29 Наурыз, 2012

Шарайна

280 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шарайна

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:35

РОМНИ РЕСЕЙДІ ЖАУ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Республикалық партиядан АҚШ сенатына мүше Митт Ромни президент Барак Обамадан ПРО жүйесін құру барысында Ресей алдында ешқандай шегініс жасамауды талап етті.

Ақ үйдің сыртқы саясаттағы бағытына сын айтқан АҚШ президенттігінен үміткер Митт Ромни Ресейді нөмір бірінші жау деп атады. Орыстардың алдындағы кез келген шегініс АҚШ-тың мүдделері мен қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін делінген республикашыл-сенаторлардың президент Барак Обамаға жолдауында. Хатқа республикашылдар фракция­сы­ның 47 мүшесінің 43-і қол қойған.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:35

РОМНИ РЕСЕЙДІ ЖАУ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Республикалық партиядан АҚШ сенатына мүше Митт Ромни президент Барак Обамадан ПРО жүйесін құру барысында Ресей алдында ешқандай шегініс жасамауды талап етті.

Ақ үйдің сыртқы саясаттағы бағытына сын айтқан АҚШ президенттігінен үміткер Митт Ромни Ресейді нөмір бірінші жау деп атады. Орыстардың алдындағы кез келген шегініс АҚШ-тың мүдделері мен қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін делінген республикашыл-сенаторлардың президент Барак Обамаға жолдауында. Хатқа республикашылдар фракция­сы­ның 47 мүшесінің 43-і қол қойған.

КАСТРО РИМ ПАПАСЫМЕН КЕЗДЕСПЕК

Фидель Кастро Кубада сапармен жүрген Рим Папасы Бенедикт ХVІ-мен кездесетін болады.

Мен елдің сыртқы істер министрі Бруно Родригестен Папаның менімен кез­десуге қуанышты екенін білдім, сон­дық­тан одан мен үшін өзінің қымбатты бір­неше минутын бөлуді сұрадым деп жазған Кастро өзінің жергілікті басылымда жарияланған мақаласында. Айта кету керек, Куба ұзақ уақыттар бойы атеистік мемлекет ретінде танылып келген болатын. Тек 90-жылдардың ортасынан бастап қана елде шіркеуге деген көзқарас өзгере бастады.

СИРИЯДАҒЫ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоған кеше ел басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Иранға келді.

Ол Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен және парламент төрағасы Әли Лариджанимен кездеспек. Бүгінде қан­төгістер жалғасып жатқан көршілес Сириядағы ахуал негізгі әңгіме өзегіне айналады деп күтілуде. Түрік премьері­нің айтуынша, қазірдің өзінде бұл елге 17 мың босқын келген. Түр­кия Сирия президенті Башар Асад режі­міне сын көзбен қара­са, Иран керісінше, Сирия билігінің ежелгі одақтасы болып табылады.

ЖАҢА ЗЫМЫРАНДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ

Үндістан Ресей-Үндістан бірлесіп жасаған «БраМос» дыбыстан жылдам ұшатын қанатты зымыранды сынақтан өткізді.

Зымыран Орисса штатындағы полигоннан ұшырылған. «БраМос» зымыраны 200 шақырым қашықтыққа ұша алады және 300 килоға дейін салмақтағы қарапайым үлгідегі оқтұм­сықты жеткізуге қабілетті. Зымыранның аталған түрі­мен үнді армиясы өткен жылдың соңынан бастап қарулануға кіріскен болатын. «БраМос» құрлықтағы күштердің жауын­гер­лік мүмкіндіктерін айтарлықтай арттыруға жағдай жасайды.

ЕУРОПА ӘСКЕРИ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ҚҰЛДЫРАУ

Қаржы тапшылығы салдарынан 2020 жылға қарай Еуропада әскери ұшақ­тар, тікұшақтар мен ұшқыш­сыз ұшатын аппараттар өндірісіне қатер төнуі мүмкін.

Еуропадағы әскери авиақұрылыс өнер­кәсібі бұрын салынған қаржының арқасын­да ғана жан сақтап тұр. Осындай қорытынды жасаған Еуро­палық қорғаныс агенттігінің зерттеу тобы ірі-ірі еуропалық қорғаныс компанияларының қызметін өз баяндамасының негізіне алған. Еуропаның әскери өнеркәсібі салаға инвестициялар тарту арқылы ғана дағдарыстан құтыла алады.

МАЛИДЕ ЖАҢА ҚҰЖАТ ЖАРИЯЛАНДЫ

Малиде билікті басып алған әскери хунта елдің бұрынғы конституциясын алмастыратын құжатты жарыққа шығарды.

Хунтаның мәлімдеуінше, жаңа негізгі заң демократияға қолдау жасауға бағытталған және ең басты адам құқықтары­ның барлығын да сақтауға кепілдік береді. Сонымен бірге Батысафрикалық мемлекеттердің экономикалық қауымдас­тығының лидерлері Малидің осы ұйымға мүшелігін тоқтатып тастады. Сөз орайында үстіміздегі жылдың 22 наурызында Малиде әскери төңкеріс болғанын айта кету қажет.

ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛГЕНДЕР ҚАНША?

Ең жоғары жазаны қолданатын елдердің азайға­нына қарамастан, әлемде өткен жылы өлім жазасына кесілгендер саны арта түскен.

Бұл туралы Amnesty International халықаралық құқық қор­ғау ұйымының баяндамасында келтірілген. Ондағы мәлі­мет­тер бойынша, 2011 жылы әлемде өлім жазасына кесіл­гендер саны алдындағы жылға қарағанда 149 адамға көп болған. Оның сыртында 18750 адам түрмелерде өлім жазасын күтуде. Бұл санға ақпараттардың мемлекеттік құпия болып табылатынына байланысты Қытайда өлім жазасына кесіл­гендер енбеген көрінеді. Сол сияқты Вьетнам, Моңғолия және Белоруссия өлім жазасына кесілгендер санын құпия ұстайды екен.

АННАННЫҢ ЖОСПАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСА МА?

Сирия үкіметі БҰҰ-ның арнаулы өкілі Кофи Аннанның елде күш көрсетуді тоқтату туралы жоспарын жүзеге асыруға келісті.

Кофи Аннан өз кезегінде Сирия билігінен мойнына алған міндеттемелерді жедел түрде орындауды талап етті. Башар Асадтың мұндай шешім қабылдауына Ресей ұстанымының да ықпал еткені анық. Дегенмен, бұл жоспардың жүзеге асарына күмәнмен қараушылар да аз емес. Оған құжатта нақтыланбаған жалпылама баяндаулардың орын алуы себепкер болып отыр.

ӨЗІНЕН-ӨЗІ ӘБІГЕРГЕ ТҮСКЕН ҰШҚЫШ

АҚШ-та Нью-Йорктен Лас-Вегас қа­ла­сына қарай бет алып бара жатқан ұшақ Техас штатындағы Амарилло әуежайына төтенше жағдайда қонуға мәжбүр болған.

Куәгерлердің айтуларына қарағанда, рейс командирі ұшақ ішінде орынсыз әбігершілік туғызған. Ол бомба бар деп айқайлап, өзіне әлдебір кодты беруді талап еткен. Осыдан кейін ұшқышты жолаушылар салонына ауыстырып, оның орнына мамандығы ұшқыш болып табылатын бір жолаушыны отыр­ғызуға тура келген. Аяқ астынан мінез көрсеткен әуе компа­ниясының қызметкері ауру­ханаға жатқызылған көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.