02 Ақпан, 2012

Атлантикалық кеңес: Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конференция

329 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Атлантикалық кеңес: Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған конференция

Бейсенбі, 2 ақпан 2012 8:17

Еліміздің Сыртқы істер ми­нистрі Ержан Қазы­ха­нов­тың АҚШ-қа ресми сапары бары­сын­да штаб-пәтері Вашингтонда орын тепкен Ат­лан­тикалық кеңес «Қазақ­стан Тәуел­сіз­ді­гі­нің 20 жыл­ды­ғы және қазақ-аме­рикан дипломатиялық қаты­нас­та­ры­на – 20 жыл» атты конференция өткізді.
Алдымен Атлантикалық ке­ңес­тің өзі жайында біраз ақ­па­рат ұсынған жөн болар. 1961 жылы НАТО-ны қолдайтын АҚШ-тағы барлық азаматтық күштердің ын­ты­мағын арттыруға арналып құ­рыл­ған бұл ұйымның негізгі мақ­са­тының бірі – АҚШ пен Еуро­одақ арасындағы және НАТО ішін­дегі өзара қарым-қа­ты­нас­тар­ды бекемдеу.

Бейсенбі, 2 ақпан 2012 8:17

Еліміздің Сыртқы істер ми­нистрі Ержан Қазы­ха­нов­тың АҚШ-қа ресми сапары бары­сын­да штаб-пәтері Вашингтонда орын тепкен Ат­лан­тикалық кеңес «Қазақ­стан Тәуел­сіз­ді­гі­нің 20 жыл­ды­ғы және қазақ-аме­рикан дипломатиялық қаты­нас­та­ры­на – 20 жыл» атты конференция өткізді.
Алдымен Атлантикалық ке­ңес­тің өзі жайында біраз ақ­па­рат ұсынған жөн болар. 1961 жылы НАТО-ны қолдайтын АҚШ-тағы барлық азаматтық күштердің ын­ты­мағын арттыруға арналып құ­рыл­ған бұл ұйымның негізгі мақ­са­тының бірі – АҚШ пен Еуро­одақ арасындағы және НАТО ішін­дегі өзара қарым-қа­ты­нас­тар­ды бекемдеу. Сондықтан да ұйымның негізгі демеушісі НАТО, оған қоса, қайырым­ды­лық қор­лары мен америкалық феде­рал­дық құрылымдар, оның ішінде, әрине, Орталық барлау бас­қар­масы және қорғаныс пен энер­гетика министрліктері болса, Құрама Штат­тардың ірі корпора­ция­лары да бұл істен шет қалмаған.

