30 жылдан астам тарихы бар айтулы жарыста биыл «Астана» клубы да бақ сынайды. Бұл жолы қазақстандық команданың сапында колумбиялық Родриго Контрерас, өз отандасымыз Юрий Натаров пен Никита Стальнов және эритериялық Мерхави Кудус өнер көрсетеді.
«Руанда туры» Африкадағы ең беделді жарыстар санатында. Бұл көпкүндікте ең көп топ жарған жергілікті велоабандоз Авраам Рухумуриза. Ол 2002-2007 жылдар аралығында бес рет бас жүлдені олжалаған болатын.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»