16 Наурыз, 2012

Дүбірге толы дүние

216 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Дүбірге толы дүние

Жұма, 16 наурыз 2012 7:04

ПРЕЗИДЕНТТІК ОРЫН – БІРЕУ, ҮМІТКЕРЛЕР – 280

Алдағы мамырда Мысырда президенттік сайлау өтеді. Оның үлкен саяси белсенділік жағдайында өтетін түрі бар. Науқанның алғашқы кезеңінде-ақ бұл күреске қатысуға 280 адам тілек білдіріпті.

 

Жұма, 16 наурыз 2012 7:04

ПРЕЗИДЕНТТІК ОРЫН – БІРЕУ, ҮМІТКЕРЛЕР – 280

Алдағы мамырда Мысырда президенттік сайлау өтеді. Оның үлкен саяси белсенділік жағдайында өтетін түрі бар. Науқанның алғашқы кезеңінде-ақ бұл күреске қатысуға 280 адам тілек білдіріпті.

Үміткерлер туралы әңгімені осы сайлауға қатысудан бас тарт­қан адамнан бастағымыз ке­ліп отыр. Ол – белгілі қайраткер, Ха­лықаралық атом энергиясы жөніндегі агент­тік­тің (МАГАТЭ) бұрынғы басшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Мохаммед әл-Барадеи. Өт­кен жылы ақ­панда президент Хосни Мү­бәрак тақтан құлаты­лып, алда президенттік сайлау өтеді дегенде, алғашқылардың бірі болып, өз кандидатурасын ұсын­ған да осы әл-Барадеи еді. Және ел­дегі жағ­дайға белсене қатысты.

Оның президенттік үшін күрестен бас тартуының өзі де сол саяси белсенділігінің көрі­ні­сі десе болғандай. Парла­мент­тік сайлауды бақылай отырып, елде қалыптасқан жағдай­ға, әскери биліктің шектен шық­қан озбырлығына наразылық біл­діріп, президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. «Де­мократиялық жағдайда өтпейтін сайлауға қатысуға менің арым шыдамайды», – деді ол.

Бұл жерде оны толық құп­тай қою да қиын. Сол демократия да күреспен келеді. Әл-Ба­ра­деи сол парламенттік сайлау алдында жаңа конституцияны қабылдап, сайлауды сол бойынша өткізуді ұсынған. Басқалар, әс­кери билік алдымен пар­ла­мент­тік сайлау өткізіп, жаңа конститу­ция­ны жаңа парламент әзірлесін, де­ді. Мұнда да қи­сын бар еді. Елдің негізгі заңын жаңа заман рухымен сайланған парламент әзір­лесе, артық та емес.

Қалай дегенде де, әл-Бара­деидің сайлауға қатыспауы би­лік үшін күрестегі тартысты бір­шама бәсеңсітті деуге болады. Сөйтсе де, дәл бүгінгідей ре­во­люциялық көңіл күйі ша­рық­тап тұр­ған Египетте бұл сай­лау­да күрес қызуы жоғары болатыны күмәнсіз. Негізгі күрес Араб мемлекет­тері лигасының бұ­рын­ғы бас хатшысы, елдің бұ­рынғы сырт­қы істер министрі болған, араб дү­ниесінде танымал қайраткер Әмір Мұса, был­тырғы револю­ц­и­ялық аласапыран кезінде қаң­тар-нау­рыз ара­лы­ғында ел үкі­метін бас­қарған Ахмет Шафик, сондай-ақ бұдан біраз бұ­рын «Мұсылман бауырлар» қозғалы­сы­ның бір бас­шысы болған Әб­діл Монейм Әбу әл-Футух арасында өтеді деген болжам айтылады.

Әмір Мұсаға сипаттама беру артықтау. Ол белгілі дәре­же­де Мүбәракпен сыйыспаған қай­раткер ретінде аталады. Бұл қа­зір – жақсы мінездеме. Ахмет Ша­фик кешегі сын сағатта үл­кен жауапкершілікті арқалады. Оны әскери биліктің шет­тет­ке­ні белгілі. Бұл да қазіргі әскери би­лікке наразыларға ықпал етеді. Соңғы парламенттік сайлауда исламистер, оның ішінде «Мұсыл­ман бауырлар» қозға­лы­сы үлкен жеңіске жетті. Пр­е­зи­денттік сайлауда да олар әл-Футухқа біраз дауыс жинап бере алады.

Араб дүниесіндегі жетекші ел – Египетте билік тізгінін ұс­тау­дың жауапкершілігі үлкен. Оның елдің өзі үшін ғана емес, халық­ара­лық та маңызы бар. Бұрынғы билік тұсында АҚШ бұл елге жыл сайын жүйелі түр­де қомақты көлемде қаржылай көмек беріп тұрды. Олар бұл елден алда да ажырай қоймас. Өз қолайына келетін қайраткерге қол­дау көрсе­тер. Оны қалай жүзеге асыруды америкалықтар жақсы біледі.