Осындай әлеуетті құрылым­ның қазіргі төрағасы Чак Хей­глдің кандидатурасының билік басына Барак Обама келген тұс­та вице-президенттікке лайық­ты­лар­дың қатарында аталғаны мәлім. Ал ұйымның президенті және бас атқарушы директоры – Фредерик Кемп есімді саясаткер. Ұйымның құрылған кездегі жылнамасына көз жіберсек, онда АҚШ-тың бір кездердегі Мемлекеттік хат­шы­ла­ры Кристиан Хертер, Дин Ачесон секілді есімдерді кездестіресіз. Со­нымен қатар, оның басшы­ла­ры­ның қатарында америкалық белгілі әскери генералдар мен мықты ғалымдардың есімдерін жолық­тыру қалыпты жағдай. Мәселен, Э. Гудпейстер, Б.Скоукрофт, Дж. Сейниус, 2009 жылы Обаманың қауіпсіздік жө­нін­дегі кеңесшісі қызметін ат­қар­ған Дж. Джонс сынды танымал адамдар ұйымы­ның беделі ар­туы­на үлес қосқан. Ал ұйым­ның қазіргі мүшелерінің қата­рын­да БҰҰ елшісі С. Райс, Ақ үйдің Ауғанстан мен Пәк­стан­да­ғы бұрынғы арнайы өкілі Р.Холбрук, Мемдепартаменттің Саяси жоспарлау департаменті­нің директоры М. Слотер бар.
Кеңес соңғы жылдар ішінде елдегі саясиланған ең бір жетекші ұйым саналып, ол өз жұмы­сын­да ғылым, ағарту және лоб­би­лық қызметтерді атқарып келеді.  Ұйым Атлантикалық одақтың негіз­гі проблемаларын анықтап, оның жо­лындағы кедергілерді жою, транс­атлан­ти­ка­лық эконо­ми­калық қаты­нас­тар­ды және Ор­талық және Шы­ғыс Еуропа ел­дерімен ин­те­гра­ция­ланудағы про­б­­­лема­лар­­­ды зерт­теумен шұғыл­да­нуда. Мұнымен қоса, ұйым АҚШ-тың Ресей, Қытай, Жапония, Корея, Тайван секілді елдермен кон­сенсусқа келуін, Азиядағы күн санап өсіп жатқан энергия тұтыну, қорша­ған ортаны қорғау, Балқан түбегі мен Ирактағы және Таяу Шығыстағы кикілжіңді реттеу сияқты толып жат­қан мәсе­лелерді зерделеп, үзбей зерттеумен келеді. Жә­не атлантикалық осындай кеңес­­тер ерік­ті түрде НАТО-ға мүше елдердің бар­лығында құрылып, олар ассоциа­ция­ға бірігіпті.
Конференцияда сөйлеген Е.Қа­зы­ханов 1991 жылдың 16 желтоқ­са­нын­да тәуелсіздікке қол жеткенде Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың елдің тұрақты дамуына әсер ететін саяси және эконо­ми­калық реформаларға негізделген әлемдік интеграцияға ұмтылған мемлекет құру жолында ұлттың алдына қойған міндетінің табысты орындалғанын айта келіп, Қазақ елінің аймақтық қауіпсіздік және экономикалық мәселелер бо­йынша ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ секілді өңір­лік ұйымдардағы жұ­мы­сына да тоқталып өтті.
Мұнан соң Ауғанстандағы жағ­­дай­ды тұрақтандырудың ма­ңы­зына мән берген Е.Қазыханов ауған жас­тарына білім беру мақ­сатында Қазақ­стан Үкіметінің 50 млн. доллар бөл­ге­нін және осы елге отын мен астық түрінде гума­ни­тарлық көмек көрсе­тілгенін ал­ға тартты. Министр біздің елдің БСҰ-ға мү­шелікке өту жолын­дағы жұмыстар­ды жалғастыра бере­тінін айтып, осы мақсатқа қолдау көрсетіп отырған АҚШ қадамын Қазақстан­ның жоғары бағалайты­нын жеткіз­ді. Мемлекетіміздің бейбіт­сүйгіш сыртқы саяса­­ты­­­ның арқа­сында еш­бір елмен дүрдараздығы жоқ екенін атап көрсетті.
Атлантикалық Кеңес өткізген кон­ференция басынан аяғына дейін ағылшын тілінде жүрген­­діктен, біз­дің елшілік көмекке бер­ген аудармашы арқылы сарапшылармен тілдес­кенді жөн сана­дық. Атлантикалық кеңестің директоры Б.Уильсон: «Біз­дің ұйым үшін Қазақстан тәуелсіз­дігінің 20 жылдығына және амери­кан-қазақ дипломатиялық қатынаста­рының 20 жылдығына байланысты осындай конференция өткізу үлкен қуаныш. Орталық Азия аймағы біздің мемлекетіміз үшін де, Ат­лан­­­тикалық кеңес үшін де маңыз­ды. Сондықтан да Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін білу­дің де мәні жоғары. Біздің ойымызша, алда­ғы онжылдықта бұл аймақтың маңы­зы бұрынғыдан да өсе түспек. 2010 жылы Атланти­калық кеңес Орта­лық Азия аймағын зерттейтін үлкен жобаны қолға алған болатын. Соның нәти­­жесінде біз көптеген есептер дайындап, кездесулер өткіздік. Ал 2011 жылы біздің ұйым Қазақстан лидерлерімен, оның ішінде экономика саласындағы белді мамандармен әлденеше рет кездесті. Оның соңы Қазақ­стан Экономика ми­­нис­­трінің Ыстам­бұлда өткен Ат­лантикалық кеңестің экономи­ка­­лық іс-шарасына қатысуы­на ұлас­­­­қанын айта кету абзал. Жалпы ал­­ғанда, Қазақстан тек өз аймағында ғана емес, әлемде де айтарлықтай рөлі бар ойыншы. Оның мысалы ретінде Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға және ИЫҰ-ға төр­аға болуын айту­ға болады», деді.
