01 Ақпан, 2012

Мұхиттың арғы жағындағы марапат

319 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мұхиттың арғы жағындағы марапат

Сәрсенбі, 1 ақпан 2012 8:15

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың АҚШ-қа ресми сапары барысында Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғы­на байланысты Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде аме­рикалық әріптестер мемлекеттік наградалармен ма­рапат­талды.
Былтырғы жылы екі ел ара­сын­да дипломатиялық қатынас­тар орнағанына жиырма жыл тол­ды. Осы уақыт ішіндегі қос тараптың қарым-қатынасына ресми Вашингтон «мазмұнды әрі сан қырлы нағыз стратегиялық әріптес» деген баға беріп, еліміз­дің Тәуелсіздік мерекесі тойланар тұста АҚШ әкімшілігі Қазақ­станның үлкен даму үдерісіне» тоқталып, «стратегиялық әріп­тес­тік­тің тереңдеуі» жайында ха­лық­аралық қоғамдастыққа да, жалпыға да түсінікті «месседж» жіберген болатын.

Сәрсенбі, 1 ақпан 2012 8:15

Еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың АҚШ-қа ресми сапары барысында Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғы­на байланысты Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде аме­рикалық әріптестер мемлекеттік наградалармен ма­рапат­талды.
Былтырғы жылы екі ел ара­сын­да дипломатиялық қатынас­тар орнағанына жиырма жыл тол­ды. Осы уақыт ішіндегі қос тараптың қарым-қатынасына ресми Вашингтон «мазмұнды әрі сан қырлы нағыз стратегиялық әріптес» деген баға беріп, еліміз­дің Тәуелсіздік мерекесі тойланар тұста АҚШ әкімшілігі Қазақ­станның үлкен даму үдерісіне» тоқталып, «стратегиялық әріп­тес­тік­тің тереңдеуі» жайында ха­лық­аралық қоғамдастыққа да, жалпыға да түсінікті «месседж» жіберген болатын. Президент Оба­маның Қазақстан тәуелсіз­ді­гі­не қатысты осындай ілтипа­ты­на жауап бергендей біздің ел де мұхиттың арғы жағында жатып-ақ екі ел арасын жалғаған аме­рикалық әріптестердің еңбегін бағалап, оларды наградалармен марапаттауды жөн са­нап­ты.

