«Құжаттары бойынша бұл көліктерде ұн тиелген болуы тиіс еді. Бірінші қатардағы қаптардың ішінде шынымен де ұн болып шықты. Алайда ол тек арғы жағындағы жасырын жүктің бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланылған екен. Ұсталған көлік жүргізушілері көліктерімен және жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада.
«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты «Құрмангазы-авто» тексеріп-өткізу пунктінің шекара наряды кеше таңертең Атырау – Астрахань бағытымен жол жүріп бара жатқан екі бірдей «ГАЗ3022» автокөліктерін (жүргізушілері 46 және 35 жастағы ресейліктер) тексеру барысында әрқайсысынан 90 қаптан, жалпы саны 180 қап, салмағы 6 тонна болатын заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33
Жетісудағы тұңғыш иппотерапия орталығы
Аймақтар • Бүгін, 09:30
Жауапкершілікке тарту үдерісін жеделдету маңызды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:28
Күнкөріс деңгейі қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 09:25
Инфляция • Бүгін, 09:23