03 Наурыз, 2010

БАНКТІҢ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ

715 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Индустрия және сауда министрлігінде Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі отырысының қорытындылары бойынша “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстанның Даму банкі өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Оның барысында отандық биз­несті қолдау және өңдеуші өнер­кә­сіпті орта және ұзақ мерзімді не­сие­леу көлемін ұлғайту қажеттілігі бойынша жұмысты күшейту мә­се­лелері талқыланды. Осы күндері ҚДБ еліміздің банк секторында ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері­нің бірі болып есептелетіні белгілі. Қазіргі кезде аталмыш банктің қатысуымен шамамен 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде отандық компаниялардың 62 инвестиция­лық жобасы іске асырылуда. Ка­пи­тал рыногында ақшалай ресурс­тар­дың құны өзгеруіне және жалпы эко­номикалық белсенділіктің азаюы­на қарамастан, ҚДБ әлемдік қаржылық дағдарыс басталған кезден бұрын берілген қарыздар бой­ынша сыйақы мөлшерлерін арт­тырмау, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссияны өндіріп алмау, клиенттердің міндет­темелерін қайта құрылымдау бой­ын­ша белсенді жұмыс жүргізу ша­ра­ларын атқаруда. Сонымен бірге, Қазақстанның Даму банкі берілген қарыздар бойынша үстеме табыс­тарды алуды мақсат етпейді және ол инвестициялық жобаларды іске асыруды өз жұмысының тиімділігі­нің басты белгісі ретінде санайды. Банк бұдан әрі қарыз алушы­лар­дың қолданыстағы кәсіпорын­да­рын ретке келтіруді, сонымен бірге, бизнестің транспаренттілігін қам­тамасыз ететін, мемлекеттің ин­дустриялық саясатының басымдық­та­рына сәйкес келетін және даму болашақтары бар компаниялардың жаңа бастамаларын қолдауды жалғастыруға ниет білдіреді. Елбасының инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді қамтамасыз ету бойынша тапсыр­ма­сын орындау мақсатында, ҚДБ биылғы жылдың наурыз айының соңында коммерциялық банктерге банкаралық несиелеу түрінде жаңа қаржы көзін ұсынады. Инвестиция­лардың көлемі 5-тен 50 млн.-ға дейін АҚШ долларын құрайтын өңірлік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін екінші деңгейлі банк­терді мақсатты және ұзақ мерзімді қорландыру көзделген. Бұл ҚДБ-ға өз инвестицияларын кеңейтуге мүмкіндік береді, ал екінші дең­гей­лі банктер болса, өздерінің кор­по­ративтік клиенттеріне инвестиция­лық несиелеуді ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Қазір Үкіметтің “Самұрық-Қа­зына” қоры арқылы қолдауы арқа­сында ҚДБ 4 млрд. АҚШ дол­лары­на дейін сыртқы қарыздарды ел экономикасына тарту мүмкін­дігіне ие болып отыр. Сонымен, “Қазақстанның Даму банкі” АҚ биылғы жылдың 26 ақ­панында өткен Кәсіпкерлер кеңе­сінде Елбасының банк секторына берген тапсырмаларын ескере оты­рып, экономиканың өңдеуші сала­ларында инвестициялық жобаларды қолдауды жалғастыратын болады. Анықтама үшін айта кетсек,  2001 жылы құрылған “Қазақстан­ның Даму банкі” АҚ қазіргі күні “Са­мұ­рық-Қазына” қорының құрамына кі­реді. Банк қызметінің негізгі ба­ғыттары мемлекеттік ин­вес­тициялық қызметті жетілдіріп, тиімділігін арт­тыру, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті  дамыту, ел экономи­ка­сына сыртқы және ішкі несие­лер­ді тартуға қолдау көрсету болып саналады. Дастан КЕНЖАЛИН.