Бокс • 21 Ақпан, 2019

Фируза Шәріпова Астанада бокс кешін өткізеді

229 реткөрсетілді

Қазақстанның танымал кәсіпқой былғары қолғап шебері, бірқатар нұсқалар бойынша алтын белбеудің иегері Фируза Шәріпова атындағы бокс қоры Астанада бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында өтетін осы жарыста еліміздің бірқатар белді спортшылары өнер көрсетеді. Олардың қатарында Айдар Шәрібаев, Әли Балоев, Виктор Коточигов, Константин Брусенский және тағы басқа саңлақтар бар. Сондай-ақ, алыс-жақын шет мемлекеттерден де жуан жұдырықты жігіттер келеді деп күтілуде.  

Біз Қазақстанда кәсіпқой боксты дамытып, дарынды жастарға жол ашқымыз келеді. Басты мақсатымыз – осындай турнирлерді көбірек ұйымдастыру арқылы осы спорт түрінің көкжиегін кеңейту. Астанадағы жарысты үлкен спорт кешенінде емес, шағын ғана отельдерде өткізудің еш әбестігі жоқ. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Кезінде Геннадий Головкин, Денис Лебедев сынды саңлақтар бастаған атақты боксшылардың дені дәл осындай шағын отельдер мен казинолардан жұдырықтасқан, – дейді Фируза Шәріпова.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Басылым басшылары - Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973)

Басылым басшылары • Кеше

Ұқсас жаңалықтар