Дж.Хопкинс университетінің Ор­та­лық Азия және Кавказ инсти­­ту­­тының директоры Р.Старр: «Мен сіз­дер­ді алдымен 20 жылғы тәуел­сіз­дікте бағындырған биік­­­те­­­рі­­­ңіз­бен құттықтағым келеді. Менің ойымша, саясат туралы үз­­­бестен айта беруге болады, бірақ та бір нәрсе саясаттан да, экономикадан да жоғары тұруы тиіс. Ол – білім беру. Қазақстанның осы саладағы жұ­мыс­тарына көңілім толатынын айтып, Астанадағы «Назарбаев уни­верситетінің» дамуына үлкен қы­зы­ғушылықпен қа­­­рап отыр­ға­нымды назарлары­ңызға сала кете­йін. Бірақ, менің көзқарасымша, білім берудің бұл сатысымен қатар, орта білімге, мектептерге де зер салған жөн. Қазақстанның мектеп­ті тәмам­да­ған жастарының заманауи иннова­цияға, техникаға деген әзірліктері жоғарылауы тиіс. Алайда, білім саласында қазірдің өзінде біраз жетіс­тікке жеткен сіздер үшін оны орындау өте қиынға соқ­пас. Ал шын мәнін­дегі білімді адамдар қатары көбеймейінше, ел­дегі аза­­маттық қоғам­ды, демо­кра­тиялық ұйымдар­ды көзге елестету мүмкін емес. Мен Орталық Азия мен Қа­­зақстанның VIII-XII ғасыр­лар ара­сын­дағы тарихын зертте­дім. Жу­ыр­­да кітабым да жарық көреді. Қазақ даласынан мықты ғалымдар шыққан. Өзгесін айтпа­ғанда, әл-Фарабидың өзі неге тұ­рады. Қазір интеграция турасында жиі айтылады. Мен өз басым инте­гра­цияның тым қатты тереңде­уінен бой тартамын. Әрине, аймақ­тағы елдердің бір-бірімен араласуы заңды, ол қажет, бірақ өз болмысы сақталған тәуелсіз елдердің тең дәрежедегі қа­рым-қатынасы болуы тиіс деп есеп­теймін», деп өз ой-пайымын жайып салды.
Р.Старр сондай-ақ өзі тарихшы болғандықтан, бір кездері Орта­лық Азияның әлемнің орталығы болға­нын білетінін айтты. Бай қалалары­мен, сауда-саттықтың да­­­муымен, ғылымның өркенде­уі­мен оның алдына ешкім түсе алмайтын. Сіздердің тарихи жадта­­­ры­­­ңызда қалған әлем­мен экономи­калық байланыстар болуы тиіс. Отырар теңгелері Скандинавия түбегі мен Азияның оңтүстік-шы­­­ғысынан табылды. Міне, сондық­тан да сіздерден Ұлы Жібек жолын қалай қайтадан ашуға болады деген ой шықпауы тиіс. Бұл – халық­аралық сауда арқылы бүкіл аймақ­ты дамы­тудың қайнар көзі. Сіз­дер­де әлемдік саудаға араласатындай ғажайып мүм­кіндік жатыр. Батыс пен Шығыс­ты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын керемет орындарыңыз бар. Дегенмен, осы жаңа Жібек жолын жаң­ғыртуда сіздер бір нәрсені естен шығармасаңыздар екен. Ол сауданы үйлестіретін орталықтар, тауарларды сақтандыру жүйесі қайда болуы тиіс деген мәселе. Басқа да қажеттіліктерді, қонақүйлер се­кіл­ді инфрақұрылымдар салуды кім жүзе­ге асырады? Сондықтан жол қалпына қашан келеді, тас жолдар мен шойын жолдар қашан салынады деп күтіп отырсаңыз­дар, сіздер үшін оларды біреулер салып, пайда табуы мүмкін. Ондайдан еуропалықтар да, өзгелер де үлес алып қалуға тырысатыны анық, деді Р.Старр әрі қарай.
Америкалық ғалым айтса айт­қан­дай, әрбір азамат, мейлі үлкен, мейлі шағын болсын, жеке шаңы­рақ, ел болсын тарихи жадын жаң­ғырта отырып, оның жарқын бет­те­рін жалғас­тыруға ұмтылып, ал ащысы болса одан сабақ алып отыруы тиіс екені күмәнсіз.
Алда Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Қазы­хановтың АҚШ Мемлекеттік де­партаментінің басшысы Х.Клинтонмен кездесуі жоспарланған.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Вашингтоннан.