ЛУКАШЕНКОНЫҢ СӨЗІ ДЕ, ӘРЕКЕТІ ДЕ ӘРҚАШАН ӘЗІР

Еуроодақ пен Белоруссия арасындағы қарым-қатынас барған сайын шиеленісе түсетін түрі бар. ЕО-ның Шет елдер ісі және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның кеңсесі бұл мәселе 26 наурызда Сыртқы істер министрлері кеңесінде тағы да талқыланатынын хабарлады.

Батыс елдері­нің, олардың басын қосып отыр­ған Еу­роодақтың Бело­рус­сияға көз­қа­расы қиғаш. Оған белгілі дәрежеде Беларусь басшы­сы­ның шарт-пұрттау мінезі бі­раз үлес қосқан. Батыстың бас­қаға, әсіресе Шы­ғыс­қа ақыл айт­қысы келіп тұра­ды. Біз­дег­і­дей болыңдар, біздің тәр­ті­бі­міз­ді қабылдаңдар дейді. Әр елдің өз менталитеті, ғасыр­лар бойы қалыптасқан әдет-дәс­түрі бар­лы­ғын ескергісі келмейді. Брю­с­сельдің мұндай өркөкірек­тігін кейбір елдер, олардың басшылары тыңдайды да қояды, ал Белоруссия президенті Александр Лукашенко тыңдап қоя салмай, қатқыл жауап қататыны бар.

Брюссель Минскіге бұл елде адам құқы бұзылады, дик­та­торлық тәртіп қалыптасқан деген айып тағады. Бұл, әсіресе, сай­лауға байланысты көп айтылады. Президент Александр Лу­ка­шен­ко, басқа жерлердегі­дей, не айтсам да, не істесем де өз еркім деп, артық-ауыс сын айт­қанға да, орынсыз қарсылық шараларын өткізгенге де көн­бей­ді.

Өз кезегінде Еуроодақ та бі­раз қадамға барды. Соның бі­рі – адам құқын бұзуға белсенді қа­тысты деген Белоруссияның бі­раз адамдарын «қара тізімге» ен­гіз­ді. Олар­ға Еуропа елдеріне кі­ру­ге тыйым салынған. Жа­қын­ға дейін олардың саны 210 бол­са, енді оларға 21 адам қосылды – 19 сот, 2 күш құ­ры­лымының адам­да­ры. Сонымен бір­­­ге, Белоруссияны айыптаған пікір нау­қаны жүрді.

Тағы да Лукашенко жауапсыз қал­мады. Өзін «дик­татор» деп айыптаған Гер­мания Сырт­қы істер министрі Гидо Вестервеллеге оның дәстүрге қай­шы не­кеде екенін бет­ке басып, «гемосексуалист бол­­ған­нан диктатор болған жақ­сырақ», деп жауап берді. Поль­шаның өз елінің жерін басып алу қара ниеті бар­лығын айтты. Өз елінен Поль­ша­ның елшісін және Еуро­одақ­тың өкілін қуып жіберді.

Мұндай әрекеттерден кейін Еуроодақ «қара тізімін» тағы да ұзартты. Оған елдің бизнес­мен­дері, Лукашенкомен жақын қа­ты­настағы адамдар қосылды.

Минск бұған да жауап болатынын ескертті. Бас прокура­ту­ра­ның басқарма бастығы Павел Родионов шет мемлекеттерді Бе­ло­руссияға қарсы экономи­ка­лық санкция қолдануға ша­қыр­ған оппозиционерлерге қыл­мыс­­тық жаза қолдану мүмкін­дігі бар­лығын айтып отыр. Шет елдер оппози­цио­нерлердің ша­қы­руына құлақ асар болса, бұл Белорус­сия­ға эко­но­ми­калық зиян тигізе­ді. Бұл – қыл­мыс деген сөз. Осы­ған байланысты бұл елде де тізім жасалыпты. Онда 108 адам бар екен. Олар­дың елден шығуына тыйым салынбақ.

Сөйтіп, Еуроодақтың оппо­зи­­ция­ға көмек беру әрекеттері олар­ға зиян болып тиюі әбден мүмкін екен. Мұны А.Лукашен­коның сөзі­нен де аңғаруға бол­ғандай. «Біз олардың санкция­лық шаралар дей­тініне қатаң қараймыз. Біз өзімізді құрмет­теуге мәжбүр­лей­міз», деді ол.

Кінәласуға қашан да желеу та­былады. Ал кінәласудан пайда табыла қоюы екіталай.

Мамадияр ЖАҚЫП.