29 Наурыз, 2012

Төте жолдың тиімділігі мол

368 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Төте жолдың тиімділігі мол

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:29

Қазақ елі егемендігін ал­ған сәттен бастап іргесін бекітіп, қар­қынды дамуымен қатар, со­нау қырғын соғыс, қу­ғын-сүргін, ашаршылық сияқ­ты қиын-қыстау кезде шетелге тарыдай шашырап, жан сау­ғалап жыраққа кетіп, қазір­гі таңда басынан талай қиын­шы­лық­ты өткізіп жүрген қан­дас­та­рына бабасындай қам­қор­лық жасап, әке-шеше­сін­­дей аяла­ған­да, оларға жұмсақ алақа­нын ашқанда, қандас­тарын өз­дерінен артық көріп оларға жа­нашырлық жасаған­да, жанына тартып мәпе­ле­ген­де Қара ша­ңырақ иесі – бү­кіл қазақ­стан­дық­тар болғанына біз шексіз қуа­на­мыз, ішіміз ел­жіреп, тынысымыз кеңейіп, шаттанамыз.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:29

Қазақ елі егемендігін ал­ған сәттен бастап іргесін бекітіп, қар­қынды дамуымен қатар, со­нау қырғын соғыс, қу­ғын-сүргін, ашаршылық сияқ­ты қиын-қыстау кезде шетелге тарыдай шашырап, жан сау­ғалап жыраққа кетіп, қазір­гі таңда басынан талай қиын­шы­лық­ты өткізіп жүрген қан­дас­та­рына бабасындай қам­қор­лық жасап, әке-шеше­сін­­дей аяла­ған­да, оларға жұмсақ алақа­нын ашқанда, қандас­тарын өз­дерінен артық көріп оларға жа­нашырлық жасаған­да, жанына тартып мәпе­ле­ген­де Қара ша­ңырақ иесі – бү­кіл қазақ­стан­дық­тар болғанына біз шексіз қуа­на­мыз, ішіміз ел­жіреп, тынысымыз кеңейіп, шаттанамыз.

Қазақ елінің қамқорлығына бөлене бастаған шетел қазақ­тары ел тәуелсіздігін аса зор ба­ға­лап елімізге барлық жақ­сы­лық бола берсе екен деп тілеп қана қоймай Қара шаңы­ра­ғы­мыз­ға тамшыдай болса да өз үлесімізді қосып, елі­мізді, жерімізді көздің қара­шы­ғындай қорғап сақтау, қадір­леу, барынша өркендету біз­дің абы­ройлы борышымыз деп санайды. Қазақ елі егемендігін алып, туын көтергенде бұған дү­ниежүзі қа­зақ­тарынан, тіпті бойында қазақ­тың қаны бар адамдардан қуан­ба­ған, мәз-мейрам болып тойла­ма­ған бірде-бір адам баласы сірә болмаған шығар. Біздің ұзақ жылдар бойы енесінен айы­рыл­ған ботадай боздап, келешегі мен ұрпақ-жұрағат үшін алаңдаумен күн өт­кі­зіп жүргенімізді сезінген Қазақ елі біздерге Отанына ора­лу­дың жо­лын ашты. Келе­ше­гі­мізге се­нім­ділік тудырып, үміті­міз­ді арттырып, күдігімізді үзді. Сол үшін Дүниежүзі қазақта­ры­ның қауым­дас­тығын Елбасы өзі құрып, күні бүгінге дейін бұл ұйым­ды өзі бас­қарып келеді. Тәуел­сіздіктің ер­теңі­­нен бастап қазақ иісі бұр­қы­раған барлық елдерге іссапармен бірне­ше рет барып, ондағы қазақ­тар­­мен кездесіп әңгімелесті.

