01 Қыркүйек, 2012

Игорь ВОРОТНИКОВ: «Біздің енді туыстарымыз бар. Олар – Жәнібек пен Евгений»

236 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Игорь ВОРОТНИКОВ: «Біздің енді туыстарымыз бар. Олар – Жәнібек пен Евгений»

Сенбі, 1 қыркүйек 2012 8:05

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Игорь Воротниковты «Алтын жүрек» сыйлығымен марапаттау туралы ұсыныс айтқанын Tengrinews.kz сайты хабарлайды. Алматыда өткен селекторлық жиында Денсаулық сақтау министрі осы сыйлыққа бірден-бір лайық жан осы Игорь екенін айтқан.

 

Сенбі, 1 қыркүйек 2012 8:05

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Игорь Воротниковты «Алтын жүрек» сыйлығымен марапаттау туралы ұсыныс айтқанын Tengrinews.kz сайты хабарлайды. Алматыда өткен селекторлық жиында Денсаулық сақтау министрі осы сыйлыққа бірден-бір лайық жан осы Игорь екенін айтқан.

Игорь Воротниковтың есімін тіпті осыдан бірер ай бұрын көпшілік қауым білмейтін де еді. Қайтыс болған анасының жүрегі мен бауырын өзге адам­дар­дың өмірін сақтап қалу мақ­са­тында трансплантациялауға ке­­ліскен үлкен азаматтығы үшін, міне, бүгінгі күні ара­мыз­да оның аты-жөнін білмейтін адамдар кемде-кем. Оған қоса Игорь­дің анасының жүрегін иемденген Жәнібек Оспанов, кеудесінде оның анасының бауы­ры қыз­мет атқарып тұрған Евгений Курц те қоғамдық пікірді дүр сілкіндірді.

«Жәнібектің жаңа жүрегі…» деп бұл туралы 30 тамызда біздің газет те үн қатты. Өйткені, біздің елімізде бауырға бірен-саран оталар жасалып жүргені болмаса, жү­рек­ке алғаш рет трансплантация жасалған еді. Онда да транс­план­тация үшін науқас азамат­тар­ға туыс­та­рының не жақын­дары­ның емес, тіпті өмірінде ешқашан да көр­меген, білмеген бейтаныс орыс әйелінің ішкі ағзалары алынды. Елордадағы Жедел жәрдем ме­дициналық ғылыми орталы­ғын­да миына қан құйылып қайтыс болды делінген Воротникова­ның ұлы Игорь бұ­ған жылап тұрып келісім берген.

Жуырда ғана журналистермен болған кездесуде Игорь: – Менің анам о дүниелік болға­ны­мен, оның жүрегі баяғыдай со­ғып тұр. Сондай-ақ, ол жүрек бас­қа өмірге арашашы болды. Әрине маған бұл туралы ұсыныс айтқан кезде қатты қамығып, өз-өзіме келе алмадым. Сосын «сен ол адамдармен араласасың» деді. Анамыз қайтыс болғанда қа­рын­дасым екеуміз жапанда жал­ғыз қалғандай күй кештік. Міне, енді біздің туыстарымыз бар. Олар – Жәнібек пен Евгений, – деді.

Ал бұл жиында жаңа ағза­лар­ды иеленген Жәнібек пен Евгений де Игорьға, отаны жасаған азаматтарға, орталық­тың маман­да­рына алғыс айтқан болатын.

Бұл оталардың басы-қасында Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығының басқарма басты­ғы, елдегі жетекші кардиохирург Юрий Пя бар екенін де естеріңізге салғымыз келеді. Ол өзінің чех әріптесі Жан Пиркпен, сондай-ақ орталықтың бас­қа да білікті мамандарымен бірге аталмыш отаны сәтті жүзеге асырды.

Өзге дамыған елдердің бар­лы­ғында трансплантацияға, до­нор­лыққа қалыптасқан түсінік­пен қарайды. Себебі, ол елдерде бұл мәселе баяғыда-ақ талқы­лаудан өтіп кеткен. Жаңалық болудан қалған. Өзге адамдар­дың өміріне арашашы болғысы келетіндер ажалы жетпей тұ­рып, ме­дициналық орталық­тарға тіркеліп қояды, яғни, өз еркімен донор болады. Ал, тіркелмесе де оны күштеп жатқан ешкім жоқ. Яғни, донор болу-болмау оның еркіндегі нәрсе. Бірақ, бір ғана мысал келтірейік. АҚШ-та көлік жүргізу­ші­лердің куәлігіне егер ол өз еркімен донор болуға келіскен болса, донор екендігі жа­зылған белгі болады екен.

Әрине, бұл оқиға отандық ме­ди­цинадағы үлкен жаңалық. Яғни, тұңғыш рет жүрекке транс­плантация жасалып жа­тыр. Ал, бұның екінші маңызды қыры да бар. Игорь ұлты орыс болғаны­мен, Жәнібекті жат­сынбай, бауыр тартып, оған өмір­дегі ең бір қимасының жүрегін салуға өз еркімен келісімін берді. Осы бір аса күр­делі, қиын опера­ция­ны хирург­тердің интернацио­нал­дық бри­га­дасы мүлтіксіз жүзеге асыр­ды. Бұл біздің бір­тұтас, тату-тәтті елімізде ұлттар арасында шынайы татулық, достық се­зімдерінің іргетасы берік, қа­рапайым өмірде бір ата­ның ба­лаларындай екенін және қандай қиын жағдайда да бірге бола­тын жағдайдың қалыптасқа­нын көрсететін оқиға.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».