27 Қаңтар, 2012

Дүбірге толы дүние

248 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Дүбірге толы дүние

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:22

АЛЫП ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ БАСЫНДА КІМДЕР БОЛМАҚ?
АҚШ пен Ресейде биыл президент сайлауы өтеді. Ресейде ертерек, көктемнің басында, наурызда, ал билік тізгінін ұстаушы АҚШ-та салқын күзде, қарашада айқындалады. Сөйтсе де жұрт олардың кім болатынын аңғарып отырғандай.

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:22

АЛЫП ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ БАСЫНДА КІМДЕР БОЛМАҚ?
АҚШ пен Ресейде биыл президент сайлауы өтеді. Ресейде ертерек, көктемнің басында, наурызда, ал билік тізгінін ұстаушы АҚШ-та салқын күзде, қарашада айқындалады. Сөйтсе де жұрт олардың кім болатынын аңғарып отырғандай.

Басқа елдерде де, айталық Францияда да ел басшыла­ры­ның сайлауы өте­ді. Бірақ оған емес, жұрт на­за­рының жоғары­дағы екі елге ауатынында мән бар. Бұл елдерде қару-жарақтың аса зор арсеналы бары өз алдына, қашанда қақтығыстың, шие­леністің басында осы екі ел жүреді. Және әдетте біріне бірі қарсы болады. Содан әлемдік шиеленіс туып жатады.
Оған мысал көп. Тіпті алыс­қа бармай, дәл қазір ушығып тұрған Иран мәселесін алсақ, бұл екі держава оған байланысты қа­ра­ма-қарсы бағытты ұста­нады. АҚШ бастаған бүкіл Батыс ел­дері Иранға санкция жариялап, оның мұнайынан бас тартса, Ресей бұл қадамды айып­таған мә­лімдеме жасады. Тағы да АҚШ бастаған көптеген елдер Сирия басшылығының халыққа қарсы әрекеттерін айыптаса, Ресей оған ара түседі. Қатардағы жай мемлекеттер сондай бір-біріне қарама-қарсы бағыт ұстанса, жұрт оған мән де бермес еді. Ал қолда­рында жой­қын қару-жарағы бар елдердің тайталасқаны жаман.
Содан да жұрт бұл елдердің басқару тізгінін парасатқа жүгі­нер қайраткер ұстаса екен деп ті­лейді, ондағы сайлауға көз тіге­ді. Қадағалайды.
Ресейдегі жағдай біршама айқындалып қалды.
АҚШ-тағы жағдай әзірге бір­шама бұлың­ғыр. Республикашылар қазіргі президент, демократ Барак Обамаға қарсы өз­дерінің соңғы белдесуге шыға­тын адамын таң­дай алмай әлек. Бұл енді амери­калық сай­­­лаудың ерекшелігі. Мұн­да елдегі жетек­ші екі партия өз­дерінің үміт­­кер­лерін аралық сайлауда анық­тай­ды. Сол сайлауда үміткерлер өздерінің қабілет-мүмкіндік­­те­рін көрсетумен қатар, өздерінің пар­тияластарының қатаң сынына ұшырап, біраз бедел-абыройынан да айырылып жатады.
Соңғы кезге дейін Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромни алда келе жатса, Оңтүстік Каролина шта­тын­дағы сайлауда конгрестің экс-спикері Ньют Гингрич суырылып алға шықты. Үшінші орында – Пенсильвания штатынан сенатор Рик Санторум. Кү­рес осы үшеу­дің арасында өт­пек. Солардың ешқай­сысы да Барак Обамаға лайықты бәсеке­лес бола алмай­ды-ау дейсің.
Бұл жөнінде АҚШ-тың бұ­рынғы президенті Буш-кішінің пікірі негізді көрінеді. Ромни, Гингрич, Санторум – үшеуі де өздерін қолдау жөнінде оған сөз салса керек. Буш ешқайсысын қолдамай­тынын айтыпты. Олар өздерінің арасындағы кикілжің­нің Барак Обаманың жеңісіне жеткі­зетінін ұғуға тиіс қой, дейді Буш.
Путин мен Обама жеңіске жеткенде, оған көп адам күмән келтірмейді, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас жұм­­­­­­­­са­рады деп те айту қиын. Ал әлем жұртшылығы жұмсар­­­ғанын қалайды.

