Мұнда видеокадрларды редакциялауға арналған Chromakey, «Ақылды үйдің» үш өлшемді Smart Home моделі, аймақтың көне қалаларының көрсетілімін туристерге ұсынуға арналған виртуалды және шынайы үлгісін бейнелейтін көзілдірік, 3D-принтерде орындалған дрондардың, танктердің және басқа да техникалардың үш өлшемді модельдері, сондай-ақ «Қазпошта» клиенттеріне қызмет көрсетуге көмектесетін Арман роботы ұсынылған.
- Облыс әкімінің қолдауымен Қызылордада «ITiMAQORDA» орталығы құрылды. Онда оқушылар, студенттер мен жастар осы және басқа да ақылды технологиялармен танысып, 3Д-принтермен, робототехникамен және басқа да заманауи құрылғылармен жұмыс істей алады,-деді «Ақпараттық технологиялар орталығының» директоры Сәбит Ибадуллаев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы