Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

«Qazaq Air» бірқатар халықаралық әуе бағытында ұшуға рұқсат алды 

811 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттағы әуе тасымалын кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Qazaq Air» бірқатар халықаралық әуе бағытында ұшуға рұқсат алды 

Конкурстық комиссия «Qazaq Air» әуе компаниясының өтініштерін қарастырып, халықаралық әуе бағыттарына сертификаттарды беру туралы шешімді қабылдады.

«Qazaq Air» төмендегі халықаралық бағыттарда әуе тасымалдарын жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

• Алматы - Бішкек - Алматы;

• Алматы - Ош - Алматы;

• Атырау - Астрахань - Атырау;

• Атырау – Минеральные Воды - Атырау;

Атырау - Тбилиси - Атырау;

• Ақтау - Тбилиси - Ақтау;

• Ақтау - Грозный - Ақтау;

• Өскемен - Новосибирск – Өскемен.

Сондай-ақ жазғы кестеде қазақстандық әуе компания Алматы-Бішкек, Алматы-Ош, Атырау-Астрахань бағыттары бойынша ұшуды жоспарлап қойды. 

Көктем мерекесі қарсанында 21 наурыз күні Алматы - Бішкек бағыты компания  бойынша алғашқы рейсті орындайтын болады. Кейіннен Қырғыз елінің астанасына рейстер аптасына екі рет орындалатын болады. 

Еліміздің аймақтары мен көршілес мемлекеттер арасындағы ұшулардың көбеюі және ұшу географиясының кеңеюі сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, транзиттік жолаушылар қозғалысын көбейтеді және еліміздің туристік әлеуетін арттырады.

«Qazaq Air» әуе компаниясы IOSA сертификатына ие болып, әлемдік қауіпсіздік стандарттарына өз сәйкестігін растады.