Екі ел арасындағы байла­ныс­­тар­дың тиімділігіне, әрине, мемлекет басшыларының ара­сын­­да­ғы жеке кездесулердің сер­пін бер­гені анық. Атап айт­қанда, 2010 жылдың сәуірінде Вашин­гтондағы «Обама – Назарбаев» келісімі және осыдан кейінгі әңгімелесулер өз үлесін қосты. Мәселен, өткен жылы АҚШ Президенті Барак Оба­ма­ның бас­та­масымен сәуір айын­да телефон арқылы өткен әңгі­меде екі ел ара­сындағы қарым-қатынас­тар­дың басым бағыт­та­ры сөз болды. Мемлекет бас­шы­лары аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстан, ядролық қаруды таратпау, біздің еліміздің ИЫҰ-ға төрағалығы және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы тұрғысында маз­мұн­ды пікір алмасты. Және де Ақ үйдің Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы көшбас­шы­лығын өткен жылы әлде­неше мәлімдегені көпшілікке белгілі.
30 қаңтар. Вашингтон уақы­тымен сағат 19.00. Вашинг­тондағы Қазақстан Елшілігі ғимаратындағы қабылдау. Ел­ші­лікке келген қонақтар арасынан біздің елімізге сапарлап келіп қайтқан Роберт Блейк, Карлос Гутиеррес, Дэниел Понеман, Марта Олкотт сынды саясаткерлер көзге шалынады.
Қабылдауды ашып, мейман­дарға қош келдіңіздер деген Қазақстанның АҚШ-тағы Тө­тен­ше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов сөзді Сыртқы істер министрі Ержан Қазы­хановқа ұсынды.
– Біз сіздердің екі ел ара­сындағы стратегиялық әріптес­тікті дамытуға қосқан үлесте­ріңізді жоғары бағалаймыз, – деп бастаған сөзін министр әрі қарай қабылдауға шақырылған қонақ­тарға мемлекеттік наградалар табыс етілетінін айтқан. «Сіздер біздің еліміздің қалыптасу кезе­ңінде қасымыздан табылды­ңыз­дар. Жақында ғана Қазақстан көп партиялы Парламентін сайлады. Бұл еліміздің дұрыс ба­ғытта дамуындағы маңызды қадам болды, демократия өркен­деуінің көкжиегін кеңейтті, әрі оның экономикалық үдерістерге тигізетін үлкен ықпалы болады деп сенеміз. Парламент – бүгінде ел үшін маңызды шешімдер қабылдауда басты ойыншының бірі. Ал сіздер тәрізді достардың қолдауының нәтижесінде Қазақ­стан бүгінде аймақтағы табысты елдің қатарында болса, ал әлемде ядролық қаруға қарсы, оны таратпау жөнінде көшбас­шылықта тұр. Біздің еліміз осы 20 жылдың ішінде үлкен та­быстарға жетті. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алда­ғыны көре білетіндігінің арқа­сында, оның көпвекторлы саясат ұстануының нәтижесінде мүм­кін болды», – деді Е.Қазыханов өзінің сөзінде.
«Достық» орденімен сенаторлар Чарьлз Хейгл, Даррелл Айса марапатталса, 16 америкалық «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медаль­де­рінің иесі атанды.
АҚШ Мемлекеттің депар­таментіндегі лауазымдардың жө­ні біздерден өзгеше екені белгілі. Ондағы Мемхатшының Оңтүс­тік және Орталық Азия бойынша көмекшісі деген, бізше айт­қанда, министрдің орынбасары. Марапатталғандар орден-ме­даль­дерін иеленген соң жоға­рыда айтылған Мем­хатшы­ның Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк сөз алды. «Бүгін Қазақ­стан елшілігіндегі осындай қа­былдауға куә болғаныма қуа­ныштымын. Біздің еліміз Қазақ­станның тәуелсіздігін алғашқы болып таныған елдер қатарында тұр. Қазіргі күні екі ел ара­сындағы байланыстар өте жо­ғары деңгейде дамып келеді. Қазақстан АҚШ-тың ядролық қаруды таратпаудағы өте мықты әріптесі, сондықтан да Президент Барак Обама Сеулдегі ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Президент Нұрсұлтан Назар­баевпен кездесуді күтеді», деді.
Марапатталғандардың ішінде НАСА-ның ғарышкерлермен ұшы­рылатын кемелері бойынша тапсырысын орындаушы қазақ жігіті Дархан Нұр­мағам­бетов те бар екен. Бауырымыз осыдан 12 жыл бұрын Амери­каға қоныс аударып, АҚШ-тың ғарыш саласының дамуына өз үлесін қосып жүрсе керек. Мүмкін­дікті пайдаланып, Дарханды сөзге тарттық. «Қазақ­стан­ның қазір ғарышкерлермен кеме ұшыратын жобалары жоқ. Ал мұнда менің жұмысыма қызы­ғушылық та, сұраныс та мол. Сағынып кеткен кезімде елге барып, анамның қасында ау­нап-қунап қайтамын», деді ол (Дархан бауырмен болған то­лық әңгіме алдағы нөмір­лердің бірінде жарық көреді).
Ал 31 қаңтарда Пентагонға жақын орналасқан «Rits Carlton» отелінде «Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығы және қазақ-американ диплома­тиялық қатынастарына – 20 жыл» атты конференция өтті. Ол жайында газетіміздің ал­дағы нөмірінде жазатын боламыз.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Вашингтоннан.