30 Наурыз, 2012

Дүбірге толы дүние

233 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Дүбірге толы дүние

Жұма, 30 наурыз 2012 7:18

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРҚАЛАУҒА КІМ ЛАЙЫҚ?

22 сәуір күні Францияда президенттік сайлау өтеді. Оны көп адамның әлемдік мәні бар оқиға ретінде қабылдайтыны да заңды. Франция – Еуропада ғана емес, әлемдегі тұлғалы ел. Оны кім басқаратыны сондықтан да айрықша маңызды.

Енді сол Франциядай тұлға­лы елдің билік тізгі­нін кім ұс­тайды, Саркози, болмаса оның орнына келген басқа адам өз мой­нына Еуропа үшін, әлем үшін жауап­кер­ші­лікті ала ала ма деген сұрақ біраз адамның көңілінде жүре­ті­ні анық.

 

Жұма, 30 наурыз 2012 7:18

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРҚАЛАУҒА КІМ ЛАЙЫҚ?

22 сәуір күні Францияда президенттік сайлау өтеді. Оны көп адамның әлемдік мәні бар оқиға ретінде қабылдайтыны да заңды. Франция – Еуропада ғана емес, әлемдегі тұлғалы ел. Оны кім басқаратыны сондықтан да айрықша маңызды.

Енді сол Франциядай тұлға­лы елдің билік тізгі­нін кім ұс­тайды, Саркози, болмаса оның орнына келген басқа адам өз мой­нына Еуропа үшін, әлем үшін жауап­кер­ші­лікті ала ала ма деген сұрақ біраз адамның көңілінде жүре­ті­ні анық.

Жақында Францияның Конс­т­и­туциялық кеңесі алдағы пре­зиденттік сайлауға қатысатын 10 адамның тізімін жариялады. Ал үміткерлер әжептәуір көп болған. Дені електен өте алмады. Елек дегенде, бұл елде басқа жердегідей сайлаушы­лар­дың қолын емес, «халық қалау­лыларының» – мэрлердің, му­ни­ципалдық кеңестер, парламент депутаттарының, сенатор­лардың қолдарын жинайды. Олардың саны 500-ден асуы тиіс. Алдын ала қимылдамаса, оның оңай бола қоймайтыны анық. Белгілі әсі­ре ­оңшыл «Халық майданы» пар­тиясының көсемі Марин Ле Пен тек соңғы сәтте ғана әзер қол жинап үлгерген. Ал бұрын­ғы премьер-министр Доминик де Вильпен қажетті қол жинай алмай, күрестен сырт қалды.

Үміткер онның басында қа­зіргі президент Николя Саркози тұр. Ол өзі біразға дейін сай­лауға түсетінін мәлімдемей, ке­йінірек жариялады. Мұны так­ти­калық қадам десе де болады. Әйтпесе, жұрттың көңілінде жүрген миграция сияқты мәсе­ле­лерді қоз­ғап, дауыс жинау­ға көптен-ақ кі­ріс­­кен. Тіпті елдегі армяндардың дауысы үшін геноцид мәселесін көтеріп, Түркиямен кикілжіңге де барғаны жұртқа белгілі.

Сайлау алдындағы қоғам­дық сауалдамаға қара­ған­да, ал­ғаш­қы тур­да ешкім 50 пайыз­дық биік­тен өте алмайды, ал 6 мамыр­дағы екінші турға Николя Саркози мен социалист Франсуа Олланд өтсе керек. Соңғы кездегі сауалдамаға сенсек, социалистің артықшылығы барған сайын төмендеп келеді. Сайлау кезінде ол мықтап өз­геруі мүмкін.

Көп саясаткер бұл сайлауға жеңістен бұрын бедел үшін барады. Президенттіктен үміткер бол­ғанның өзі не тұрады! Ал ал­ғашқы үштікке, бестікке ілініп жатса, ол үлкен абырой. Сауал­да­маның нәтижесінде әзірге үш­тік­те жүрген Марин Ле Пеннің көңілі одан әлдеқайда жоғары. Бірақ басыңнан биік секіре ал­майсың деген бар. Өткен сайлауда алғашқы турда үшінші орын­ға шығып, біраз жұртты таңдан­дырған центрист Франсуа Байру биыл одан көп төмен. Үмітк­ер­лер ішінде солшылдар баршы­лық. Олландқа тиетін дауыстың біразын «Солшыл майданның» көсемі Жан-Люк Меланшон алмақ. Оған коммунистер дауыс­тарын беруге уәде етіп отыр. «Жасыл­дар­дың» ұранын көтер­ген бұрынғы судья Ева Жолидің азын-аулақ өз сайлаушылары бар. Әсіре солшыл «Жаңа анти­ка­питалистік партия­ның» көсемі Филипп Путуды қолдаушылар көп бола қоймас.

Сайланар-сайланбас, кү­рес­ке қосылуды француздар парыз санайды. Сонысымен де бұл елдегі сайлау халықтың көңіл күйін аңғартады, өздеріне қо­ғам­ның назарын аудартады, ел ішіндегі саяси күштердің ара салмағын көрсетеді. Бұл жең­генге де, же­ңіл­гендерге де керек.

 

ШАҒЫН ЕЛДЕ БИЛІККЕ ЖЕТУ КҮРДЕЛІРЕК

Оңтүстік Осетияны Франциямен салыстыру қиын. Бірі – шағын, бірі – алып. Бірақ билік үшін күрес бірінде оңай, бірінде қиын деп айта алмайсың. Қайта Оңтүстік Осетиядағы президенттік сайлауға қарап, шағын елде ол күштірек болады-ау деген ой келеді.

Міне, әлі тәуел­сіздігін басқа жұрт тани қой­ма­ған Оңтүстік Осе­тиядағы прези­дент­тік сайлаудың науқаны жүрге­ні­не жарты жылдай болды, бірақ президенттерін сайлай алмай отыр. Өткен күз­дегі сайлауда оппозиция өкілі Алла Джиоева жеңіске жеткені­мен, ішкі-сыртқы күштердің қы­сымымен елдің Жоғарғы соты сайлауды заңсыз деп тауып, жаңа сайлауды 25 наурызға белгілеген. Бұл жолы да алғашқы турда еш­кім жеңіске жете алмады. Екінші тур – 8 сәуірде.

Шағын елде сайлау күрде­лі­леу болады деген пікірдің де жаны бар. Мұнда халық үміт­керлерді жақсы таниды. Сөзіне қарай емес, ісіне қарай біледі. Оңтүстік Осетиядағы бұл сайлауда дауыс беретіндер саны 30-ақ мың. Сонша бюллетень таратылыпты. Сонда бұл елдің халқының саны 50 мыңның тө­ңі­регінде. Бір-бірін жүзіне қа­рап та таниды десе де бол­ған­дай. Сондықтан да дауыс бергенде, жұрт сөзге еріп емес, өз жүректерінің қалауын білдіреді.

Өткен жолғы сайлауда халық Анатолий Бибиловты қаламады, көпшілігі Алла Джиоеваға дауыс берді. Бұл сайлауға төрт адам түсті: республика МҚК бұрынғы төрағасы Леонид Тибилов, адам құқы жөніндегі өкіл Давид Санакоев, Оңтүстік Осетияның Ре­сей­дегі елшісі Дмитрий Медоев және компартия көсемі Станислав Кочуев.

Екінші турға көбірек дауыс жинаған 60 жастағы Тибилов (42,48 пайыз) пен 35 жастағы Санакоев (24,58 пайыз) шықты. Дауыс айыр­ма­шы­лығы өте үлкен көрін­ген­мен, алда же­ңіл­гендердің есебі­­нен мықтап өзгеруі әбден мүм­кін. Алғашқы тур­дың барысында Тибиловпен біраз жағалас­қан Медоев өз сайлаушыларын (23,79 пайыз) Санакоевке дауыс беруге шақырып отыр. Демек, күрес қызуы жоғары болмақ.

Үміткерлер сайлаушы­лар­дың ықыласын аудару үшін бар­лық жолды пайдаланбақ. Өз бағдар­ла­масын баяндаумен қа­тар, қар­сы­ласын жамандауға да сөз таң­дамайтын түрі бар. Бұл екінші тур алдында тіпті кү­шей­мек. Бұл ретте бұрынғы билік­тің шоқ­па­рын соққан Тибиловке біраз кінә тағылар. Санакоев – таза. Ал­ғаш­қы сайлауда жеңіске жеткен Алла Джиоеваны да олар ұмыт­па­ған – өздері жеңсе, оған ла­йық­ты қызмет ұсынбақ. Бұл да біраз сайлаушыларға ұнайды.

Ал бағдарлама дегенде, онда үміткерлердің қай-қайсысы да бі­рінші кезекте Ресеймен қарым-қа­тынасқа тоқталады. Бұл енді Оң­түстік Осетия үшін ше­шу­ші мәселе. Ел бюджетінің 90 пайызы Ресей көмегінен тұра­ды. Ресейдің әскерінсіз күндері жоқ. Сыртқы сая­сатын да Ресей арқылы жүргізеді.

Енді бір аптадан кейін ке­зінде Грузияның құрамында бол­ған осынау шап-шағын ел­дің би­лік тізгінін Леонид Тибилов пен Давид Санакоевтің бі­реуі ұс­тай­ды. Одан саясат өз­гере қоймас. Бұл елдің Гру­зияға қайта қосыл­ма­сы да белгілі. Ресейдің беделін көтерері де шамалы. Сөйтсе де оларды асырауға мәжбүр. Онсыз бұлар күндерін көре алмайды.

Мамадияр ЖАҚЫП.