ДЖҚҚ арқылы шетелдегі қа­зақтардың ұлы құрылтайын 4 рет өткізіп, олардың келешек бағы­тын анықтады. Былтыр егемен­ді­гі­міз­дің 20 жылдығын тойлап өт­кізсек, 2012 жылы ДЖҚҚ құры­луы­ның, және шетелдегі қандас­тар­дың ту­ған Отаны, Қара шаңы­ра­ғына оралуының 20 жылдық ме­рекесін қуанышпен өткізеті­ні­міз де анық. Қауымдастық Төр­аға­сының бі­рін­ші орынбасары Талғат Мамашев осы мәселені әде­йі белгілеп, еларалық төте жол мәселесі жө­нін­де өз ұсынысын 2008 жылы шық­қан “Шетел қа­зақтары” атты кітабында өте анық жазған. Қазақ елінің Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы ең алғаш Гер­мания, Англия, Түркияда бол­ған сапарларында сон­дағы қаза­қ­тар­мен кездесіп, қан­ша­лықты тол­қ­ығанын телевизор, радио, бас­пасөз арқылы естіп-бі­ліп, Ел­басы­ның жү­регінде екені­міз­ге аса қуандық, еліміздің ерлігі­не, Елба­сы­ның қа­һармандығына сүйсіне білдік. Тіп­ті 1993 жылдың күзінде Моң­ғо­лияға іссапармен барған кезде аймағымыздың әй­гі­лі ақын-жазу­шысы Шынай Рах­метұлының сөзіне жазылған ар­нау­ға жазушы, журналист Қайнар Олжай “Президент пырағы” кі­табында былай деп жазған:

“Баян-Өлгей аймағының Ми­замхан бастаған азаматтары Қа­зақ­стан делегациясына қонақасы беруді парыз санапты. Көк тәңірі резиденциясының ішінен олар да он екі қанат қазақы киіз үй ті­гіпті. Үйдің ою-өрнегі айтып жет­кізгісіз. Сол жерде үкілі домбыра алып, өзі де үлбіреп тұрған Мер­уеш Башайқызы деген қарын­дасы­мыз Қазақстан Президентіне арнау айтты. Президент талай арнауды естіп жүргені белгілі. Бірақ ата жұрттан алыстағы жұрттың сағынышы, аңсауы, өксігі, өкі­ні­ші, үміті, болашағы жатқан бұл арнаудың жөні бөлек болды. Наз да бар, базына да бар, тілек те бар, қайсарлық та бар. Бәрі-бәрі даусы ерен, әні ерен, сөзі ғаламат осы арнаудан табылар еді…»

Сол арнау жыр былай басталатын:

Қош келдіңіз Нұр-аға!

Елімізге нұр ала.

Өзіңізді көргенде

Толқымай көңіл тұра ма?

Халықтың сөзін сөйлейін,

Болмасам да ғұлама.

Уа, дариға-ай, дариға-ай!

Жүректі шоқ қариды-ай!

Алты алашта қол бастар,

Абылайдай аға жоқ,

Жауды жасқап, жол бастар

Жәнібектей дара жоқ.

Азған елге Абайдай

Ақыл айтар дана жоқ.

Өтеміз-ау өксумен,

Басқаларға таба боп.

Деп аһ ұрып жүруші-ек

Дене де дерт, сана дерт.

Келдіңіз бе өмірге

Еліңізге пана боп,

Сол жобадан табылса

Бізде арман, нала жоқ.

Уа, дариға-ай, дариға-ай!

Жүректі шоқ қариды-ай!

Сұлтанбысыз, нұрмысыз,

Аман-есен жүрмісіз.

Дұғай сәлем жеткізем,

Сұра елдің тұрмысын.

Қаңқылдайды алдыңда ,

Сыңар қанат бір құсың.

Құқай ойнап төбемде,

Құдай болып тұр мүсін.

Боданы болып бөтеннің,

Жырта-жырта жыртысын,

Күйзелумен үш ғасыр

Күн өткіздім, күйді ішім.

Тек, желтоқсан желінде

Сізді көрдім, Тұңғышым!

Уа, дариға-ай, дариға-ай!

Жүректі шоқ қариды-ай!

