31 Наурыз, 2012

Басқа басылымдардан

272 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Басқа басылымдардан

Сенбі, 31 наурыз 2012 7:55

ҚАРУСЫЗДАНУКӨШБАСШЫСЫ

Қазақстан ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаевтыңбастамасы әлемназарында

_______________________________________

AP.   РФ Пре­зи­ден­ті Дмитрий Мед­ведев пен АҚШ Президенті Барак Обама бұрынғы Семей ядролық сынақ поли­го­ны енді қатер туғызбайтынын мәлім­де­ді. Ресей басшысы, сон­дай-ақ мұны ядролық қауіп­сіздік мә­се­лелерімен айналы­сатын өзге елдер үшін нақты мысал бо­ла­тынын атап өтті.

 

Сенбі, 31 наурыз 2012 7:55

ҚАРУСЫЗДАНУКӨШБАСШЫСЫ

Қазақстан ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаевтыңбастамасы әлемназарында

_______________________________________

AP.   РФ Пре­зи­ден­ті Дмитрий Мед­ведев пен АҚШ Президенті Барак Обама бұрынғы Семей ядролық сынақ поли­го­ны енді қатер туғызбайтынын мәлім­де­ді. Ресей басшысы, сон­дай-ақ мұны ядролық қауіп­сіздік мә­се­лелерімен айналы­сатын өзге елдер үшін нақты мысал бо­ла­тынын атап өтті.

Дмитрий Медведев үш мемлекет 2004 жылдан бастап тү­сіністік жағдайда Семей поли­гонының зардаптарын жою мақ­сатында бірлескен жұ­мыс­тар жасап келе жатқанынан хабардар етті. Осыған байла­ныс­ты Ресей басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­қа бұл мәселеде орнық­тылық және белсенді көзқарас танытқаны үшін алғыс білдірді.

«Ресей мен АҚШ ядролық қауіпсіздік мәселесі жауапкершілігін өздеріне жүктеген мемлекеттер ретінде аталған проб­лемалармен айналысуға және оны шешуге ресурстар таба білді», – деді Д.Медведев. Барак Обаманың пікірінше, «соңғы бірнеше жылда үш ел ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды». Ақ үй басшысы «қырғи-қабақ» соғыс кезінде Семей полиго­нын­да көптеген ядролық материалдар жиналып қалғанын атап өтті. «Біз ядролық мате­риалдардың қауіп­сіз орында болуына қол жеткіздік. Енді ондағы ядролық материалдар террор­шы­лардың қолына түс­пей­тіндей қорғалған», – деді АҚШ Президенті.

 

Сеулде Яд­ро­лық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтті. Жи­ын­ның жұмыс оты­рыстарына 50-ден астам ел­дің және төрт ха­лықаралық ұйымның басшы­лары қатысты. «Саммит ала­ңында» бірқатар шағын құрам­дағы кездесулер жоспарланған еді. Сондай кез­де­судің бірі Ресей, АҚШ және Қазақстан пре­зиденттерінің ара­сында болды. Кездесуде Дмитрий Медведев үш мемлекеттің Семей поли­гоны жөніндегі ын­ты­мақ­тас­тығы ядролық қауіп­сіз­дік мәсе­лесімен айналыса­тын­дарға үлгі болатынын атады.

«2004 жылдан бастап үш мем­лекет: Қазақстан, АҚШ және Ресей Семей полигонын пайдаланудан қалған зардап­тар­ды жоюмен айналы­су­дамыз, – деді Дмитрий Медведев. – Сондай-ақ мен Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік жауапкершілігін жүктеген мемлекеттер ретінде қажетті кооперация көрсеткенін атап өткім келеді».

 

TREND.   Вашингтон саммитінен кейінгі екі жыл жаһандық ядро­лық қауіпсіздік саласында ай­тарлықтай жағдайларға толы болды. «Біріншіден, 2011 жылы Ядролық қаруды таратпау шар­тының аясында Шолу кон­фе­ренциясы өтті, – деді саммитте сөйлеген сөзінде Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. – Екіншіден, екі жыл ішін­де әлемде жоғары байы­­тыл­ған уран­ның үлкен көлемі жой­ыл­ды. Әлемдегі отыз­дан астам мемлекет ядро­лық қауіп­сіздік саласында ұлт­­тық міндеттемелер қа­былдады. Үшін­шіден, 2010 жылы Астанада Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһан­дық бастамалар конферен­циясы табысты өтті».

Нұрсұлтан Назарбаев, сон­дай-ақ Қазақстан ұлттық дең­гей­де 210 тонна ядролық отын­ды қауіпсіз сақтау үшін тасы­малдау жобасын жүзеге асыр­ға­нын, Қазақстан «Үлкен сегіздік» елдеріне жаппай қырып-жоятын қарудың таралуымен күресте жаһандық әріптес ретінде шыққанын атап өтті. «Қа­зақстан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерді әр екі жыл сайын өткізуді ұсынады. Біз болашақта Астанада осын­дай саммиттердің бірін қабыл­дауға дайынбыз. Қазақстан АҚШ пен Ресей арасындағы Страте­гия­лық шабуылдау қа­руын қыс­қарту туралы шарт­тың күшіне енуін қолдайды және Президент Барак Обама­ның жаңа ядролық страте­гия­сына қолдау білдіреді. Ядролық қаруы бар елдердің барлығын осындай ізгі ниет көрсетуге шақырады», – деп атап өтті Қа­зақстан Президенті.