15 Наурыз, 2012

Депутаттар алдында жауап беруі мүмкін

320 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Депутаттар алдында жауап беруі мүмкін

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:15

Кеше Иран парламенті ел президенті Махмұд Ахмадинежадтан жауапалуды бастадыАссошейтед-пресс агенттігінің хабарлауынша,парламенттегі кон­сер­ва­тивтік депутаттар М.Ахмадинежадты ұлт­тықэкономиканы әлсіретті деп айыптап отыр екен.

Енді ел президентіне депутаттар алдында Теһрандағы метро құрылысының жеткілікті деңгейде қаржы­лан­дырыл­мауына, эко­но­микалық өсімнің нашарлауына және әлеуметтік рефор­ма­ның жүзеге асырылмауына қатысты мәселелер бо­йынша жауап беруіне тура келеді.

Бейсенбі, 15 наурыз 2012 7:15

Кеше Иран парламенті ел президенті Махмұд Ахмадинежадтан жауапалуды бастадыАссошейтед-пресс агенттігінің хабарлауынша,парламенттегі кон­сер­ва­тивтік депутаттар М.Ахмадинежадты ұлт­тықэкономиканы әлсіретті деп айыптап отыр екен.

Енді ел президентіне депутаттар алдында Теһрандағы метро құрылысының жеткілікті деңгейде қаржы­лан­дырыл­мауына, эко­но­микалық өсімнің нашарлауына және әлеуметтік рефор­ма­ның жүзеге асырылмауына қатысты мәселелер бо­йынша жауап беруіне тура келеді. Сондай-ақ ол бірқатар ми­нистрлерді Иран­ның рухани көсемі аятолла Али Хоменеидің келісімінсіз таға­йын­даған және қызмет­терінен босатқан деп те айыпталып отыр­ған сияқты. Иран конституциясына сәйкес, президентті парламентке шақы­рып, жауап алу үшін 290 депутаттың кем дегенде 73-і қол қоюы тиіс екен. Кейбір ақ­параттарға қарағанда, қол қойған депутаттардың саны 79-ға жеткен көрінеді.

ЖОЛ АПАТЫНАН 28 ТУРИСТ МЕРТ БОЛДЫ

Франс-пресс агенттігінің таратқан ақ­параттары бойыншаШвейцариядаорын алған ірі жол-көлік апа­тынан 28 адам қаза тапқанОлардың 22-сі –балалар.

Жергілікті полицияның мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасы Италия­ның шекарасына жақын маңда кеш­кі­сін болған. Ішінде 52 жолаушысы бар автобус Валлис кантонына құлаған. Ондағы жолаушылардың басым көпшілігі тау шаңғысы демалыс орнынан қайтып келе жатқан бель­гия­лық оқушылар көрінеді. Қазіргі кезде орын алған қайғылы жағдайдың себеп-салдары тексеріліп жатыр.

ИРАН ТАРАПЫНА ЖЕТКІЗУДІ ӨТІНДІ

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Ресейдің сыртқыістер министрі Сергей Лавров 12 наурызда Нью-Йоркте кездескенболатынКездесуде Х.Клинтон С.Лавровтан Иранның соғыстан «қашыпқұтылуының» ең соңғы мүм­кіндігі сәуір айында өтетін халықаралықкеліс­сөз­дер болатынын Иран тарапына жеткізуді өтінген.

«Коммерсанть» басылымының жазуынша, Ресейдің сырт­қы істер министрлігі сәуірдегі кездесуді Иранның «соңғы мүмкіндігі» деп есептемейді. Қазірдің өзінде Мәскеу егер соғыс бола қалған жағдайда Иранның қалай іс-қимыл жасай­тындығын есептеп қойған. Сәуір айындағы алты арааға­йын­дық танытушылардың қатысуымен өтетін келіссөздің қай елде, қай жерде болатыны қазірге белгісіз. Ал онда Иранның ядролық бағдарламасы талқыланатыны анық.