Қанды бұғау қақырап,

Қайта оралды Көк туым,

Алыстағы ағайын

Келші деген жетті үнің…

Ақ боз үйдің алдында арнауды тыңдап тұрып, Президент Нұр­сұлтан Назарбаев толқыды. Бұған дейінгі талай сапарларда бұл кісі таңданысын да, толқынысын да байқатпайтын. Әлде, табиғаты­нан, әлде президенттік қызметі­нен болар, өзін сезім жетегінде жібер­мей­тін. Тұңғиығын тербей білсе, терең де толқиды екен” деп жазыпты. Шынында осы сәтте Нұр­аға­ның көзінен жас ытқы­ға­нын мен өз көзіммен көріп, бар­лы­ғымыз іш­тей елжіредік. Жү­рек­тен шық­қан сөз жүрекке жете­ті­нін, шынайы сезімнің қанша тол­қыта­ты­нын осы сәтте аңғардық. Нұраға екінші келген сапарында Моңғо­лия үкімет үйі ішінде бір топ қа­зақ­тармен жеке кезігіп, онда тұра­тын қазақтардың жай-күйін қайта-қайта сұрап, тіршілігімізге, келешек ұрпағымыз өркеніне аса мән бергенін, “Қане айтыңдар, қолдан келген барлық жағдайды жасаймын, сендерді президент­тері­ңе жекелеп тапсырып та ке­те­мін, енді еш нәрсеге алаң бол­май­сыңдар, арттарыңда біз бармыз ғой” деген жүрекжарды сөздері күні бүгінге дейін ұмытылмайды. Қазақ елінің, Елбасының қамқор­лығына бөлен­ген шетел қазақтары біздер осы елге, Елбасына үнемі еркелеумен келеміз.

Сол күннен бастап Баян-Өлгей қазақтары өгей де, жетім де емес, еліміз, жеріміз, панамыз, еркелей­тін, қастерлеп сақтайтын Елбасымыз, жеткізіп өсіретін Қара шаңы­ра­ғымыз барын тіпті терең түсін­дік. Таудың тауға болмаса да, адам­ның адамға қосылатыны да, ат оралып қазығын табатыны да шын­дық болды. Ұлы көш әрмен жал­ға­са бере­ті­ні, қазақ өзімен өзі өсіп толғаны, әрмен толатыны да рас. Сол үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Моң­ғо­лия қазақтарының тыныс-тір­шілігімен жете танысып, ерекше мән беріп, екі ел арасында сайрап жатқан талай жылдар бойы ата-бабаларымыз мал айдап, жүк тасып Шығыс Қазақстанның Ка­тон­қара­ғайы арқылы қатынап тұр­ған небәрі 57 км. төте жол мәсе­ле­сін тез арада шешуді, Ресей жері­мен өтетін 57 км.-ге дәліз ашып, жол салуды армандаған Баян-Өл­гей қазақтары­ның тілегін осылай мақұлдаған. Бұдан кейін де төте жолды салдыруды министрлік­тер­ге тапсыра ке­ліп, егер жол салынса дәліз аштыруды Ресей басшыларымен өзі келісетінін де айтқан. Өт­кен жылы Ресей президенті Медведевке кезік­кен сәтте де Нұрекең осы мәселені есіне алып, Ресей жағынан қарсы­лық болмайтынын нақтылаған.

Өмір шындығына тоқтасақ, 20 жылда Қазақ елі ғасырлық өрке­ниетке жетіп, ғарыштан бастап әуе ұшақтарын жасаудың бәрін игеріп, тіпті адамның ми тамырларына күрделі операция бүй­рек, бауыр, жүрек сияқты органдарды ауыстыра алатын ірі же­тіс­тіктерге жетті. Ал Ресеймен келісе отырып ата-бабаларымыз талай жыл жол етіп келген осы бір азғантай жерге жол салу, оны ашу арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына қуаныш­ты хабар беріп сүйіншісін алу Шығыс Қа­зақ­стан облысы әкім­ді­гінің енші­сіне қалып тұрғанға ұқсайды. Егер осы жол ашыла қалса Моң­ғолия жағынан әске­ри бекет орнатып, кеден құруды өз мойыны­мыз­ға алар едік. Бас-аяғы 57 км.-ге жол салынса нұр үстіне нұр, екі елдің сауда-эко­но­мика­лық қатына­сын дамы­ту­ға, барыс-келіс­ке жағ­дай жасалар еді.

