29 Наурыз, 2012

Үміт оты

411 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Үміт оты

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 8:01

Алыста жүрген адамға атамекеннен ыстық жер болмайтыны айтпаса да түсінікті. Сонау Қарақалпақстанда тұ­рып жатқан ерлі-зайыпты Еділ Әйтім­бетов пен Қарлыға Әбдіғалиева отбасы төрт баласымен 2004 жылы ата-ба­­ба­ларының кіндік қаны тамған Ақтөбе өңіріне атбасын бұрып, көш керуенді түзегендеріне қазір еш өкін­бейді. Мұ­­ғалжар ауданының Ақкемер ауылына табан тіреген олар квота бойынша бө­лінген қаржыға үй сатып алып, «көп­пен көрген ұлы той» дегендей, тірші­лікке араласып, елден қал­мау­ға талпынды. Еңбектен бойын ау­лақ салмайтын ағайындар ауылдастары арасында өнегелі отбасы ретінде тез сіңісіп кетті.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 8:01

Алыста жүрген адамға атамекеннен ыстық жер болмайтыны айтпаса да түсінікті. Сонау Қарақалпақстанда тұ­рып жатқан ерлі-зайыпты Еділ Әйтім­бетов пен Қарлыға Әбдіғалиева отбасы төрт баласымен 2004 жылы ата-ба­­ба­ларының кіндік қаны тамған Ақтөбе өңіріне атбасын бұрып, көш керуенді түзегендеріне қазір еш өкін­бейді. Мұ­­ғалжар ауданының Ақкемер ауылына табан тіреген олар квота бойынша бө­лінген қаржыға үй сатып алып, «көп­пен көрген ұлы той» дегендей, тірші­лікке араласып, елден қал­мау­ға талпынды. Еңбектен бойын ау­лақ салмайтын ағайындар ауылдастары арасында өнегелі отбасы ретінде тез сіңісіп кетті.

Балалары да тәртіпті болып өсіп, өз өмір жолдарын таба бастады. Балалары «екі қолға, бір күрек» дегендей, жұмысқа орналасты, еңбекке аралас­ты, ұлы үйленді, қызы тұрмыс құрды. Ғалымы да аға-апасының ізін қуып, өмірден өз орнын табуға ұмтылды. Өзі қолға алған ісін аяғына дейін жет­кіз­генше тыным таппайтын еңбекқор. Облыс орталығындағы «Рауан» кол­лед­жін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген ол екі жылдай «ИМК Секьюри­ти» ЖШС-інде күзетші болып жұмыс істеді. Арасында облыс орталығын­да­ғы жиһаз жинау цехында жұмыс істеп, ағаш шеберлігіне де төселіп алды. Сөйтіп, жиһаз жасаудың қыр-сырын игерді. Біреуге тәуелді болғанша ауыл­ға барып, өз ісімді неге ашпасқа деген ой келді қаперіне. Нартәуекел деп 2007 жылы сәуір айында «Әйтім­бе­тов.Ғ.Е.» жеке кәсіп­орнын ашып, тіркеуден өткізді. Құ­рал-жабдығын түгендеп, қажетті материалды Ақтөбе қаласынан жеткізуге тура келді. Ол үшін әрине, көлік керек болды. Жас кәсіпкер тәуекелге барып, БТА банктің облыстық филиалынан 600 мың теңге несие алып, жиһаз құрастыру станогын, «ГАЗель» қорап­ты автокөлігін сатып алды. Жиһазды басында ың­ғай­ластырылған орындарда жинады. Өз қолынан шыққан жи­һазға тапсырыс көбейе түскенін аңғар­ған Ғалым арнайы цех салуды ойластырды.

«Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дегендей, осы кезде Мұғалжар өңірінде қара алтын өндірумен айналысатын Ресейдің «Лукойл» компаниясы өңірдегі ауылдарда өз ісін ашуға үміткерлерге «Арай» арнаулы бағ­дар­ламасын жүзеге асыруға кірісті. Бір ерекшелігі, бұл бағдарлама бойынша бөлінетін грант өтемсіз тегін берілетін еді. Кәсіпкер жігіт өз бизнес-жобасын жасап, грантқа ілікті. Грант бойынша қолына тиген 1 миллион теңгеге тым-тәуір жиһаз жинау цехын салып алды. Ғалымның қолынан шық­қан жи­һаздардың дүкендердегіден ар­тық болмаса, кем түспейтінін аңғарған ауылдастары ат сабылтып, Ақтөбеге барып, жиһаз әкелуді қойды. Осында тапсырыс беріп, кіреберіске, ас үйлік жи­һаздарды, компьютер үстелі және бас­қа жиһаздарды жақын жерден үй­ле­ріне кіргізе қоюға дағдыланды. Көрші ауылдардан да келіп, алып жатады. Бір сөзбен айтқанда, Ғалымның ісі жүрді, енді өндірісті кеңейтуге тура келді. Былтыр ол «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасы бойынша «Биз­нес-Навигатор» кәсіпкерлік орта­лығында білімін көтеріп, арнайы курстан өтті. Оқуы, жатар орны мен жолын Үкімет көтерді. Қолына арнайы сертификатпен бірге, осы бағдар­ла­маның екінші бағыты бойынша 1 миллион теңге несиесі де тиді. Жиһаз жинаушы кәсіпкер бұл қаржыға қосымша материал сатып алып, өндірісін ке­ңей­ті. Қазір осы шағын жиһаз цехында өзі мен інісі Нұрымнан басқа екі ауылдасы Кенен Байсұлтанов, Жаңалық Аймағамбетов еңбек етеді. Айлықтары да жаман емес, 40-50 мыңнан айналады. Болашақта жұмысқа тағы да бір-екі ауылдасын тартуды көздеуде.

– Қашанда жаңадан іс бастау оңай емес. Мен бұл шаруаға он ойланып, мың толғанып барып кірістім. Сондай-ақ, маған ата-анам, бауырларымның қолдау көрсетуі де күш берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бағдар ұстанған сара саясатының ар­қасында қолға алған ісімізден берекет таптық десем артық айтқандық болмас. Кәсіпкерлікті, соның ішінде ауылда шағын және орта бизнесті да­мы­туға бағытталған бағдарламалардың тиімділігі сөзсіз. Мұндай мүмкіндікті жалқау, енжар адам ғана пайдаланбайды. «Қолымызға қармақ берді», соның игілігін көру әркімнің өз ынта-ықыласына байланысты. Біз көптеген тұрмысқа қажетті жиһаздар құрасты­рып, шығаруды жолға қойдық. Біздің жиһаздарымыз фирмалық өнімдерден кем түспейді, есесіне арзан, тасымалға да шығынданып жатпайды. Сондық­тан болар сұраныс жоғары, оның үстіне біз тұтынушының тапсырысы бойынша өздерінің талғамына сай етіп дайындаймыз. Жиһаздарды сол үйдің алаңына сай келетіндей етіп, тұты­ну­шымен келісе отырып жасаймыз. Бұл да тұтынушылар көңілінен шығып тұр, – деді ақкемерлік кәсіпкер жігіт Ғалым Әйтімбетов бізбен әңгімесінде.

Кәсіпкер жігіттің әңгіме ауанынан аңғарғанымыз ісі оңға басып, ілгері күнге үлкен үмітпен қарап отыр. Қазір банктен алған несиелерін бір­­­тіндеп қайтара бастапты. Болашақта диван, кресло сияқты жұмсақ жиһаз шыға­руды да ойластыруда. Жалпы, Ғалым Әйтімбетов «Тәуекел түбі, жел қайық» деп бастаған ісінің жүргені тек өзінің еңбекқорлығының ғана емес, шағын кәсіпкерлікті дамыту ба­­­ғытында елі­мізде кабылданған бағ­дар­ламаларда қарастырылған жеңіл­­­діктер мен Ел­басының сара сая­са­­­тының арқасында мүмкін болғанын ағынан жарыла жет­кізді. Өз бойына ертеңгі күнге деген сенімділік ұялат­қа­нын тілге тиек етті.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

Ақтөбе облысы.