30 Наурыз, 2012

Ер қашанда туған жеріне тартады

318 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ер қашанда туған жеріне тартады

Жұма, 30 наурыз 2012 8:03

Бір тарыныңқауызынасыйғызған кеңестікжүйенің жүгі ауып,бірден құрдымғакеттіОсы тұстахалық сең соққанбалықтай күйкештіКүні ер­тең«коммунизмде»өмір сүремізде­ген­дердің соқырсенімінің де күлікөкке ұштыКейбірэтностар өкілдеріата­ме­кеніне көш түзедіСол кезеңді есіме алсамауылдағы сәулетті,дәу­летті не­містердің үйлерін қазекемдер бағасына қарамайталғамайсатып алып жаттыҚұжаттарын түгендепсо­ңына қа­райламайасығыс шекара асқандардың «сәлемдемелері» де елең­дететін. «Шір­кін,тәртібін айт­саң­шыкөшелері мұнтаздай тазаДүкен­дерінде «құстыңсүті» де барНағыз өмір сонда екен»! Көрмегендер осыны армандайтын.

 

Жұма, 30 наурыз 2012 8:03

Бір тарыныңқауызынасыйғызған кеңестікжүйенің жүгі ауып,бірден құрдымғакеттіОсы тұстахалық сең соққанбалықтай күйкештіКүні ер­тең«коммунизмде»өмір сүремізде­ген­дердің соқырсенімінің де күлікөкке ұштыКейбірэтностар өкілдеріата­ме­кеніне көш түзедіСол кезеңді есіме алсамауылдағы сәулетті,дәу­летті не­містердің үйлерін қазекемдер бағасына қарамайталғамайсатып алып жаттыҚұжаттарын түгендепсо­ңына қа­райламайасығыс шекара асқандардың «сәлемдемелері» де елең­дететін. «Шір­кін,тәртібін айт­саң­шыкөшелері мұнтаздай тазаДүкен­дерінде «құстыңсүті» де барНағыз өмір сонда екен»! Көрмегендер осыны армандайтын.

Әрине, Германия Еуропаның өр­ке­ниетті мемлекеттерінің бірі екені рас. Бірақ, қазақтың қанына сіңген ерекше қасиетінен, туған жердің жусанының жұ­пар иісінен артық не бар. Хал­қы­мыз­­дың асыл қасиеттерін ежелгі ата­мекеніне барғанда түнде түсінен, күн­­­­діз есінен кетірмеген неміс бауыр­лар­дың арасынан кейбіреулері көп тұрақ­та­май қайта келгеніне куә болып жүр­­­міз. Ұзынағаш ауылындағы Виктор Ива­нович Стецюраның 93 жастағы анасы Мария келіні Света мен немересі Витя Германияға көшкенде бармай қалды.

– Мені қойыңдар, Алатаудың баурайын ешбір жұмаққа айырбастамаймын. Қазақта «Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» деген тәмсіл бар. Мұнда да жаман емеспін. Сонау жылдары аш-жалаңаш келгендегі қазақ халқының ыстық пейілін аяққа теппеймін, – деді кейуана.

Қазір келіні басқа елде, өзі, ұлы Виктор екеуі Ұзынағашта тұрып жатыр. Немересі Витя да елге оралған. Келіні Света Германиядан жиі келіп, кетеді. Бұл бір ғана мысал.

Ал Еңбекшіқазақ ауданындағы Кос­мос ауылында тұратын Андрей Ма­йердің халқымызға деген пейіл, ниетін білгенде еріксіз риза боласың. Төртінші мүшелін түгендеген ол қазақ тілінде сөйлегенде өзіңді жаңыл­ды­рады. Өзі бұрынғы Октябрь кеңша­рында өсіп, осындағы І. Жансүгіров атындағы орта мектепті бітірісімен еңбекке  араласады. Жасынан көрші­лер­дің балаларымен тай-құлындай те­бісіп бірге өсіп, қазақтың салт-дәс­түрін бойына сіңірген азамат. Көкшіл көзі ғана оның өзге ұлттың өкілі екенін білдіреді. Бірақ, жүрегі Қазақ елі, жері деп соғады. Аттың құлағында ойнап, түлік төресі – жылқы бағады. Әйгілі Асы жайлауын ұзыны мен көл­денеңінен  түгел шарлап, оның шалғы­нына аунап, саф ауасынан нәр алған. Жасыл белдің жолдары мен соқ­пақ­тарында балалық бал дәуренін өткізсе, ол оның жан-дүниесіне де ізгілікті із қалдырғанын ерекше айтады.

