14 Ақпан, 2019

Ордабасы ауданына жаңа əкім тағайындалды

616 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі болып Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды.

Ордабасы ауданының активін бүгін жаңа басшымен таныстыруға барған облыс əкімі Жансейіт Түймебаев Қайрат Жолдыбайұлының қызметіне сəттілік тілеп, Елбасының тапсырмаларын орындауда аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.

Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы 5 мамырда  Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында туылған. Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарын және ғылымды қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2003-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сатып алулар және жекеменшік бөлімінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірқатар Комитетінде бас маман, бас сарапшы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болып қызмет жасаған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты. 2016 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар

Есік неге «тесік»?

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар