13 Наурыз, 2012

Бас хатшы өкініш білдірді

278 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бас хатшы өкініш білдірді

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 7:49

НАТО-ның бас хатшысы Андрес Фог Расмуссен америкалық солдаттың16 бейбіт ауғанды өлтіруіне байланысты өз көңіл айтуын білдірді.

Ол Ауғанстандағы НАТО әскерлерінің бас қолбасшысы, америкалық генерал Джон Алленге адам өліміне қатыс­тыларды жауапқа тартуда барынша көмек көрсетуге ниетті екенін атап көрсетті. «Талибан» ислам қозғалы­сы­ның өкілдері Ауғанстандағы бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны үшін өздерінің кек қайтаратындарына уәде беріп те үлгерді. Ел президенті Хамид Карзай орын алған оқиғаны «қасақана және ойластырылған күш көрсету актісі» деп сипаттап, АҚШ өкіметінен түсінік беруді талап етіп отыр.

 

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 7:49

НАТО-ның бас хатшысы Андрес Фог Расмуссен америкалық солдаттың16 бейбіт ауғанды өлтіруіне байланысты өз көңіл айтуын білдірді.

Ол Ауғанстандағы НАТО әскерлерінің бас қолбасшысы, америкалық генерал Джон Алленге адам өліміне қатыс­тыларды жауапқа тартуда барынша көмек көрсетуге ниетті екенін атап көрсетті. «Талибан» ислам қозғалы­сы­ның өкілдері Ауғанстандағы бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны үшін өздерінің кек қайтаратындарына уәде беріп те үлгерді. Ел президенті Хамид Карзай орын алған оқиғаны «қасақана және ойластырылған күш көрсету актісі» деп сипаттап, АҚШ өкіметінен түсінік беруді талап етіп отыр.

ТҰТЫНУШЫЛЫҚ СЕНІМ ТӨМЕНДЕУДЕ

Жапонияда тұтынушылық сенім индексі қаңтар айындағы көрсеткіш­пенсалыстырғанда 0,5 пунктке төмен­деп, 39,5 пунктті құрады.

Жапония үкіметінің экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты осын­дай ақпарат жариялап отыр. Үсті­міз­дегі жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 40,0 пунктті құра­ған болатын. Сарапшылар таяудағы айларда жапон экономикасы толықтай қалпына келу жолына түсетін болады, оған ел банкінің жұмсақ несие-қаржы саясаты қолдау көр­се­теді, деп есептейді. Иен бағамының төмендеуі де жапон экс­портының бәсекеге қабілеттілігіне қолайлы жағдай туғызбақ.

ГАЗА СЕКТОРЫ ТАҒЫ БОМБАЛАНДЫ

Израиль дүйсенбіге қараған түні Газа секторына жаңадан әуесоққыларын жасады.

Палестиналық медиктердің мәліметтері бойынша, Газа және Хан-Юнис қалаларына жасалған әуе соққысы салдарынан 2 адам қаза тапқан. Соңғы 3 күндегі Израильдің әуеден жасаған соққылары салдарынан Газада қаза болған палестиналықтар саны 20-ға жетіп отыр. Үш тәулік ішінде Газа аумағынан Израильге 120-дан астам зымыран атыл­ғаны да белгілі болды. Бұл атыстар үшін жауапкершілікті «Ислам жихады» және «Қарсылық көрсету халық коми­теттері» топтары өз мойындарына алып отыр.

 МЕРКЕЛЬДІҢ АУҒАНСТАНҒА САПАРЫ

Германия канцлері Ангела Меркель күтпеген жер­ден Ауғанстандағы немістің әскери базасына ұшып келді.

Америкалық солдаттың бейбіт тұрғындарды өлтіруіне бай­ланысты Ауғанстанда қалыптасқан күрделі ахуал салдарынан Меркельдің сапары айрықша қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуде. Меркель Құндыз провинциясында қыз­мет­терін атқарып жүрген неміс солдаттарына да бармақ еді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл сапар­дан бас тартуға тура келді. Айта кету керек, бұл Мер­кельдің Ауғанстандағы неміс әскерилеріне төртінші рет келуі.

ӘСКЕРИ АРАЛАСУ ДА ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

АҚШ президенті әкімшілігі Сирия халқына қолдау көрсетудің және Сирия режіміне қысым жасау­дың бар­лық құралдарын пайда­лануға дайын.

Ақ үйдің ресми өкілі осылай деп мәлім­деген. Америка тарабы әскери араласуды да жоққа шығармайды, дегенмен, оны жүзеге асыруға онша асығып та отырған жоқ. Обама әкімшілігі эко­номикалық санкциялар Башар Асадтың ресурстарын сар­қып, режімнің құлауын жеделдетеді деп үміттеніп отыр. Қалай дегенде де, Сирия мәселесін шешуде халықаралық қоғамдастық әзірге ортақ бір ұйғарымға келе алған жоқ.

АРАНДАТУДЫҢ АЛДЫН АЛМАҚ

Оңтүстік Корея армиясының қолбасшысы КХДР-дың теңізде жасауы мүмкін әскери арандатуына қарсы қырағылық пен дайындықты арттыру қажеттігін ескертті.

Оңтүстіккореялық әскерилер әскери-теңіз базаларын жасырып тұрған мұздың еруіне байланысты КХДР әскери-теңіз күштерінің өз іс-қимылдарының белсенділігін арттыра түсетінін атап көрсетіп отыр. Алдын ала ескерту жасауға 26-27 наурызда Сеулде өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі әлемдік форум да белгілі бір жағдайда себепкер болғаны анық. Ел басшылығы осыған орай Оңтүстік Корея қауіпсіздігін бақылауды күшейте түспек ниетте.

МИССИЯ ОРЫНДАЛМАЙ ҚАЛДЫ

БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының арнаулы өкілі Кофи Аннан Сирия басшылығымен келіссөз­дер кезінде нақтылы нәтижелерге қол жеткізе алма­ғанын мойындады.

Сонымен бірге ол Дамаскіге келесі жолы келгенде билік пен оппозицияны татуластыра алатынына сенім білдірді. Кофи Аннанның айтуынша, қандай да бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін болуы үшін Дамаскіде ұзағырақ болған орынды еді. Сондай-ақ ол кіммен болмасын кездескенде, әңгіменің тек бейбітшілік туралы ғана болғанын, бейбіт өмірдің барша үшін де қажет екенін атап көрсеткен.

ШИИТТЕР НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ

Бахрейнде бірнеше күннен бері мың­даған адамдар қатысқан нара­зы­лық акциялары жалғасуда.

Корольдіктегі толқулардың бүкіл өңір үшін ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Ми­тингіге шыққандардың негізгі бөлігін шииттер құрайды, олар елді азшылық­тағы сунит­тер­дің билеуіне шектеу қоюды талап етуде. Бахрейн полициясы үкіметке қарсы ереуілді тарату үшін көзден жас шығаратын газ қолдануда. Корольдік билік болса ахуал 45 адамның қаза табуына апарып соқтырған өткен жылғы оқиғадай бақылаудан шығып кете ме деген алаңдаушылық білдіруде. Сөз орайында, шииттерді Иранның қолдайтынын, ал Король отбасының Сауд Арабиясы мен АҚШ-қа арқа сүйейтінін айта кету қажет.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.