26 Қаңтар, 2012

Шарайна

288 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:29

ТӨҢКЕРІСТІҢ БІР ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Египетте Хосни Мубаракты биліктен тайдырған революцияның бір жылдығы тойлануда.
Жаңа өкімет бұл күнді барынша кең көлемде атап өтпек ниетте. Египетте 30 жылға созылған төтенше жағдай режімі өз күшін жойды. Осы күннен бастап бұл елде ұлттық револю­цияға байланысты екі мемлекеттік мереке аталып өтпекші. Олардың біріншісі, антимонархиялық төңкерісті білдіретін 23 шілдеде аталса, екіншісі 25 қаңтар күніне белгіленіп отыр. Со­нымен бірге, төңкерістен кейін бір жыл өткенде өзгерістерді талап еткен халық тағы да Тахрир алаңына жиналуда.

 

Бейсенбі, 26 қаңтар 2012 7:29

ТӨҢКЕРІСТІҢ БІР ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Египетте Хосни Мубаракты биліктен тайдырған революцияның бір жылдығы тойлануда.
Жаңа өкімет бұл күнді барынша кең көлемде атап өтпек ниетте. Египетте 30 жылға созылған төтенше жағдай режімі өз күшін жойды. Осы күннен бастап бұл елде ұлттық револю­цияға байланысты екі мемлекеттік мереке аталып өтпекші. Олардың біріншісі, антимонархиялық төңкерісті білдіретін 23 шілдеде аталса, екіншісі 25 қаңтар күніне белгіленіп отыр. Со­нымен бірге, төңкерістен кейін бір жыл өткенде өзгерістерді талап еткен халық тағы да Тахрир алаңына жиналуда.

БАЙЛАР САЛЫҚТЫ КӨБІРЕК ТӨЛЕМЕК
АҚШ президенті Барак Обама конгресте елдегі жағдай туралы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жасады.
Ол АҚШ бүгінде бұрынғыдан да күшті, Америка туы әлемде асқақ биікке көтерілді дей отырып, сонымен бірге ел экономи­ка­сының дағдарыстан әлі түпкілікті оңалып кете алмағанын да мойындады. Обаманың ойынша, жағдайды байларға салынатын салықтық ставканы көбейтетін салық реформасы ғана түзей алады. Сарапшылар Б.Обаманың конгрестегі сөзін президенттің сайлауалды бағдарламасы деп бағалап отыр.

ФРАНЦИЯ ӘСКЕРІН ШЫҒАРУҒА АСЫҚПАЙДЫ
Франция өзінің Ауғанстандағы әскери контингентін осы елден шығаруға асығар емес.
Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Ален Жюппенің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, жергілікті БАҚ хабар­ла­ған. Француз парламенті депутаттарының сұрақтарына жауап қай­тарған Жюппе Париж өз әскерін шұғыл түрде шығаруды қа­растырып отырған жоқ, бәрі жайбарақат және ұйымдасқан түрде жүзеге асуы керек деп атап көрсеткен. Министр мәлімдемесінің Парижге Ауғанстан президенті Хамит Карзайдың сапары қарсаңында жасалып отырғанын да айта кету қажет.

ЖАПОНИЯДАҒЫ САУДА БАЛАНСЫ ТАПШЫЛЫҒЫ
Жапонияда соңғы 30 жылда сауда балансының тап­шы­лығы тіркелді, деп хабарлаған Франц-пресс агенттігі.
Жапония қаржы министрлігі хабарлаған мәліметтер бойынша 2011 жылдың қорытындысында сауда балансының тапшылығы 2,49 триллион иенді (шамамен 32 млрд. АҚШ доллары) құраған. Есепті мерзім ішінде импорт көлемі 12 пайызға өсіп, экспорт 2,7 пайызға төмендеген. Қаржы министрлігі сауда балансы тапшылығының негізгі себебі ретінде өткен жылдың наурызындағы зілзала мен цунами зардаптарын және ұлттық валюта бағамының жоғарылығын келтіріп отыр.

КАДДАФИ ЖАҚТАСТАРЫНЫҢ ШАБУЫЛЫ
Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафиге адалдығын сақтап қал­ған күштер Бени-Валид қаласын басып алды, деп хабарлады Ассошейтед пресс агенттігі.
Жүргізілген операция нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 20 адам дене жара­қат­та­рын алған. Бени-Валид қаласының алынуы Ливияның биліктен тайдырылған үкіметіне адалдығын сақтап қалған күштердің алғашқы ұйымдасқан әскери операциясы. Өтпелі ұлттық кеңес жасақтарының бригадасы қала сыртына тықсырылып шығарылған. Сөйтіп, құлаған режімнің туы қала үстінде қайтадан желбірей бастады.

КАПИТАЛИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНБАҚ
Швейцарияның Давос қаласында 42-ші Дүние­жү­зілік экономикалық форум өз жұмысын бастады.
Форумда алғашқылардың бірі болып капитализмнің болашағы талқыланбақшы. «Ұлы трансформация: жаңа модельдерді қалыптастыру» биылғы форумның басты тақырыбы болмақ. Сонымен бірге форумда қаралатын мәселелердің қатарында еуроаймақтағы дағдарыс мәселесі де бар. Ұйымдастырушылар биылғы жиынға екі жарым мыңнан астам адам қатысады деп болжап отыр.

МУЗЫКАНТ САЯСИ ОЙЫННАН БАС ТАРТТЫ
Роллинг Стоунз тобының лидері Мик Джаггер Давостағы халықаралық экономикалық форум барысында Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон өткізетін шай ішу рәсіміне қатысудан бас тартты.
Музыканттың аталмыш іс-шараға қатысу арқылы консервативтік партияға өзінің қолдауын білдіретіндігі туралы бірқатар британдық газеттер жазған болатын. Джаггер болса ол хабарларды жоққа шығара отырып, өзінің саяси партиялар қызметіне араласуды ұнатпайтынын және өзін «саяси футбол» ойынына тартуды қаламайтынын айтып, шақырудан бас тартқанын мәлімдеген.

АМЕРИКАЛЫҚ СЕРЖАНТ ҮШ АЙҒА СОТТАЛДЫ
2005 жылы Ирактың 25 тұр­ғы­нын өлтірді деп айыпталған АҚШ-тың әскери қызметшісі түрмеге қамалмайтын болды.
Сержант Фрэнк Вутричтің ісіне қатысты үкім таяу уақыттарда шығарылмақ. Бірақ әскери соттың шешімі қазірдің өзінде белгілі. Ирактың 24 бейбіт азаматын өлтірген АҚШ теңіз жаяу әскерінің сержанты Ф.Вутричке 3 ай түрмеде отыру жазасы кесіліп, сонымен бірге ол айлық жалақысының 75 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

АПАТҚА КОМПАНИЯ МЕНЕДЖЕРІ КІНӘЛІ
«Коста Конкордиа» капитаны Франческо Скеттино лайнердің апатқа ұшырауына Carnival компаниясының менеджері кінәлі деп мәлімдеді.
Капитанның айтуынша, дәл осы менеджер оны жағалауға тым жақын келуге мәжбүрлеген. Бұл туралы ол телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан көрінеді. Орбетелло қаласындағы полиция учаскесінде қамауда отырған кезде айтқан капитанның сөзін полиция құпия түрде жазып алған. Әзірге капитанға қысым көрсеткен адамның кеме бортында немесе жағалауда болғаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Интернет материалдары  негізінде әзірленді.