04 Ақпан, 2012

Еуропалық одақтың өңірдегі маңызды әріптесі

332 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еуропалық одақтың өңірдегі маңызды әріптесі

Сенбі, 4 ақпан 2012 8:15

2 ақпанда Брюссельде Қазақстан Рес­публикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Еуропалық Одақтың Шетел істері және қауіпсіз­дік сая­саты жөніндегі Жоғары өкілі Кэ­трин Эштонмен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Қазақстандық және еуропа­лық дипломатия басшылары­ның жылдың басындағы тұрақ­ты кездесулері ізгі дәстүрге ай­нал­ған. Жүздесулер барысында екі жақты қарым-қатынастың ағым­дағы көкейкесті мәселе­лері мен перспективалары талқы­ла­нып жүр.
Қазақстанның Еуропалық Одақ­пен ынтымақтастығы біз­дің еліміз сыртқы саясатының стратегиялық басымдықтары­ның бірі болып табылады.

Сенбі, 4 ақпан 2012 8:15

2 ақпанда Брюссельде Қазақстан Рес­публикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Еуропалық Одақтың Шетел істері және қауіпсіз­дік сая­саты жөніндегі Жоғары өкілі Кэ­трин Эштонмен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Қазақстандық және еуропа­лық дипломатия басшылары­ның жылдың басындағы тұрақ­ты кездесулері ізгі дәстүрге ай­нал­ған. Жүздесулер барысында екі жақты қарым-қатынастың ағым­дағы көкейкесті мәселе­лері мен перспективалары талқы­ла­нып жүр.
Қазақстанның Еуропалық Одақ­пен ынтымақтастығы біз­дің еліміз сыртқы саясатының стратегиялық басымдықтары­ның бірі болып табылады.

Бұған былтырғы кездесулер аясында Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев пен Еуро­палық Комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың және Еуро­па­лық Одақтың төр­ағ­асы Херман ван Ромпеймен кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтар ай­ғақ болып табылады.
Еуропалық Одақ біздің еліміздің аса ірі экономикалық әріптесі болып қалып отыр. ЕО үлесіне қазақстандық сыртқы сау­да айналымының жартысы және Қа­зақстан экономикасына тартылған шетел инвестиция­лары­ның үштен бірі тиесілі.
Мәселен, 2011 жылы Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы тауар айналымы 50 млрд. АҚШ долларына жетсе, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен айтарлықтай көп (38 млрд. АҚШ доллары).
1993-2011 жылдар аралығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына құй­ыл­ған тікелей жалпы инвестициялар ағыны 65,7 млрд. АҚШ доллары (барлық тар­тыл­ған инвестициялардың ауқымы 137 млрд. АҚШ долларын құрайды) болды. Өзара сауда-саттықтың айтарлықтай өсіміне «Еуропаға жол» үш жылдық мемлекеттік бағ­дарла­масын жүзеге асыру оң ықпал етті.
Қазіргі кезде жоғарыдағы ын­тымақтастықтың заңды жалғасы ретінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында тереңдетілген әріптестік пен ын­тымақтастық туралы жаңа ке­лісім дайындау бойынша бірлес­кен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл құжат саяси, экономикалық және гуманитарлық қарым-қа­тынастың барлық бағытын қам­титын болады.
Қазақстандық министр елі­міз­дің Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына кіруі бойынша келіссөздер үдерісі таяу уақытта аяқтала­ты­нына сенім білдірді. Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы тараптар тауарлардың рынокқа қолже­тім­ділігі бойынша барлық шарттарды келіскен болса, былтыр қыз­мет көрсету рыногына қолжетім­ді­лік жөніндегі екі жақты ке­ліс­сөздердің аяқталғаны туралы хаттамаға қол қойды.
Осы орайда Е.Қазыханов Қа­зақ­станға таяу уақыттарда «на­рық­тық экономикалы ел» мәр­те­бесін бе­­ру қажеттігін атап өтті. Сөз ре­­тінде, бұл мәртебенің ЕО тарапынан демпин­­­­­г­­­­ке қарсы тексеру жүргізілгеннен кей­­­­ін бері­летінін ай­­та кетейік.
Қазақстан дип­ло­­­­­матиясының басшы­­­сы еуропалық та­рапты өз­ара се­нім­ділік негізінде ви­­­­залық режімді оң­­­­тайландыруға ша­қыр­ды. Осыған байланысты Қа­зақ­­стан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында аза­­мат­тардың және реадмиссияның сапарларын қара­пай­­ымданған ре­жім бо­й­­ынша алмасу туралы ке­лісім жөнінде келіссөздер жүр­гіз­­­ген жөн деген ұста­нымын білдірді.
Тараптар өңірлік ынтымақ­тастықты дамытуды жалғас­тыру мен ЕО және Орталық Азия ел­де­рі арасындағы «Жа­ңа әріп­тестік стратегиясын» одан әрі жүзеге асырудың м­а­­­ңызын атап көрсет­ті.
Министр К.Эштонды Қа­зақ­стан Президентінің таяудағы ха­лыққа Жолдауында алға қойыл­ған ірі жобалар мен әлеуметтік-экономикалық міндеттер және елімізде өткен парламенттік сайлау туралы жан-жақты хабардар етті.
К.Эштон көп партиялы Пар­ламенттің қалыптасуын құптай­тынын білдіре келіп, Еуропалық Одақтың біздің елімізді демократия жолында одан әрі қарай да қолдауға дайын екенін қуаттады.
ЕО-ның жоғары өкілі өзінің жоғары әлеуеті мен мүмкін­ді­гі­нің, халықаралық аренадағы бел­сенді ұстанымдарының ар­қасында Қазақстан Еуропалық Одақтың өңірдегі маңызды әріп­тесі болып табылатынын атап көрсетті.
Тараптар Иран мен Сирия төңірегіндегі ахуалды қоса ал­ғанда, халықаралық күн тәрті­біндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты. К.Эштон Қазақстанның Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымындағы төраға­лық қызметіне қолдау білдірді.
Е.Қазыханов Еуропа дипло­матиясының басшысын ресми сапармен Қазақстанға келіп қай­туға шақырды.
«Егемен-ақпарат».