324 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Қазақстан армиясы

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:37

Ол қалай құрылып еді? Қазір қандай?

Ұлттық идеяға айналған бағдарлама

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев Республиканың дамуын «Қазақстан – 2030» саяси бағдарламалық құжатында белгіледі. Құжатта мемле­кет­тің ұзақ мерзімді даму басымдықтары анықталды. Оның ішінде ұлттық қауіп­сіздік бірінші орынға ие болса, құрамдас бөлігі болып әскери қауіпсіздік тұрды. «Стратегия – 2030» ұлттық идеяға айналып, дамыған және гүлденген мемлекет құру мақсатын жүзеге асыру бүкіл қазақ халқын біріктірді.

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:37

Ол қалай құрылып еді? Қазір қандай?

Ұлттық идеяға айналған бағдарлама

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев Республиканың дамуын «Қазақстан – 2030» саяси бағдарламалық құжатында белгіледі. Құжатта мемле­кет­тің ұзақ мерзімді даму басымдықтары анықталды. Оның ішінде ұлттық қауіп­сіздік бірінші орынға ие болса, құрамдас бөлігі болып әскери қауіпсіздік тұрды. «Стратегия – 2030» ұлттық идеяға айналып, дамыған және гүлденген мемлекет құру мақсатын жүзеге асыру бүкіл қазақ халқын біріктірді.

Әлем өзгерді, жас мем­лекетімізде және оның Қарулы Күш­терін­де өзгерістер болып жатты. Осының бар­лығы болмысқа бейімделу қажеттігіне әкеліп, Қазақстанның жаңа әскери доктринасын әзірлеуге алғышарт болды. Ол 2000 жылғы 10 ақпанда қабылданды.

Екінші доктрина қолайлы, қорғаныс сипатына ие болып, бірінші доктринадан тұжырымдамалық жағынан ерекшелен­ді. Мұнда қауіпсіздіктің әскери-эконо­ми­ка­лық қамтамасыз етілуінің басты мақ­са­ты, қағидаттары мен бағыттары анық­тал­ды. Аталмыш кезең – қабылданған Доктрина мен Әскери реформа тұжырым­да­ма­сы және Мемлекеттік әскери құрылыс бағдарламасы негізінде шағын, алайда ұтқыр әскерлердің қажеттігімен, армия­мыз­дың жоспарлы түрде дами бастаған­ды­ғымен сипатталады. Енді «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құры­лы­мын әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» 2003 жылғы 7 мамырдағы Жар­лық­қа тоқталайық. Мұнда көрсетілген ша­раларды жүзеге асыру үш түрлі құры­лымға ауысуды қажет етті, сонымен: Құрлық әскерлерінің құрамына – «Астана», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары; Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштері кірді. Екі дербес әскер тектері – Аэроұтқыр әс­керлері – Жоғарғы Бас қолбасшының ре­зерві, Ракета әскерлері мен артиллериясы құрылды. Дәл осы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы­ның базасында жаңа әскери басқару органы – Штабтар бастықтары комитеті құрылды.

Құрлықтағы құрыш қалқан

Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­тері­нің жауынгерлік қимылдар мен операцияларды жүргізуге қабілетті, заманауи қару-жарақ пен әскери техникамен жа­рақ­танған неғұрлым көпсалалы әскер түрі. Өзінің әскери мүмкіншілігі бойынша жеке түрде немесе Қарулы Күштердің басқа да түрлерімен және тектерімен бір­ле­сіп жау­дың әскери топтарын жою мақ­сатында оған қарсы шабуыл жасап оны жоюға, үл­кен көлемде соққы беруге қабілетті.

Оның басты міндеттері: агрессияға той­тарыс беру үшін әскерлердің дайынды­ғына қолдау көрсету, Қазақстан Респуб­ли­касының аумақтық тұтастығы мен еге­мендігін, мемлекеттік және әскери нысандарды, мемлекеттік шекараның құрлық­та­ғы бөлігін қорғау, бітімгерлік және басқа тапсырмаларды орындау. Сонымен, Құр­лық әскерлері қалай құрылып еді?.

Қазақстанның Құрлық әскерлері еге­мен­дік алған тұста ел аймағында орна­лас­қан құрамалар мен әскери бөлім­дер­ден құралды десек қателеспейміз. Аны­ғын айтар болсақ жас мемлекетте ол кезде ұрысқа қабілетті әскери бөлімдер де көп емес еді. Құрлық әскерлерінің негізін Семейде орналасқан  бірінші армиялық корпус құрады. Оның құрамында мотоат­қыш­тар мен танк дивизиясы және кор­пус­қа бағынышты әскери бөлімдер болды. Мұнда сондай-ақ, жекелеген әскери бөлімдер – ракеталық бригада, артилле­рия­лық және реактивті артиллериялық полктер тұрды. Мұнан басқа Отардағы дивизия мен Алматы маңында орна­лас­қан еліміздегі бірден бір десантты-шабуылдаушы бригада бар еді. Сондай-ақ, рес­публика аймағында Еуропадан шыға­рыл­ған әскери техникалар саны айтар­лық­тай жинақталып, әсіресе, танкілер мен бронды машиналар, артиллериялық қондырғылар ашық аспан астын паналады.

Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жо­ғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша, осыншама мол мұраға ие бол­ған жас тәуелсіз елдің Қорғаныс ми­нистр­лігі алдында қысқа мерзім ішінде аталған әскерлердің базасында ұтқыр, ұрысқа қабілетті армия құру міндеті тұр­ды. Қазақстанның шығысында орналас­қан күштер белгілі бір уақытқа дейін сақ­талды, әрі қосымша армиялық корпустар құру да ойластырылды. Бірақ, бұл бейбіт­сүйгіш жас мемлекеттің беделіне нұқсан келтірер еді, әрі бұған эконо­микалық жа­ғынан мүмкіншілік болмады. Сондықтан дәстүрлі штаттық үлгіден бас тартып, ок­ругтер құру қолға алынды. Сөйтіп, Шы­ғыс, Оң­түс­тік, Батыс және Орталық әс­ке­ри округтері дүниеге келді. Тоқса­нын­шы жылдардың ая­ғын­да ел Қарулы Күш­тері­нің құрылымы реформаланып, Қару­лы Күштер­дің үш түрі – Жалпы мақсаттағы Күштер (бұрынғы Құрлық әс­кер­лері), Әуе Қорғанысы күш­тері мен Мемлекеттік шекараны қорғау күштері енгізілді. Кейін Жалпы мақсаттағы күштер қай­та­дан Құр­лық әскерлері болып өзгертілді. 90-жыл­дар­дың соңы мен 2000 жылдың басында Қыр­ғыз­стан мен Өзбекстанның таулы ай­мақтарына заңсыз қару­лан­ған құрылым­дар­дың шабуыл жасауына байланысты таулы жерлерде жауын­гер­лік ұрыс қи­мыл­дарын жүргізетін арнайы маман­дан­дырылған бөлімше таулы-егерлік батальоны құрылды. Батальонның базасында кейін бригада жалауын көтерді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­тері Құрлық әскерлерінің жеке құрамы әртүрлі әскери жаттығуларға белсенді түрде қатысып келеді. Оның ішінде, ха­лықаралық «Өзара іс-қимыл – 2009» стра­тегиялық ко­мандалық-штабтық жаттығу­лары, «Бейбіт миссия – 2010» террорға қарсы бірлескен әс­кери жаттығулары, «Қа­ра­тау – 2011» так­тикалық-арнайы жат­тығу­лары, «Шығыс – 2011» бірлескен жедел-тактикалық коман­да­лық-штабтық жаттығу­лары, «Орталық – 2011» стратегиялық жат­тығулары бар. Бір­неше жаттығуларға Ресей Федерациясы Қару­лы Күштерінің бас­қару органдары мен әскерлері де тар­тылған болатын. Осы жат­ты­ғулардың бә­рінде Құрлық әскерлерінің әскери қыз­мет­шілері жоғары жауынгерлік тәжіри­бе­лері мен шеберліктерін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терінің Құрлық әскерлері әскери ғылым мен техниканың арқасында әскери істе пайда болған озық үлгілер мен қару-жа­рақтар енгізіліп, іс-қимылдардың неғұр­лым тиімді тәсілдері қолданылады. Командирлер нақты әрі негізді шешімдер қабылдауға оқытылады.

Жаңа ғасырдың басында ел экономикасы жақсарған соң жаңа әскер тектері пайда болды. Ол – алдымен Ұтқыр күш­тері, кейін Аэроұтқыр әскерлері атанды. Бүгінде Құр­лық әскерлерінің құрамына келесі әскер тектері кіреді. Олар: Аэр­о­ұт­қыр әскерлері, Ракета әскерлері және артиллерия.

Аэроұтқыр әскерлері – ел Қарулы Күш­тері Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві болып саналады. Оның құрамына десантты-шабуылдаушы бөлімшелер, бө­лім­дер мен құрамалар, сондай-ақ арнайы бөлімдер, тыл және техникалық қамта­ма­сыз ету бөлімдері кіреді. Аэроұтқыр әс­кер­лерінің арнайы мақсаттағы дербес инженерлік-саперлік бөлімшесі 2003-2008 жылдары Ирактағы бейбіт­шілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Коалициялық күштер құрамын­да бітім­герлік миссия атқарды. Қазақ­стан­дық бітімгерлік батальон бейбіт тұр­ғындарды сумен, электр қуатымен қамта­ма­сыз етіп, Ирак аймағын жарылғыш заттардан залалсыздандырды. Бітімгер­лер­дің кәсі­би­лігі мен жауынгерлік шебер­лік­теріне шетелдік мемлекет басшылары мен НАТО Коалициялық күштерінің бас­шы­лығы, Қазақстан Республикасы Қару­лы Күш­тері­нің Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Ирак халқы жоғары баға берді.

Аспандағы айбарлы күш

Қазақстан Армиясы құрылған соң ел­дің аумағында орналасқан әскери әуе күш­тері мен әуе шабуылынан қорғаныс бөлімдері оның құрамына енді. Ол кезде респуб­ли­ка­дағы ұшу аппараттарының саны ТМД елдері бойынша төртінші орында болатын. Өлшем жағынан алып қара­сақ, бұл Герма­ния­ның әскери әуе күш­тері­мен, ал стр­а­те­гиялық бомбалаушы ұшақтардың саны бо­йынша Францияның мүмкіндігімен тең ке­ле­тін. Ядролық қару­дан бас тартқан елі­міз­ден стратегиялық құрам әкетілді. Саны көп әскери ұшақ­тарды ұстап тұрудың қажеттігі болмады. Көптеген ескірген ұшақтар есептен шы­ға­рылды. Сондықтан авиациялық парк қыс­қартуға ұшырады. Өкінішке қарай, Құр­лық әскерлерін сүйемелдеуге өте қажет шабуыл жасайтын ұшақтар болмады, әуе шабуылынан қорғауға арналған жойғыш ұшақтар өте аз еді.

Тоқсаныншы жылдардың басында тә­ж­ірибелі бірінші, екінші класты ұш­қыш­тар­дың алпыс пайызы өз елдеріне кетіп қалды. Бұл кадр мәселесін тез арада шешу­ді қажет етті. Авиацияны әскери ұшқыштармен жә­не инженер-техник кадрлармен қамтамасыз ету үшін Ақтөбе жо­ғары азаматтық авиация ұшқыштар учи­ли­щесі әскери кафедра­сы­ның базасында және Азаматтық авиация Ұлт­тық академиясында әскери факультеттер ашылды. Кейін Ақтөбе жоғары азамат­тық авиация ұшқыштар училищесі Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қор­ғанысы күштері Әскери институты болып құрылды. Аталмыш оқу орындарын тұң­ғыш бітірушілер 1998 жылдан бастап төл әскеріміздің қатарын толықтырды.

Бүгінде Авиация әуе қорғанысы күш­терінің негізгі жалынды әскер тектерінің бірі саналады, маңызды аудандар мен нысандарды қарсыластың әуе шабуылынан қорғауға арналған. Кез келген әуе нысанасын өзі қор­ғап тұрған нысаннан барынша қашық­тықта жоюға қабілетті. Құра­мы­на Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және Радиотехника әскер­лері кіретін Әуе қорғанысы күштерінің қара­мағында МиГ-31, МиГ-29, МиГ-27, Су-27 ұшақ­тары мен Ми-24, Ми-8, Ми-17В-5, Ми-26 және «Хьюи-2» тікұшақтары бар. Қазіргі таңда әскер түрі «Еврокоптер» тікұшақ­тары мен Ан-72 әскери-көліктік авиация ұшақ­тары­мен қамтамасыз етілуде.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әс­керл­ері С-300, С-200, С-125 МК, С-75 сынды зенитті-зымыранды кешендермен жарақтанған. Бұл қарулар заманауи ұшақ­тар мен қанатты зымырандарды кез келген биіктік пен қашықтықта атып түсіре алатын мүмкіндікке ие.

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда, ұш­қыштардың ұшу уақытының көлемі ай­тарлықтай ұлғайды. 2011 жылы әскери-әуе күштерінің жалпы ұшу сағаты 10 000 сағат­тан асты. Оның 1500 сағаты түнде жүзеге асты. Мыңнан астам ұшу ауысым орындалды. Тұтастай алғанда, майдан­дық авиа­ция­ның бір ұшқышына 40 сағат­тан астам уақыт бөлінсе, Армиялық авиация өкілдері 60 сағаттан астам уақыт көк жүзінде самғаған. Ал, әскери-көлік авиа­ция­сының ұшқыш­тары­на бөлінген уақыт 90 сағаттан асады.

Жауынгерлік оқу мен қызмет үшін жасалып отырған жағдай мен тәуліктің кез келген уақытындағы тұрақты ұшулар – Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамын дайындау сапасына жете көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Әскери док­три­­насының ережелерін, Жоғарғы Бас қол­басшының тапсырмалары мен Қор­ғаныс министрінің талаптарын орындау мақса­тында Әуе қорғанысы күштерінде негізгі күш құрамалар мен бөлімдердің жауын­гер­лік қолданысқа дайындығын қамта­ма­сыз етуге бағытталған.

