Аталған жобада кітапханалық және ақпараттық қызметтер, электронды ресурстар мен цифрлы кітапхананы дамыту, қолжазба құжаттарын цифрлау, ресурстармен алмастыру, мамандандырылған салаларды қалпына келтіру, сатып алу, каталогтау, сақтау және қалпына келтіру барысында тәжірибелер алмасады. Қолжазбаларды, баспа және әдебиет емес ақпарат көздерін және жаңа басылымдардың қолжетімді материалдарын қоса алғанда, кітапхана ресурстарының тізімін алмастыруға жағдай жасалады.
Халықаралық жобаның мақсаты – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, экономиканың қазіргі заманғы мемлекетінің жетістіктерін, саясатты, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.
Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қызметі туралы, оның халықаралық саяси аренадағы рөлі, сондай-ақ белгілі қазақ жазушыларының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі еңбектері туралы баяндалады. Барлығы 200-ден астам кітап кітапханаға сыйға тартылды. Әрине бұл кітаптар оқырмандардың қызығушылығын тудырады және қазақ халқының мәдени құндылықтарына жақындауына септеседі.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы шетелдердің ұлттық кітапханаларында қазақ әдебиеті орталықтарының ашылуына арналған халықаралық жобаны жүзеге асыруда.
Бүгінге дейін әлемнің 29 елінде, атап айтқанда Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федерациясы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Нью-Йорк көпшілік кітапханасы және Конгресс кітапханасы), Румыния, Иран, Аргентина, Бразилия, Удмуртия, Германия, Испания кітапханаларында орталықтар ашылып, жұмыс істей бастады.
Әсем САҒИҚЫЗЫ