Теннис • 21 Ақпан, 2019

Михаил Кукушкин Марсельде сәтті ойнауда

205 реткөрсетілді

Теннистен ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 744 010 евроны құраған турнирде сәтті өнер көрсетуде. 

Тұсаукесер кездесуінде ол Украинадан АҚШ-қа қоныс аударған әлемнің 61 ракеткасы Денис Кудланы қапы қалдырған болатын. Келесі кезеңде жерлесіміздің жолы АТР рейтингінде 25 орында тұрған Денис Шапаваловпен қиысты. Ол Израильде туып-өскенімен, қазіргі кезде Канаданың намысын қорғауда. Бұл бәсекеде де Михаил Кукушкиннің асығы алшысынан түсті. Есеп – 6:4, 7:6. Енді біздің өрен ширек финалда италиялық Маттео Берретинни мен ресейлік Андрей Рублев арасындағы бәсекенің жеңімпазымен күш сынасады.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Арыста 7073 үй қалпына келтірілді

Аймақтар • Бүгін, 17:15

Байсал тартқан балалар өлеңі

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Күзетшіге мұқтаж елміз

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар