13 Наурыз, 2012

Қазақстан Құрама Штаттардың шешуші одақтасына айналды

295 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Құрама Штаттардың шешуші одақтасына айналды

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 8:35

Жақында АҚШ Конгресінің Халықаралық қатынастар жө­нін­дегі комитетінің Еуропа және Еуразия елдері бойынша ша­ғын комитетінің төрағасы Дэн Бертон Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және екіжақты қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай ресми мәлімдеме жасады. Онда ықпалды америкалық конгрессмен екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары рухын атап көрсете келіп, Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөліне, еліміздің ядролық қарусыздану және таратпау үдерістеріне қосып келе жатқан үлесіне, тағы басқа маңызды мәселелерге жан-жақты тоқталады.

 

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 8:35

Жақында АҚШ Конгресінің Халықаралық қатынастар жө­нін­дегі комитетінің Еуропа және Еуразия елдері бойынша ша­ғын комитетінің төрағасы Дэн Бертон Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және екіжақты қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай ресми мәлімдеме жасады. Онда ықпалды америкалық конгрессмен екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары рухын атап көрсете келіп, Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөліне, еліміздің ядролық қарусыздану және таратпау үдерістеріне қосып келе жатқан үлесіне, тағы басқа маңызды мәселелерге жан-жақты тоқталады.

Төменде америкалық конгрессмен ресми мәлімдемесінің мәтіні жарияланып отыр.

Мен қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­мен құттықтаймын. 1991 жыл­дың 25 желтоқсанында Құрама Штат­тар Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Екі онжылдық өткен кезде Қа­зақстан АҚШ-тың ма­ңыз­ды әріптесі және Орталық Азия­дағы көшбасшы мемлекетке айналды.

Кеңес Одағы кезінде қазақ даласы КСРО-ның басты сынақ полигоны және әскери ядролық бағдарламалар жасайтын орын ретінде пайдаланылды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан 1000-нан асатын ядролық оқ­тұм­сықтары бар орасан ядро­лық арсеналға ие болып қалды. Арсенал құрамында сондай-ақ құрлықаралық баллистикалық зы­мырандар мен стратегиялық бом­балаушы ұшақтар болды. Осы орасан ядролық қарудың нә­тижесінде Қазақстан қуаты жө­нінен әлемдегі 4-ші ядролық державаға айналды.

Қазақ халқы бұл қарудың қиратушы күшін өзінің жанымен және тәнімен айқын сезінді. Өйт­кені, қазақ даласында 500-ден астам ядролық сынақтар жасалды. Бірақ Қазақстан Президент На­зарбаевтың басшылығымен өзі­нің ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқан жұмыр жердегі алғашқы ел атанды. Кейін, 1994 жылы ел Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойып, оны ратификациялады. 1995 жыл­ға қарай Қазақстан соңғы ядро­лық зарядын Құрама Штат­тар­дың айтарлықтай қолдауымен және Қатерлерді бірлесіп қыс­қарту бағдарламасы аясында Ресейге өткізіп берді. Қазақ­стан мен АҚШ аталған бағ­дарлама аясындағы ынты­мақ­тастығын жалғастырып келеді. Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстан таратпау жөніндегі көшбасшы және өзге елдерге үлгі болып қалып отыр. Бұл – өсіп-өркендеу үшін ядролық қару қажет емес екендігінің ай­қын айғағы.

Тәуелсіздігін алған сәттен бастап Қазақстан өз эконо­ми­касын реформалау жөніндегі жұмыстарын бастап, кеңестік жоспарлы ойлаудан нарықтық механизмдерге көшті. Бүгінде Қазақстан өңірдегі ең дамыған экономикаға ие. Елдің әлемдік рынокқа тұрақтандырушы ық­пал ететін энергетикалық хаб болу әлеуеті бар. Бұған қоса, Үкіметтің Ұлттық қор құру туралы шешімі Қазақ­станның минералдық байлығын бүкіл ел халқының игілігіне айнал­ды­ра­тын болады.

Табиғи байлықтары молды­ғы­на қарамастан, Қазақстан өзінің экономикасын әртараптандыруға ұмтылыс танытып отырса, нәти­жесінде Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына қосылуда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Бұл прогреске жақында Қазақстан мен Құ­рама Штаттар арасында БСҰ бой­ынша екі жақты келіс­сөз­дер­дің аяқталуы туралы хаттамаға қол қойылуы айғақ бола алады. Аталған келісім америкалық қыз­мет көрсетушілерге көбірек тиімділік әкеліп, Қазақстан БСҰ-ға өткеннен кейін олардың Қазақ­стан рыногындағы мүмкіндік­те­рін айтарлықтай кеңейтеді. БСҰ-ға мүшелік Қазақстан үшін, сон­дай-ақ осы тез дамып отырған рынок өзіне барынша көп тарта бастаған ірі америкалық компаниялар үшін де тиімді.

2001 жылдың 11 қыркүйегіне бірнеше ай қалғанда Президент Назарбаев Ауғанстандағы ахуал өңірлік қауіпсіздікке қатер төн­діріп отырғанын айтып, алаң­дау­шылық білдірген болатын. Құ­рама Штаттардағы терактілерден кейін Қазақстан өзінің әуе кеңістігін ашып, Ауғанстандағы коалицияға қолдау көрсете бас­та­ды. 2009 жылдан бастап Қазақ­стан­ның темір жол инфрақұры­лы­мы Солтүстік тарату желісінің шешуші буыны бола отырып, Ауғанстанға қажетті жеткізілім­дер­дің барынша маңызды мар­шру­тына айналды. Қазақстан әс­ке­ри операцияларға қолдау көр­се­тумен қатар, Ауғанстанды бас­қа да бірқатар бағыттар бойынша дамытуға ықпал етуін жалғас­ты­рып келеді. Бұл өзгесін айтпа­ғанда, ауғандық студенттерге Қа­зақстан университеттерінде оқу үшін стипендиялар тағайын­дау­дан көрінеді.

Ядролық қарудан бас тарту, экономикалық реформалар жүр­гі­зу және Ауғанстандағы коали­ция­лық операцияларды қолдау сая­саты нәтижесінде Қазақстан тұрақтылықтың тініне, сондай-ақ Орталық Азия дамуының локомотивіне айналды. Мұндай көш­басшылық Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымы­ның (ЕҚЫҰ) 2010 жылы ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін беру жөніндегі шешімімен мойындал­ды.

Мен Президент Назарбаев пен Қазақстан халқын еркін баспа­сөзді, тәуелсіз сот билігін, қуат­ты азаматтық қоғам мен мөлдір саяси жүйені қоса алғанда, осын­дай берік іргетасқа негізделген демократиялық реформаларды жүргізуді белсенді жалғастыруға құрметпен шақырамын. Демо­кра­тиялық даму Қазақстан халқына пайда әкеліп қана қоймай, сон­дай-ақ Қазақстанның Орталық Азия мен әлемдік аренадағы көш­басшылық рөлін сақтап, ны­ғай­та түсуге қызмет ететін болады.

Соңғы 20 жылда Қазақстан Құрама Штаттардың шешуші одақ­тасына айналды. Қазақстан­ның одан арғы дамуына орай біз әрі қарай да маңызды қарым-қатынасымызды нығайта беруге тиіспіз. Мен Президент Назарбаев пен Қазақстан халқын Қазақ­стан Республикасы Тәуел­сіз­ді­гі­нің 20 жылдығымен құттықтаймын.