07 Сәуір, 2012

Ауылды жастар көтереді

253 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ауылды жастар көтереді

Сенбі, 7 сәуір 2012 8:52

“Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің”, дейді халық даналығы. Бұрынырақта ауыл жігіттері жұмыс іздеп қалаға ағы­латын еді. Енді ауылға қай­тып, несібесін еңбектен тап­қан­дар көбейіп келеді.

Үлкен қалада оларды күтіп тұр­ған ешкім жоқ. Жұмыс тап­қаны, білімін жетілдіріп қосым­ша мамандық алғаны сіңеді. Ал, қал­ғанының айналдыратыны базар.

 

Сенбі, 7 сәуір 2012 8:52

“Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің”, дейді халық даналығы. Бұрынырақта ауыл жігіттері жұмыс іздеп қалаға ағы­латын еді. Енді ауылға қай­тып, несібесін еңбектен тап­қан­дар көбейіп келеді.

Үлкен қалада оларды күтіп тұр­ған ешкім жоқ. Жұмыс тап­қаны, білімін жетілдіріп қосым­ша мамандық алғаны сіңеді. Ал, қал­ғанының айналдыратыны базар.

Сарыағаш ауданының Қап­лан­бек ауылындағы жылы­жай­лардың жұмысымен танысып жүргенімізде, сонда жұмыс істеп жүрген Асқар Елубаев деген жас жігіт: “Қалада көп уақы­тым­ды жоғалтып алдым”, деп қалды.

Айтуынша, базарда тәшкі сүйреген. Тілемсектеніп, әркім­нің жүгін машинасына дейін жет­кізіп бергеніне тиын-сиын алған. Былайша айтқанда, ойлы жігіт үшін қорлық. Тапқаны та­ма­ғынан, пәтер пұлынан артыл­мап­ты. Ауылдағы ағасы шақыр­ған. Жылыжай – пайдалы кәсіп. Біраз қаржының басын құрап үлгеріпті. Енді: “Бас екеу болмай, мал көбеймейді”, деп қоя­ды. Асқардікі дұрыс-ау.

Оңтүстік Қазақстан облысы­на ауылдық елді мекендерге жұ­мыс істеуге және тұру үшін келген әлеуметтік сала маман­дары­на қолдау шараларын ұсыну мақ­сатында 2011 жылға респуб­ликалық бюджеттен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы ая­сында 644 маманға біржолғы көтерме жәрдемақыға 68,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде: білім беруге – 405 маман, ден­сау­лық сақтау саласына – 222 маман, мәдениет саласына – 8 маман, спорт саласына – 4 маман, әлеуметтік қамсыздандыруға 5 маман қамтылған.

Ауылдық елді мекенге жұ­мыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарының қажеттілігіне қарай 2011 жылы 209 маманға 427 768 мың теңге сомасында жеңілдетілген бюд­жеттік несие қаралған. Аталған іс-шаралар ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге баратын жастар қатарын көбейтуге ба­ғыт­талып отыр.

Оның сыртында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қата­рында 3700 қыз-жігіт жұмыс­пен қам­тыл­ды. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік дәлізі құрылысында 110 студент жастар жұмыс істеді.

Облыс қыз-жігіттері респуб­ли­калық және жергілікті дең­гей­де өткізіліп жатқан ауқымды да маңызды іс-шараларға белсене араласуда. Олар ірі-ірі қоғам­дық-саяси іс-шаралардан бастап, елді мекендерді көркейту, абаттандыру мәселелерінде жақ­сы жақтарынан көрінуде.

Облыс әкімі Асқар Мырзах­метов келелі жиындарда жастар мәселесін жиі көтеріп, білімдерін жетілдіруіне, қосымша ма­ман­дық алуларына және жұ­мыспен қамтылуына тиісті сала басшыларынан талап етеді. Қуан­татындығы, осы жұмыс жемісін беріп келеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

Шымкент.