28 Наурыз, 2012

Беріктің бекем байламы

292 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Беріктің бекем байламы

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:47

Өткен жылдың күзінде Степногор қа­ла­сына қарасты Қара­бұ­лақ ауылдықокругінің әкімі Қайыргелді Әйтімов фермерлер мен шаруақожалықтарының же­тек­шілерін жина­лыс­қа шақырды. «Фермер» дегенаты болғанымен нәпақасын өз бетінше тауып жүр­ген Берік Күзібаев бұлмәжі­ліс­тен де пәлендей нәтиже шыға қоя­ды дегенге сене қоймаған. Өйт­кені, ауылдағы жағдай ала­қан­­­дағыдай ғой. Күш-қарымның аздығынаншаруа қожалықтары 20 мың гектардан астам жерді игере алмай отыр. Ауыл табы­нын­дағы 33 ірі қара мал бруцеллезге шалдығып, жойылды. Өз­ге­ріске бастайтын тұжырымды қадам қажет-ақ.

 

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:47

Өткен жылдың күзінде Степногор қа­ла­сына қарасты Қара­бұ­лақ ауылдықокругінің әкімі Қайыргелді Әйтімов фермерлер мен шаруақожалықтарының же­тек­шілерін жина­лыс­қа шақырды. «Фермер» дегенаты болғанымен нәпақасын өз бетінше тауып жүр­ген Берік Күзібаев бұлмәжі­ліс­тен де пәлендей нәтиже шыға қоя­ды дегенге сене қоймаған. Өйт­кені, ауылдағы жағдай ала­қан­­­дағыдай ғой. Күш-қарымның аздығынаншаруа қожалықтары 20 мың гектардан астам жерді игере алмай отыр. Ауыл табы­нын­дағы 33 ірі қара мал бруцеллезге шалдығып, жойылды. Өз­ге­ріске бастайтын тұжырымды қадам қажет-ақ.

Көптен күткен өзгеріс осы жиналыста қылаң берді. Кездесуге Степногор қалалық жұмыспен қамту орталығының қызмет­кер­лері қатысты. Олардың Үкімет қолға алған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жай-жапсарын жан-жақты түсіндіріп, көзделіп отырған жеңілдіктерді жіптіктей етіп баяндауы көңілден шықты. Бағ­дарламаның бірінші бағыты бо­йынша құжаттар дайындалды. Көп ұзамай, екінші бағдарлама шең­берінде сегіз ауылдасына Ас­та­на қаласындағы тегін курсқа жол­дама берілді. Олардың ішінде Берік те бар еді. Соншалықты қуа­на қой­ма­ды. Өмір бойы ауылда тұ­рып, мал соңында жүрген 46 жас­тағы адамға не үйретер дер­сің? Жем-шөп жинау науқаны да қызып тұр.

Қателескен екен. Уақыт үрді­сін­дегі ілім-білімнің ешқашан ар­тық болмайтынын ұқты. Сер­ти­фи­катқа ие болумен қоса шаруа­шы­лықты жүргізудің заманалық та­лап­тары, бизнес-жоспар мен келі­сім-шарттарды дайындау, бух­гал­терлік есеп-қисапты жүргізу бағы­тын­дағы құнды мағлұмат­тар­ға қа­нықты. Әсіресе, Дархан Дәрі­баев пен Вера Котовичтің тәлім сабақ­тары есте қалды. Қа­лада тұратын өрім жастар ауыл тіршілігін бес саусағындай біле­тін сияқты. Сұ­рақтарымызға әр­қи­лы мысалдар келтіріп жауап береді. Өзара тәжі­рибе алмасып, ниеттес, тілектес жаңа достар таптым. Бүгінгі күні Астанаға баруыма септескен жұ­мыс­пен қам­ту орталығының ди­рек­торы Қар­лығаш Ғапароваға, Денис Цедриков, Наталья Инютина сияқты қыз­­меткерлерге рах­ме­тім­ді айтып жүрмін, дейді Берік бауырымыз.

Орталықтың қызметкерлері оқудан кейінгі іс-әрекеттердің басы-қасында жүргені әлі «сиясы кеппеген» фермерлерге жігер мен сенімділік берген сияқты. Мал шаруашылығымен айналысуға ті­лек білдірген алты адамға «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдарлама­сы­ның шарапатымен 13 миллион 800 мың теңге жеңілдетілген қаржы бөлінді. Берік Күзібаев 3 миллион теңгелік шағын несиені иемденді. Банк ресімдейтін ке­піл­дік жарнамен қамтамасыз ету­дің оңай еместігін ескерсек, қа­рабұлақтықтар үшін мұны үл­кен көрсеткіш деуге болады.

Өткен желтоқсан айында жұ­мыс­қа кіріскен Берік Күзібаев үйреншікті шаруаны дөңгелетіп алып кетті деуге болады. Бұған оның ауыл тіршілігіне қатысты тракторшы, дәнекерлеуші, құ­ры­лысшы мамандықтарын мең­гер­гені де көмектескендей. Кеңестік дәуірден мұра болып қалған гаражды жөндеп, мал қорасына айналдырды. Қазір онда 7,5 пайыз­дық бағдарламалық несие қара­жа­тына сатып алынған 10 сиыр мен 4 бұзау қыстатылуда. Күн жылынысымен тағы да алты ірі қара мен торпақтар сатып алу қамында.

Бүгінгі күні Күзібаевтардың қожалығында, өз малын қосып есептегенде, 37 ірі қара бар. Алы­нып жатқан төл бұдан бөлек. Сондықтан, екі бақташы мен бір сауыншыны жұмысқа тартып, жалақысын төлеп отыр. Өнім­дерін келіншегі Дина Степно­гор­дың базарында, жәрмеңкелерде саудалап келеді. Отбасылық бизнесте әкесі Нұрхамит ағаның ақыл-кеңесі де кәдеге жарап тұр.

– Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың биылғы Жолдауында ха­лықты әлеуметтік қолдау мәсе­ле­сі бірінші кезекте айтылғаны, ауыл адамдарына көмек-қолдаудың барлық мүмкіндіктері қарасты­рыл­ғаны баршамызды риза­шы­лық сезіміне бөлейді, – дейді Берік Күзібаев. – Мен әлеуметтік тұрғыдағы несиені қуана алдым. Себебі, біз үшін екі мал ұстадың ба, жиырма мал бақтың ба, еш­қандай айырмашылық жоқ. Айыр­машылық мынада – бұрын малды қалыптасқан дағдымен, күнкөріс үшін ұстайтынбыз. Бағдарламаға қатысқалы болашаққа жақсы жос­парлар түзіп, бойымызда басқа­ша жігер пайда болды. Өзгелер де жа­уапкершілікті түсініп, жаңа бас­­таманы іліп алып кетсе дей­мін. Сон­да отбасымыз ғана емес, бүкіл ауыл ауқаттанар еді. Қара­бұ­лағы­мыз да гүлдене түсері анық.

Бақберген АМАЛБЕК.

Ақмола облысы.