20 Қаңтар, 2012

Дүбірге толы дүние

289 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Дүбірге толы дүние

Жұма, 20 қаңтар 2012 6:50

Халық қолдаса, әлсіз де мықтыны жеңеді

Салыстырмалы түрде тыныштау саналатын Румы­ния­да да соңғы кезде билікке қарсы әрекеттер жиілеп кет­ті. Осы аптаның алғашқы күні ол шеруге шыққандардың құқық қорғау қызметкерлерімен қақтығысына апарып соқ­тырды. Қақтығыстан жапа шеккендер баршылық.

Жұма, 20 қаңтар 2012 6:50

Халық қолдаса, әлсіз де мықтыны жеңеді

Салыстырмалы түрде тыныштау саналатын Румы­ния­да да соңғы кезде билікке қарсы әрекеттер жиілеп кет­ті. Осы аптаның алғашқы күні ол шеруге шыққандардың құқық қорғау қызметкерлерімен қақтығысына апарып соқ­тырды. Қақтығыстан жапа шеккендер баршылық.

Ел астанасы Бу­ха­рестің Университет алаңына жинал­ған мыңға тарта манифестант ел пре­зи­­денті Траян Бэ­сес­­­ку­дің қызме­ті­нен ке­ту­ін талап етті. По­лиция оларды қоршап ал­ып, айт­қан­дарына көнбеген соң, екі жүз­­дей адамды ұстауға мәж­бүр болды. Қақтығыста алпыстай адам жараланып, емдеу орындарына жөнел­тілген. Обалы не керек, ел үкіметі жедел отырыс өт­кізіп, шеруге шық­қандарды мәсе­лені ке­лі­сіммен шешуге шақыр­ған. Ше­­шім­ді әре­кетке бекінген шеру­ші­лер райынан қайтпай, құ­қық қор­ғау адамдарына тас лақ­тыр­ған, жанғыш заттар қолданған.
Бұл қарсылық әрекеттері өт­кен аптада басталыпты. Оның себебі, себеп дегеннен гөрі сылтау деген дұрыс болар, елдің ден­саулық сақ­тау министрінің орынбасары, ұлты палестиналық Раед Арафаттың жұмыстан кетуі екен. Ол үкіметтің денсаулық сақтау саласына жұм­са­латын қаржыны азайтуына қарсы­лық ретінде жұ­мысынан кетуге шешім қабыл­дап­ты. Оның атына ел президенті Траян Бэсеску бір­неше рет сын да айтса керек. Сон­дай-ақ ел басшысы денсаулық сақ­тау жүйесін ішінара жекешелен­дірмек ойын да білдірген. Әрине, бұл халыққа қолайсыз. Бұған медицина қыз­мет­керлері де қарсы. Сон­дықтан олар да өзінің қарсылық ойын ашық білдіріп жүрген Арафатты қолдаған.
Әрине, елде үлкен лауазымды тұлға, немесе оппозицияның бе­дел­ді қайраткері қарсылық біл­ді­ріп жатса, президент онымен санасуы мүмкін. Ал министр де емес, екінші қатардағы шенеу­нік­тің сын-ескертпелеріне онша мән де бермеген болар, оған халық тарапынан осыншалық қолдау көр­сетіледі деп ойла­ма­ған да болар. Қар­жы тап­шылығы қыспаққа алғанда, бұл елде де бюд­жет­ті қыс­­­­­қарту ке­ңі­нен жүр­­гізіліп жатыр.
Капиталистік дү­­­­­­ниедегі дамыған ел­­­­­­­­дердің өзі қар­жы­лық дефицитке ұшы­­­­рап отыр­ғанда, бұрын социалистік жүйеде болып, Еуроодаққа кейінірек кір­ген Ру­мынияның қаржыдан қина­луын заң­дыдай санайсың. Оның үстіне бұл ел Еуроодақтағы ең кедей ел­­дердің санатында. Содан да Ха­лық­аралық валюта қоры оған ай­тарлықтай көлемді несие берді және барлық нәрсені үнемдеуді талап етті. Оны құп алып, үкімет мемлекеттік сектордағы жалақы­ны 25 пайызға, ал зейнетақыны 15 пайызға қысқартты. Жүздеген мың адам жұмыстан босатылды.
Жоғарыда жұрттың Раед Ара­фатқа ара түсуі наразылықтың се­бебі емес, сылтауы деуіміз де осынау әлеуметтік мәселеде жатыр. Халық наразылығының шын себе­бі сол әлеуметтік жағдайы­ның тө­мендеуінде. Мұны кәсіп­одақ ұй­ым­дары «әлеуметтік геноцид» деп атады. Осындайда өз еліміздегі жағдай да ойға оралады. Басқалар зейнетақыны қыс­қар­тып жатса, біздің елімізде оның жаңа жылдан бастап 9 пай­ызға өскені де біраз жайды аңғарт­са керек.
Қарсылыққа шыққан халық қа­зір министрдің орынбасарын қыз­­метіне қоюды емес, мемлекет бас­шысының қызметінен ке­туін талап етіп отыр. Сол ха­лық­тың қаһа­ры­нан сескенген Траян Бэсеску ден­саулық сақтау жүйе­сін ре­форма­лау­ды тоқтатқанын хабар­ла­ға­ны­нан-ақ оның жеңі­лі­сін аң­ғар­ған­дай­сың. Бірақ оның бұл мойындауы тым кеш еді. Ха­лық енді одан тым көп нәрсені талап етеді.

