Аймақтар • 13 Ақпан, 2019

Қарағандының 85 жылдық тойына ерекше тарту жасалды

239 реткөрсетілді

Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойына жергілікті  автоәуесқойлар клубтары ерекше тарту жасады. Олар полиция қызметкерлерімен бірлесіп,  100-ден астам автокөлік қатыстырылған флешмоб ұйымдастырды.

Шараны ұйымдастырушылар қаланың түрлі алаңдарында автокөліктердің көмегімен «Біз сені сүйеміз» деген жазуды құрап, оны биіктен бейне жазбаға және фотоға түсірді. Жазулар негізінен  қаланың танымал жерлерінде тізбектелді. Мысалы «Сүйеміз» деген сөз орталық мешіт алдындағы алаңда құрастырылса, «Біз» сөзі қаладағы тарихи ескерткіштердің бірінен саналатын «Чайка» қонақ үйінің маңында «жазылды». Ал «Сені» сөзі Майқұдықтағы әйгілі боксшы Головкин атындағы GGG спорт кешенінің алдында құрастырылды.

Күннің суықтығына қарамастан, автокөлік иелері бірнеше сағат бойы композицияны құрастыруға белсене қатысты. Шараны ұйымдастыруға қол ұшын берген демеушілер ыстық шай мен бутербродтар дайындап, флешмоб қатысушыларына ұсынды.

Жалпы бұл шараның даярлық жұмыстарына 2 айдай уақыт кетіпті. Автомобильдер көлемі және түстері бойынша іріктелген. Жүрек пішінін жасау үшін 12 қызыл көлік таңдалды. Ал «85» санын құрастыруға жол полициясының қызметтік көліктері жұмылдырылған.

– Осылайша біз сүйікті қаламызды мерейтойымен құттықтап, оған деген өзіміздің ыстық сезімімізді білдіргіміз келді, – дейді флешмобты ұйымдастырушылардың бірі Ольга Ершова.

Сүйікті қалаға деген ыстық сезім жақсы-ақ. Алайда, Ершова бастаған флешмоб ұйымдастырушыларының  және осы шараға рұқсат берген қала әкімдігінің мемлекеттік тілді назардан тыс қалдырғаны көңілге қаяу түсіреді. Өйткені, жоғарыда айтылған құттықтау сөздерінің түгелге дерлігі орыс тілінде жазылған еді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Соңғы жаңалықтар

Сенат Бюросының отырысы өтті

Парламент • Бүгін, 16:53

Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Тірі малды сату - тиімсіз

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Руханият • Бүгін, 10:23

Абайды тану – асыл парыз

Руханият • Бүгін, 09:21

Ұлағат ұққан ұшпаққа шығады

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Кәріпбектің көрмесі

Руханият • Бүгін, 08:17

Ұятсыздық аздырар адам баласын

Руханият • Бүгін, 08:03

Ұқсас жаңалықтар