28 Наурыз, 2012

Малиде әскери төңкеріс жасалды

400 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Малиде әскери төңкеріс жасалды

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:40

Шығыс жұрты әз мейрам – Наурызды тойлап жатқан шақта, яғни 22 наурыз күні Африканың батысындағы Мали мемлекетінде әскеритөңкеріс жүзеге асырылды. Әскерилер ел астанасы – Бамако қа­ласындағы  президент сарайын, көптеген үкімет­тік мекемелерді басыпалды.

Әскерилер өкілінің мәлімдеуінше, төңкеріс себебі биліктің армияны не қажеттің бәрімен қамтамасыз ете алмай отыруы болып табылады. Әскерилер құрған Демократияны қалпына келтіру жөніндегі ұлттық комитеттің басшылығына капитан Амаду Саного келген. Ол елде коменданттық сағат енгізген. Мали президенті Амаду Тумани Туренің әзірше қайда екені белгісіз.

 

Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:40

Шығыс жұрты әз мейрам – Наурызды тойлап жатқан шақта, яғни 22 наурыз күні Африканың батысындағы Мали мемлекетінде әскеритөңкеріс жүзеге асырылды. Әскерилер ел астанасы – Бамако қа­ласындағы  президент сарайын, көптеген үкімет­тік мекемелерді басыпалды.

Әскерилер өкілінің мәлімдеуінше, төңкеріс себебі биліктің армияны не қажеттің бәрімен қамтамасыз ете алмай отыруы болып табылады. Әскерилер құрған Демократияны қалпына келтіру жөніндегі ұлттық комитеттің басшылығына капитан Амаду Саного келген. Ол елде коменданттық сағат енгізген. Мали президенті Амаду Тумани Туренің әзірше қайда екені белгісіз.

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛЕДІ

Сирия парламенті ел президенті Башар Асадқа үстіміздегі жылдың 7 мамырына жоспарланған парла­мент­тік сайлауды кейінге шегеру туралыұсыныспен шықты. Парламент­ші­лер­дің пікірінше, мұндай қадам сайлауғадейін үкімет уәде берген кең көлемді реформаларды жүргізу үшін қажет.

Сирия парламентіндегілер бұған қоса сайлауды кейінге шегеру жаңадан құрылған партиялар үшін танымал­ды­лыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеп отыр. Бірақ,  парламентшілер сайлауды нақты қай уақытқа белгілеу жөнінде ештеңе айтпаған. Өз кезегінде сириялық оппози­ция­шылар жаңа конституцияны заңсыз деп танып, парла­мент­тік сайлауға бойкот жариялайтынын мәлімдеген еді.

ҰЙҒЫР АЗАМАТЫН ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСТІ

Өзінің сегіз серігімен Шыңжаң-Ұйғыр автоно­мия­лы ауданындағыҚарғалық қаласының базарында қантөгіс ұйымдастырған АбудукеремМамут өлім жазасына кесілген. Бұл іс бойынша үкім Қашғар  қаласындашығарылған.

Сот А.Мамутты террорлық топ ұйымдастырды, лаңкестік жасады деп айыптаған. Сот ісіне үстіміздегі жылдың 28 ақпанында жасалған лаңкестік себеп болған. Оқиға салдарынан  15 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алған. А.Мамуттың өзі қылмысы үстінде қолға түссе, оның барлық серіктері атып өлтіріліпті. Сөз ретінде Қытайдың аталған ауданында шамамен 9 миллион ұйғыр этносы тұратынын айта кетейік.

КАРЗАЙ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ АСА ҚАУІПТІ ЖЕР

Ауғанстан қауіпсіздік күштері ел президенті Хамид Карзайрезиденциясының аумағынан жан­кеш­тілердің 11 белбеуін тапқан. Бұлтуралы Катардың әйгілі «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Аталғанфакт бойынша тергеу жұмыстары басталып кетсе, бірнеше адамтұтқындалған.

«Әл-Жазирадағы» жоғары шенді  дерек көзі жергілікті барлау қызметіне белбеулердің жарылғыштармен сықа толтырылғанын және қолдануға дайын болғанын жет­кізген. Ал Карзай резиденциясының аумағы Ауған­стандағы аса қатты күзетілетін кешен болып табылады. Бұған дейін президенттің бірнеше туысқаны мен жақындары жанкеш­тілер шабуылынан қаза тапқаны белгілі.

БАЛАЛАРДЫ СОҒЫСҚА ТАРТТЫ ДЕП АЙЫПТАДЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы бүлік­шілердің кәме­летке толмаған балаларды солдат ретінде соғысқа тарт­қаны туралы мәлімет алған. БҰҰ-ның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі арнайы өкілінің айтуынша, алынған мәліметтер әлі де болса тексеруді қажет етеді. Жалпы, 15-ке толмағандар әскери іс-қимылдарға тартылса, бұл Бала құқы туралы конвенцияны бұзған болып табылады.

Сирияның азат ету армиясы делініп отырған бүлікшілер тобы басшыларының айтарлықтай бөлігін Сирияның үкіметтік әскерлері мен қауіпсіздік күштерінің бұрынғы офицерлері құрайды. Бүлікшілер біз 70 мың адамбыз дейтін көрінеді. Президент Башар Асад пен оған қарсы жақтардың қақтығысы салдарынан өткен жылдың наурызынан бері 8 мыңнан астам адам опат болған.

САРКОЗИ ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІК БАР

2007 жылғы сайлау науқаны кезінде Николя Саркози Еуропадағы ең бай әйел Лилиан Бетанкурден 800 мың еуро көлемінде жәрдем-пұл алған деген күдік төбе көрсетті. Бұл жәйт француз баспасөзінде пайда болған тергеу құжаттарының арқасында айғақталып отыр.

Сайлау науқаны үшін ақша беру, тергеу деректері бойынша, екі кезеңде жүрген. Әуелгі ақша – 400 мың еуро 2007 жылдың ақпанында Саркозидің сол кездегі қазы­нашысы, болашақ еңбек министрі Эрик Вертаға беріліпті. Екінші жартысы сол жылдың сәуірінде президенттікке кандидаттың жеке өз қолына ұстатылса керек. Сонымен, бұл сайлау алдындағы дөңгелекке таяқ қыстыру ма, шын­дық па, оны уақыт көрсетеді. 

Қысқа қайырып айтқанда:

• 2011 жылы Ресейдегі жемқорлық қылмыс  оның алдындағы жылмен салыстырғанда 40 пайызға өскен. Есесіне қозғалған қылмыстық істер бар-жоғы 8 пайызға артса, сотқа жеткені тіпті 4 пайызға қысқарып кетіпті. Бұл туралы «Ведомости» басылымы ақпар таратты.

• Бір айналдырғанды шыр айналдырады деген бар. Халық­ара­лық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канн енді жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топқа қатысы бар деп айыпталып отыр. Бірақ, оның өзі айыпты еш мойындамайтынын мәлімдепті.

• Грузия сыртқы істер министрлігі ағаш үй тұрғызатын финнің құрылыс компаниясын Абхазия рыногына жібермей қойған. Ресми Тбилисидің Абхазияны Ресей әскері басып алған Грузия аумағы санайтыны белгілі. Ал Грузияда «Басып алынған аумақтар туралы» заң жұмыс істейді.

Интернет  материалдары негізінде әзірленді.