БИЛІКТІҢ ИЕСІ ЖОҚ ЖЕРДЕ – АЛАСАПЫРАН

Мысырда әлі де тыныштық жоқ. Оның басты себебі биліктің заңды иесі болмауында. Былтыр халық елді отыз жыл билеген Хосни Мүбәракты тағынан тайдырған соң билік уақытша әскерилердің қолына көшкен еді. Бірақ олар оны жөнді пайдалана алмай отыр.
Көтерілген ха­лық бұрынғы би­лік­ті құ­латқан соң мұн­дай тосын жайды күт­­­пеген қауым абдырап қалған. Бұ­­рын саяси күрес­тің бел ортасында жүр­ген партиялар да рево­лю­цияның жеңісін пайдалана алмады. Сонда берекетсіз қақтығысқа тоқтау қою мақсатында әске­ри­лер билікті өз қолдарына алған еді.
Көп елде солай да болып жатады. Бей-берекет әрекеттер тоқ­тап, саяси күштер есін жиған соң, әдет­те әскерилер оларға би­лік тізгінін қайта ұстатады. Мұн­да да солай болар деген үміт болған. Үміт ақталмады. Әскери­лер саяси күш­тердің басын бі­ріктіре алмады, ал өздері қатаң тәртіп шараларына көшті. Бұған келіспеген, күні кеше Мүбәракты тақтан түсірген халық қайта алаң­ға шығып, енді сол әске­ри­лердің өздеріне қарсы тас лақ­тырды.
Әскерилер таңдаған үкімет жиі ауысып жатты. Елдің пар­ламенті мен президентін сайлау тым ұзаққа созылып кетті. Осыдан екі ай бұрын басталған парламент сайлауы қаңтардың ортасына дейін созылып, соның өзінде оның қоры­тындысын шығара алмай әлек. Ал президент сайлауы жазда өтеді.
Саяси партиялар сайлаудың ал­ғашқы қорытындысы белгілі бол­ған соң-ақ билікті бөлісуге кірісті. Күткендегідей, исламис­тік партиялар жеңіске жетті. Оның өзінде талай жылдан бері билікке оппозиция болып келген «Мұсылман бауырлар» ұйымы елдің барлық ау­ма­ғында сайлаушылардан қолдау көр­ді. Сөйтіп, бұл ұйымның саяси партиясы ретінде қалыптасқан «Азаттық және әділдік» партиясы көп дауыс алып, бірден парламент спикеріне өз адамын ұсыну құқына ие болды. Және олар мұны ұзаққа созбай, пар­тияның бас хатшысы Саад әл-Ката­тниді спикер етіп сайлап та алды.
Бұлай етудің бір себебі, «Азат­тық және әділ­дік» партиясынан басқа ис­лам­дық бағыт­та­ғы «Әл-Нұр» және «Жа­ңа Вафд» партиялары бірігіп, ай­­қын көп­шілік дау­ыс­қа ие бол­ған. Спи­­кердің орынбасарлығына да осы партиялардың өкілдері сайланды. Енді алда тұрған бірінші міндет – елдің жаңа конституциясын әзір­леу. Парламент­тің ал­ғаш­­қы сессиясы 100 адамнан комиссия құрып, оған жақын уа­қытта елдің ата заңын жазып шығуды тапсырды.
Ендігі үлкен мәселе – президент сайлауы. Бұл өзі Мүбәрак құлатылған соң-ақ сөз болған. Оған үміткерлер де атойлап шық­қан. Араб мемлекеттері лигасы­ның бас хатшысы Әмір Мұса қызметін де тастап, сол науқанға араласты. МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры, Нобель сыйлы­ғының лауреаты Мохаммед әл-Барадеи де үн қос­ты. Сайлау бірден өтпей, әске­рилер оны бір жылға шегерген соң, бұл науқан біршама бәсеңсіп қал­ды. Қазір басты үміткер кім екенін айту да қиын.
Осындай жағдайда әл-Бара­деи­дің күрестен бас тартатыны жө­ніндегі мәлімдемесі жұрт назарын аударды. Ол әскерилердің биліктегі жосықсыздығын сынап, «демо­кра­тиялық жағдайда өтпе­се, президент сайлауына қат­ы­суға менің арым бармайды» деді.
Осылайша, кезінде әлемдік өрке­ниеттің бір орталығы болған Мысыр жерінде берекесіздік ор­ын алып отыр. Оның қашанға дей­­ін созылары белгісіз. Біраз жұрт барша билік иесін тапқанға дейін дейді. Оған да әлі біраз бар.
Мамадияр ЖАҚЫП.