Баян-Өлгейдің Көкірге деген жерінде бұрын Ресейге мал шы­ға­ратын мал базасы болған. Ол жерден малды айдап немесе ма­ш­ина­ларға тиеп Семейге әкетіп отыр­ған. Осы Көкіргеден қызыл кезең арқылы Ресейдің Халгута заставасы, одан әрі Ақанаса заставасы жалғасады. Бұл Ақанаса бұрынғы Қазақстанның “Ала ал­қа” деген өзеннің атымен аталған. Осы Ақа­на­садан 15 км. жүріп, Қазақстан ше­карасы Бұқтырма өзеніне кіре­ді. Одан әрмен 160 км. жүріп. Катонқарағай орталығына жетеді. Дәлірек айтсақ, Ресей шекарасымен 57 км. жүріп өтеді. Осы жолмен кезінде Қазақстан-Моңғолия тікелей шекараласып, тура байланыс жасап отырған.

Дәл осы жолмен Моңғолия қазақтары 1880-жылдардан бас­тап Катонқарағай ауданындағы Ни­кольск жәрмеңкесіне жыл са­йын желтоқсанда көптеген түйе­мен келіп, сауда жасап жүк тасымал­да­ған. Қысқы аязда керуен тартуы­ның мәнісі – суықта тү­йе зорығып қызыл май бол­май­ды, ширақ жү­реді. Міне, осы мә­се­лені Шы­ғыс Қазақстан облысы қолға алса бәрі сәтіне айналатынына сеніп қайта-қайта тоқталып отырған жайымыз бар. Қазақ елі егемендігін алған алғашқы сәттен ерекше қуанған да, келешегін ойлап қобалжыған да шет қазақ­тары ішінде Баян-Өлгей қазақ­тары болды.

Бүгінгі таңда Баян-Өлгей ай­мағы қазақ халқының ана тілі ең таза сақталған, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті өзінің ежелгі боя­уын жоғалтпаған өңірлердің бірі деп Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті, Әлем қазақ­тары қауымдастығының Төраға­сы Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзі қа­зақтарының 2-құрылтайында жа­­са­ған баяндамасында баға бер­­ген еді. Тіл мен дәстүрдің жа­қ­сы сақталу себебі қазақ­тар­дың ұлт­жандылығы мен намыс­шыл­ды­ғына және Моңғол елі­нің ме­йір­бандығына байланыс­ты бол­ға­ны­мен де атажұрт Қа­зақ­стан­ның, өз қандастары­мыз­дың ай­рық­ша ықпал еткендігі де толассыз шындық. Қазақ елі мен Моң­ғолия арасында осылай төте жол ашылса халқымыз, келешек ұрпа­ғы­мыз қаншама қиын­шылықтан арылар еді. Баян-Өл­гейден шық­қан көлік Ресей жері­мен 1500 км. жерді шамамен екі-үш күн жүріп, жолда көрме­генді көріп, азапты шегіп әрең жетсе, төте жол арқы­лы небәрі 60 км. жерді екі-ақ сағат жүріп Қа­зақ елі шекарасына же­тері даусыз. Қа­зір­гі кезде бұрын­ғыға қарағанда екіге бөлінген халық бір-біріне, әсіресе, қыс­тың аязында торқалы тойға емес, топырақты өлімге барып-келуі көбейіп барады. Оның сыртында екі ел арасында сауда-эконо­ми­ка­лық қатынасты дамытатын жаңа кезең ашылмақ.

Үзбен ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, Моңғолия үкіметіне еңбек сіңірген қайраткер.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45