Әуе қорғанысы күштері бірлескен қазақстандық-ресейлік «Әуе күштері – 2011» ұшу-тактикалық жаттығуларына, ҰҚШҰ Әуе шабуылына қарсы әскер­лері­нің «Жауынгерлік Достастық – 2011» жат­тығуларына, «Орталық – 2011» бірлес­кен стратегиялық жаттығуларына қатысты. ӘӘК-нің армиялық авиация ұшқыштары НАТО-мен бірлесіп жыл сайын өткізілетін «Дала қыраны» жаттығуларына қатысып келеді. Әуе қорғанысы күштерінің өкіл­дері Мәтібұлақта өткен ҰҚШҰ-ның Жедел қимылдайтын күштерінің бірлескен халықаралық «Өзара іс-қимыл – 2009» және ШЫҰ шеңберіндегі «Бейбіт миссия – 2010» жаттығуларына дайындық пен оны өткізуде айтарлықтай мол тәжірибе жинақтады. Ұшу құрамы ҰҚШҰ және ШЫҰ кіретін мемлекет басшыларынан жо­ғары баға алғанын айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта Әуе қорғанысы күш­терінде Әскери әуе күштерінің жоғары сыныпты авиациялық мамандары, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің радиотехникалық және зенитті-зымы­ран­ды есептоптары жауынгерлік кезек­ші­лік жасайды. Олардың бәрі көлемді такти­ка­лық жаттығуларда, тәжірибелік сабақ­тар­да және мемлекеттік масштаб­тағы іс-ша­раларда өздерінің жауынгер­лік шебер­лік­терін бірнеше мәрте дәлел­деп үлгерді.

Әуе қорғанысы күштерінің негізгі тапсырмалары: Қазақстан Республика­сы­ның әуе шебін қорғауды қамтамасыз ету; Мем­лекеттік, әкімшілік және әскери ны­сан­дардың әуе шабуылына қарсы қор­ға­нысын нығайту; Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Қарулы Күштерін басқа да әскер түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөнін­дегі жауынгерлік міндет­терді орындау.

Отанға қызмет ету ісіне әскери ұш­қыштар өздерін оған қалтқысыз толығы­мен арнайды. Олардың әлемі – аспан. Жауын­герлік ұшақтар барлау жасайды, әуедегі үстемдікті қамтамасыз ету арқы­лы жаудың авиа шабуылынан маңызды стратегиялық нысандарды, сонымен бірге құрлық әскер­лері мен флотты қорғайды. Олар аспан мен жердің қас шеберлері. Батыр да ержүрек әскери ұшқыштар Отанымызды өздерінің жанқиярлық еңбектерін арнайды.

Теңіздегі тегеурін

Әскер түрі – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде құрылды. Қарулы Күштердің басқа түрлеріне қарағанда, ол кезде жас мем­лекеттің аумағында айтарлықтай әс­кери-теңіз бөлімдері мен бөлімшелері бола қойған жоқ. Сол себепті қазақ жерінде әскери-теңіз күштерін құру тың жерге түрен салумен бірдей болды десек қа­те­лес­­­пейміз. Егемен елімізге КСРО Әскери-теңіз флоты Каспий флотилиясынан қал­ған кемелердің жағдайы әскери-теңіз күш­терін құратындай дәрежеде емес еді. Корабльдер мен катерлердің барлығы ес­кір­ген, кейбірі істен шыққан болатын. Құр­лық әскерлері мен Әскери әуе күш­терінің құрамы запастағы офицерлерден толық­ты­рылғанын жоғарыда атап өттік, ал те­ңізші мамандар елімізде жоқ­тың қасы еді.

Осындай қиыншылықтарға қарамас­тан, тоқсаныншы жылдары еліміз мамандарды шетелде оқытуды ұйымдастыра білді, қа­жет­ті жауынгерлік және күзет ке­мелерін сатып алудың амалдарын қарас­тырып жүзеге асырды. Қазақстанның әскери-теңіз күш­терін құруға ұмтылысы ерекше болды. Се­бебі, мол көмірсутегі мен табиғаттың сар­қылмас қорын сақтау, еліміздің теңіздегі ше­бін қорғауды қамта­масыз етуді қажет етті. Тоқсаныншы жыл­дардың ортасында Кас­пий теңізі ай­мағында орналасқан мемлекеттер арасында шекараны бекіту жөнін­де келі­сімдер жүргізілді. Мұнда да Қазақ­стан жағы бейбіт бастама көтерді.

Жүніс Омар, Қорғаныс министрлігі бас­­пасөз қызметінің басқарма бастығы, полковник.

(Жалғасы бар).