Жаз шығысымен көрші Қырбал­та­бай асыл тұқымды қой кеңшары, Түр­гендегі, көршілес Талғар, Іле аудан­дарындағы шаруашылықтар жайлауда қаз қатар отырып, бір-бірімен араласады. Жаздың жайма-шуақ күндерінде төрт түлік мал бағып, кең жайылымға шыққан жігіттер қолы босағанда өнер қуып, бас біріктіреді. Сәйгүлік баптап, бәйгеге қосса, көкпар тартса, думанға бөлейтін сәттері көп қой, шіркін. Жігіттерден қалыспаған Андрей де көкпар тартуға әбден машықтанады. Тіпті, тақымына басқан көкпарды бі­лекті деген жігіттер ала алмайды.

– Астыңдағы атыңды көкпар тарт­қан топ­қа туралап, еңгезердей жігіт­тер­дің қолы­нан серкені күшпен алып, тақымға қысқан сәтті қалай ұмытар­сың. Қиқулата сайдан тік­теп, қырға шықсаң, соңыңнан лап қойған албырт жастардың арасынан «айлалап» өтіп, көкпарды қадірменді үйге түсіресің. Бұл келесі көкпар осы үйден бері­ле­тінін біл­діреді. Сонда Еу­ропаның ең әйгілі футбол коман­да­сының қақпасы­на «гол» соқ­қа­н­нан артық әсер ала­сың, жігерленесің, – деген А.Майер қазақтың ұлттық ат спортын там­сана айтты да тарихи отаны – Герма­ния­ға қашан көшіп, Қазақстанға қалай қайта оралғаны жайлы әңгіме тиегін де әсерлене ағытты.

– Отбасымен 2004 жылы Германия­ға кө­шіп бардым. Біраздан соң, екі ұлым өз орнын тапқандай болып, кә­сіп­ке бейімделді. Мен де қарап отырмадым. Жұмыс істеп, кіріс кіргіздім дегендей. Ол жақтың ел мақ­таған тәр­тібіне де, тұрмысына да көндік­кен­дей едім. Бірақ, Еуропаның ең озық осы еліне сіңбедім. Тіпті, үйреніп кете алмадым, тынысым тарылып, өзімді ер­кін сезінбедім. Бұл ел маған жат болып көрінді. Жылқы бағып, еркін ты­ныстаған Ойжайлау ойыма түс­кенде еңсем езілді. Өзіммен бірге өскен дос­тарым Елмырза мен Асхатымды са­ғынғанда теріме сыймай қапаландым. Екі жыл бойы азаптаған ностальгия, туып-өскен еліңе деген сағыныш мені қайта жетелеп Қазақстаныма алып кел­ді. Қазақтың «Ер – туған жеріне» деген тәмсілінің мағынасын енді тү­сіндім, – дейді А.Майер.

Ұшақтан түскенде айналасындағы қара көз жандардың бір-біріне деген мейірімі, ақпейілі сағынышын басқан­дай болыпты. Ауылдағылар да жатсынбай қарсы алған. Қазір ол зайыбы Ольга екеуі Кос­мос ауылында көрші­лері­мен туғанындай араласып кеткен. Қарап отырмай, тұр­ғын­дарға қызмет көрсететін дүкен ашқан. Серафимі өсіп келеді.

Жасынан төрт түлік малдың жайын білетін Андрей осы кәсіпті басқа қы­рынан дамытуды мақсат етеді. Өнімді қайта өңдеп, дайын күйінде тұтыну­шыға ұсыну жоспары бар. Осы оймен Еңбекшіқазақ ауданындағы кәсіпкер­лікті дамыту бөлімінің бастығы Бейбіт Ысқақовпен ақылдасқан. Бастамасы қолдау тауыпты. Енді мал басын кө­бейтіп, қонысының жанынан тұшпара цехын салуды ойластыруда. Әрі қарай тәлейінен көрмек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында ауыл шаруаш­ы­лығын дамытуды, ет өндірудің экс­порт­тық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жетілдіруді тапсырғаны мә­лім. Бұл өнімді экспортқа шығаруға бағытталғаны істі сенімділікпен бас­тау­ға мүмкіндік бергенін айтқан кәсіп­кер күні ертең өз өнімін Еуропаға шығарсам деп те армандайды.

Иә, жігітке өнер аздық етпесе к­е­рек-ті. Қазақтың салты мен дәстүрін, тілін құрметтейтін Андрей енді мал бағып, өнім өңдеуді қолға алған. Туған жердегі өткен әр күнін бақытқа балайды. Тіпті, осы асқақ ұғымның адам өміріне көрік беретінін де әсерлене жеткізеді. Туған жердің бір уыс то­пы­рағы жүзі басқа азаматтың өміріне нәр берген. Іске сәт, туған жерін сүйген азамат дейміз біз де оған шын ниетпен.

Күмісжан БАЙЖАН.

Алматы облысы.