Президент • 22 Желтоқсан, 2016

Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

4925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі жайттар талқыланды.

Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы барысында еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыру мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды құжаттар әзірленді, аталған мәселелер алдағы отырыста қарастырылатын болады. Олардың қатарында көлік саясатын бірлесе үйлестіру, кеден заңнамасы, электр энергетикасының ортақ нарығын қалыптастыру мәселелерін атап өтуге болады.