ЕЛ ТАҒДЫРЫ БИЛІК ПЕН ОППОЗИЦИЯНЫ ЖАҚЫНДАСТЫРДЫ
Мьянмада үлкен өзгерістің нышаны байқалады. Ел билігі оппозиция өкіліне қызмет ұсынып отыр. Қызмет болғанда, елдің сыртқы саясатын айқындайтын қызмет – сыртқы істер министрлігі. Ал бұл ұсынысты оппозиционер, әлемге әйгілі тұлға, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи қабыл алмақ ойда.
Бұл жағдай жұртқа түсінікті болу үшін жалпы Мьянма мем­­ле­кеті, он­дағы саяси кү­рес туралы азын-аулақ түсі­ніктеме бере кеткен жөн. Бұ­рын бұл ел Бирма Ода­ғы, онан соң Бирма Одағы Социалистік Республикасы, қайтадан Бирма Одағы, ақы­рында 1989 жылы Мьянма Одағы аталды. Сол өзгерістер­­дің барлығы да ондағы саяси күреске қатысты болды. Билік әртүрлі топтың қо­лына өтіп, 1988 жылы әскери хунта бір­жола иемденген.
Сол әскери хунта, атап айт­қанда, генерал, кейінгі лауазымымен айтсақ, генералиссимус Тан Шве билігі де өзінше ерекше құбы­лыс. Қатаң әскери тәртіппен қатар олар демократия деген сөзді де жиі қол­­данды. Тіпті 1990 жылы елде еркін сайлау да өткізген. Бірақ онда жеңіске жеткен оппозиция­лық демо­кратиялық партияға әскери хунта билікті берген жоқ, оның көсемі Аун Сан Су Чжиді жиырма жыл бойы үй тұтқы­нын­да ұстады.
Әскерилер билеген елді АҚШ «зұлымдық тіні» қата­­ры­на қосқан­нан кейін, Мьянма Батыстағы қаржы көздерінен ажырап, қасындағы ұлы көрші­сіне кіріптар болып қалды. Бұл кіріп­тарлық енді Қытай­ға бір­жо­­ла экономикалық тәуелдік­ке ұшырату қаупін тудырды. Міне, осындай жағдайда билік елдер­дегі саяси күштердің өзара қар­сылығын бәсеңдету мақсатында біраз демо­кратиялық қадамдар жасауға мәжбүр болды.
Мұндай қадамдар дегенде, өткен жылдың басында әске­­рилер билік тізгінін азаматтық үкіметке берді. Мұны жұрт сол әскерилердің таңдаған адамдары дейді. Солай болған күннің өзінде, енді ашық әскери би­лік жоқ. Тейн Сейннің азаматтық үкі­ме­тінің оппозициямен бай­ла­нысқа шығуы­ның өзі әлем назарын аударған. Жиырма жылдай қуғын-сүргінде болған Аун Сан Су Чжидің үйқамақтан босатылуы ел ішін елең еткізді.
Жаңа жылдан бастап үкімет бо­саған 45 депутат орны үшін оппозицияны парламент сайлауына қатысуға ша­қыр­ды. Оны Су Чжи­дің «Демократия жолында­ғы ұлт­тық лига» партиясы қа­был алып, 1 сәуірде болатын қо­сымша парламент сайлауына дайындыққа кірісті. Ал Су Чжи­дің өзіне сыртқы істер минис­трлігін ұсыну тіпті күтпеген жағдай.
Билік мұндай қадамға неге барды дегеннің шет жағасын жоғарыда аңғарттық. 2185 шақы­рым ортақ шекарасы болғанмен, бұл елде қы­тайлардың саны көп емес, 3 пайыз ғана. Бірақ экономикасы қазір толық­тай Қытай ықпалында. Осылай жал­ғаса берсе, алда Мьянманың Қытай протекторатына айналары анық.
Бұл елдің ықпалынан шығу­дың жолы – басқа елдермен, ең алдымен Батыспен байланысты дамыту. Ал енді мұның жолы – демократиялық қадамдар, оппозициямен тіл табысу. Оған АҚШ пен Батыс елдері қан­шалықты назар аударады дегенде, Қытай­дың ықпалынан босағысы келгендерге олар өте жедел назар аударатыны да белгілі.
Билік пен оппозицияны ел тағдыры жақындастырды. Әске­ри­­лер­дің мұрагерлері де, оппозиция да мьянмалық патриотизмге тоқтайды. Мьянманың бо­лашағы үшін олар өздерінің идеялық көңіл-күйлерін екінші кезекке ысырып тастауы басқа­ларға өнеге болғандай қадам.
Мамадияр ЖАҚЫП.