ПАНЕТТА АУҒАНСТАНҒА ШҰҒЫЛ ЖЕТТІ

Кеше АҚШ-тың қорғаныс министрі Леон Панетта екі күндік сапармен Ауғанстанға келді. Рейтер агент­тігінің ақпараттарына қарағанда, Пентагон бас­шы­сының Ауғанстанға шұғыл жетуі амери­ка­лық әскери­дің 16 бейбіт тұрғынды атып тастауына байланысты болса керек.

«Нью-Йорк Таймс» газетінің жазуынша, Леон Панетта қайғы­лы оқиға орын алған Қандағар провинциясына бармайды. Бірақ ол Қандағармен іргелес жатқан Гильменд провин­ция­сында болып, онда америкалық контингентпен және Грузияның әскерилерімен кездеседі. Кейбір ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, сапар барысында Пентагон басшысы Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездесіп, оған бейбіт тұрғындарды мерт қылған әскеридің лайықты жазасын алатынына көзін жеткізбек.

КОНГРЕСС МҮШЕСІ ҚЫЛМЫСКЕР ЕКЕН

Бразилияда 1964-1985 жылдары елді басқарған әскери диктатура өкілдеріне қарсы алғашқы сот процесі басталды. Адамдарды ұрлады деген айыпқа «Доктор Лукини» атты лақап аты бар полковник Себастьян Курио Родригес де Моуре тартылып отыр.

Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, Курио 1970 жылдары әскери диктатураға қарсы күрескен бес партизан коммунисті ұрлаған, оларға зорлық-зомбылық көрсеткен. Бес партизан із-түзсіз жоғалған. Егер сотта полковник өз қылмысын мойындаған жағдайда, ол 40 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады. 77 жастағы отставкадағы полковник жақын күнге дейін конгресс мүшесі болып келген екен.

КӨЗ ЖҰМҒАНДАР ҚАТАРЫ ӨСЕ ТҮСУДЕ

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бангладеште паром­ның апатқа ұшырауы салдарынан опат болған­дардың саны 64 адамға жеткен. Бұл туралы Катардың «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметтерінше, қаза тапқандардың саны бұдан да артуы ықтимал. Өйткені, паромды толық су бетіне көтеруге және оны жағалауға шығаруға мүмкіндік болмай тұр екен. «Паром бір жағына қисайып жатыр, – дейді құтқарушылардың басшысы Г.Хусейн. – Ол жердің суы өте терең. Сондықтан да қаза болғандардың денесі паром ішінде қалып қоя ма деп қауіптеніп отырмыз». Айта кетейік, екі палубадан тұратын «Шариатпур» жолаушылар паромы 13 наурызда ертеңгісін Мехна өзенінде жүк кемесімен соқтығысып, суға батып кеткен еді.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

Кеше Жапонияның жағалауында күшті жер сілкінісі болды. Оның эпицентріндегі зілзала қуаты 6,8 баллға жеткен. Осыған байланысты цунами қаупі бар екендігі хабарланды.

Эфиопияның Гамбела провинциясында қарулы содырлардың жолаушылар автобусына шабуыл жасауы салдарынан 19 адам қаза тауып, 8 адам жараланды. Алғашында содырлар жолаушыларды қарумен қорқытып, ақшалары мен заттарын тартып алған. Соңынан оларға оқ жаудырған.

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі басқармасы Сирияның босқынға ұшыраған азаматтарының ресми статикасын жария етті. Олардың саны 230 мың адамнан асқан делініп отыр.

Белоруссияның оппозициялық бағыттағы «Наша Нива» газетінің бас редакторы Андрей Дыньконы Минск-Вильнюс бағы­тын­дағы пойыздан түсіріп алып қалды. Шекарашылар оның себебін айтпай отыр.

Мәскеудегі Марьино аумақтық сайлау комиссиясының ғимаратынан қызметкерлерге төленуі тиіс 5,6 миллион рубль қолды болды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.