Павлодар облысының әкімі тау-шаңғы базасына келушілермен сөйлесіп, өзі де трассадан сырғанап көрді. Мырзашоқыдағы тау-шаңғы кешеніне павлодарлықтар ғана емес, өзге өңірдің, тұрғындары, мәселен, қарағандылықтар да келеді.
Сонымен қатар, Болат Бақауов кешенді басқаруға алып, оның дамуына инвестиция құйғысы келетін «Мырзашоқы Қаражар» ЖШС-ің өкілдерімен сұхбаттасты. Демалыс күндері тау-шаңғы базасына жүздеген адам келеді. Өткен жексенбіде Мырзашоқыға үш жүздей тау шаңғы спортының әуесқойлары келді.