04 Сәуір, 2012

Қазақстан-Палестина: Дипломатиялық қатынастарға – 20 жыл

754 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстан-Палестина: Дипломатиялық қатынастарға – 20 жыл

Сәрсенбі, 4 сәуір 2012 7:50

ҚысқашаанықтамаБолат Серғазыұлы Сәрсен­баев – еліміздің сыртқы саясисаласында 1997 жылдан бері қызмет етеді, II сыныпты Төтенше жәнеөкілетті уәкіл дипломатиялық дәреже иесіӘр кез­дері Сыртқы істерминистрлігінің орталық аппаратында жауапты қызметтер атқарған.Қазақ­стан­ның Израильдегі кеңесшісіГонконгтағы Бас консулы,Грекиядағы Сенімді өкілі болған. 2007 жылдан бері еліміздің ИорданХашимит Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, 2008 жылыҚазақ­стан Республикасының Ирак Республикасындағы, 2012 жылыПалестина мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінқоса атқарушы.

 

Сәрсенбі, 4 сәуір 2012 7:50

ҚысқашаанықтамаБолат Серғазыұлы Сәрсен­баев – еліміздің сыртқы саясисаласында 1997 жылдан бері қызмет етеді, II сыныпты Төтенше жәнеөкілетті уәкіл дипломатиялық дәреже иесіӘр кез­дері Сыртқы істерминистрлігінің орталық аппаратында жауапты қызметтер атқарған.Қазақ­стан­ның Израильдегі кеңесшісіГонконгтағы Бас консулы,Грекиядағы Сенімді өкілі болған. 2007 жылдан бері еліміздің ИорданХашимит Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, 2008 жылыҚазақ­стан Республикасының Ирак Республикасындағы, 2012 жылыПалестина мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінқоса атқарушы.

2012 жылғы 6 сәуірде Қазақ­стан мен Палестина арасындағы дипломатиялық қарым-қаты­нас­тың орнағанына 20 жыл толады. Алайда екі мемлекет арасын­да­ғы байланыстардың тарихы әл­де­қайда тереңде жатыр. Бүгінгі күні Астана мен Рамалла ара­сын­дағы үнқатысуды өткен жылдарда қалыптасқан жағымды бай­ланыстардың нәтижесі ретін­де қарастырамыз.

Палестина ұлттық әкімші­лігі­нің (ПҰӘ) Президенті, Палестинаны Азат ету ұйымының (ПАҰ) төрағасы Ясер Арафат еліміз 1991 жылғы желтоқсанда Тәуел­сіз­дігін алғаннан кейін араб бас­шы­ларының арасынан бірінші болып Қазақстанға сапар шекті. Сол кезде екі ел арасындағы ын­тымақтастықтың негізі қаланған болатын.

Ал 1992 жылғы 6 сәуірде елдер арасында ноталар алмасу ар­қылы ресми түрде дипло­ма­тия­лық қатынастар орнатылса, бір жылдан кейін Алматыда Палестина елшілігі ашылды.         Екі ел арасындағы достық қарым-қа­ты­настардың одан әрі дамуына Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың 1995 жылдың желтоқсан айында Палестинаға жасаған сапары елеулі септігін тигізді. Осы сапардың барысында қол қойылған экономика, өн­діріс және мәдениет сала­ларын­дағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімдер екі­жақ­ты шарттық-құқықтық базаның негізін қалады.

ПҰӘ басшысы Ясер Арафат­тың 1999 жылғы 16 сәуірде Ал­матыға екінші сапары екіжақты қатынастардың дамуындағы ке­зек­ті қадам болды. Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевпен өткен ке­ліс­сөздер барысында екі ел ара­сын­дағы ынтымақтастықтың өзек­ті мәселелері, сондай-ақ Таяу Шы­ғыс проблемасын реттеу жол­дары талқыланды.

Ясер Арафат өмірден өткен­нен кейін, 2005 жылы Махмұд Аббас Палестина Президенті болып, екі елдің жақындасу ба­ғыты одан әрі жалғастырылды. 2008 жылғы қазанда ПҰӘ бас­шысының Арнайы өкілі Ясер Аббас Қазақстанға сапар шегіп, Елбасымен, сондай-ақ респуб­ли­ка­мыздың бірқатар министр­лік­тері басшыларымен келіссөздер өткізді.

2010 жылғы 8 маусымда Ыс­тамбұлда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) II Саммиті шеңберінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Палестина басшысы Махмұд Аббаспен кез­десіп, оны Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Палестина АӨСШК жұмы­сы­ның белсенді қатысушысы. Па­лестина басшылығының пікі­рін­ше, АӨСШК оның қатысу­шы­лары үшін Азия құрлы­ғын­дағы қауіпсіздік пен тұрақты­лық­ты нығайту бағытында аса маңызды форум болып табылады. Палестина оның шең­берін­дегі кездесулерге тұрақты түрде қатысып келеді.

Рамалла Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңе­сі­не (ИЫҰ СІМК) төрағалық етуі­не, сондай-ақ осы Ұйым ая­сындағы барлық қадамдары­мыз­ға қолдау көрсетуде. Атап айт­сақ, Палестина өткен жылдың 28-30 маусымында Астанада ИЫҰ СІМК 38-сессиясын ұйымдас­ты­ру­да Сыртқы істер министрі Рияд әл-Маликидің қатысуы арқылы оның жұмысына қолдау көр­сет­ті. Бұған қоса, 17 тамызда Ыс­там­бұл қаласында Сомали Республикасына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ИЫҰ Атқару комитетінің төтенше отырысын шақыру туралы Қазақстанның бастамасы да қолдау тапты. Палес­тина тарапынан бұл шараға Сырт­қы істер министрінің орынбасары Мунтасир Абу Зейд қатысты.

Қазақстан өзі тарапынан ха­лықаралық қоғамдастықтың Па­лес­тинадағы әлеуметтік-эконо­ми­калық жағдайды тұрақ­тан­ды­руға бағытталған гуманитарлық шараларына елеулі үлесін қосу­да. Мысалға, еліміздің 2008 жә­не 2009 жылдары Палестина бі­лім беру қорына (Palestinian Education Action Fund) көмек ретінде 100 мың доллар, ал 2011 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Палестинаға қатыс­ты UNRoD және UNRWA ұйым­дарына 200 мың доллар мөл­шерін­де ерікті жарна төлегенін келтіруге болады.

Бұған қоса, Палестинаның Қа­зақстандағы елшілігіне Астана орталығынан офистік үй-жай өтеусіз пайдалануға берілді. Атал­ған үй-жай Қазақстан Республикасында алынатын салықтар мен алымдардың барлық түрлерінен босатылды.

Қазақстан өз Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Таяу Шығыс проблемасының бейбіт түр­де шешілуін, Палестина хал­қы­ның БҰҰ Бас Ассамб­лея­сы­ның 181, БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сі­нің 242 және 338 қарарлары негізінде егеменді мемлекет құру жөніндегі заңды құқықтарының қамтамасыз етілуін қолдайды, сондай-ақ басып алынған ау­мақ­тардың демо­гра­фия­лық құрамын күштеп өз­гер­ту шараларын орынсыз санайды.

Біздің мемлекетіміз Палестина халқының ұмтылыстарына халықаралық қолдауды жұмыл­ды­ру ісіне айтарлықтай үлес қосты. Қазақстан 1967 жылғы шекара шеңберінде тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын жақтайды. Мұндай ұстанымы­мыз ИЫҰ СІМК-нің Астана декларациясында, Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-оты­ры­сы барысында сөйлеген сөзінде, сондай-ақ БҰҰ БА шеңберінде жыл сайын сыртқы істер ми­нистрлері деңгейінде өткізілетін Үйлестіру кездесуінде қабыл­дан­ған Палестина декларациясында ашық айтылды. Бұған қоса, Қазақстан Палестинаның 2011 жылы ЮНЕСКО-ның мү­ше­лігіне қабылдануын қолдады.

Екі ел арасындағы білім са­ласындағы ынтымақтастық айту­ға тұрарлық. Мәдени-гума­ни­тар­лық әрекеттестік жөніндегі келі­сімге сәйкес, 1999 жылы  5 қа­зақ­стандық студент «Араб тілі және әдебиеті» мамандығы бо­йынша Газа секторындағы Мем­лекеттік педагогикалық институтта дәріс алды. 1998 жылы еліміздің жоғары оқу орындарына 10 палестиналық студент, ал 2003 жылы 5 студент қабылд­ан­ған болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық медициналық оқу орындарында 19 палестиналық азамат білім алуда.

Спорт саласындағы ынты­мақ­тастық та даму үстінде. Па­лес­тиналық спортшылар Қазақ­станда өткізілетін халық­ара­лық жарыстарға қатысып жүр. Мысал ретінде, олардың 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларында өткен 7 Қысқы Азия ойындарына қатыс­қанын айтуға болады.

2011 жылғы мамырда Қазақ­стан-Палестина ынтымақ­тас­ты­ғы мәселелері Қазақстанның Иор­дан Хашимит Корольдігіндегі елшілігіне берілді. Бұған дейін бұл мәселелер еліміздің Из­раиль­дегі елшілігіне қарасты болған.

Былтырғы жылдың желтоқ­сан айында екі жақты қаты­нас­тар тарихында алғаш рет ПҰӘ орталығы – Рамалла қаласында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына байланысты ресми қонақасы берілді.

Бүгінгі күні Палестина Қа­зақ­станды халықаралық сахнада едәуір саяси беделі бар және елеулі экономикалық әлеуетке ие ел ретінде қарастыратынын атап айтқым келеді. Астанада Палес­ти­наның дипломатиялық өкіл­ді­гі­нің қызмет етуі бұл мем­ле­кеттің елімізбен қарым-қаты­нас­тарды дамытуға мүдделігінің дәлелі болып келеді.

Екі жақты әрекеттестіктің жо­ғары деңгейін менің Қазақ­стан­ның Палестинадағы елшісі қыз­метін қоса атқарушы ретінде тағайындалуыма келісімді (агреман) Палестина тарапынан өте қысқа мерзімде – 5 күннің ішін­де беруінен байқауға болады.

Сонымен қатар, Палес­ти­на­ның Қазақстандағы алғашқы елшісі болған Мұхаммед Таршаханиге тоқталғым келеді. Ол елі­мізде 10 жылдан астам уақыт қыз­­мет істеп, дипломатиялық кор­пустың дуайені болды. Екі жақ­ты қатынастарды нығайтудағы едәуір үлесі үшін Президент Нұр­сұлтан Назарбаев оны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Жоғары деңгейдегі уағдалас­тық­тарды жүзеге асыру мақ­са­тында елшілік алдағы мерзімде өз жұмысын сауда-эконо­ми­ка­лық және инвестициялық ынты­мақ­тастықты ілгерілетуге ба­ғыттамақ. Себебі, қазіргі кезде әрекеттестіктің бұл түрі екі ел арасындағы әлеуетке толық сай келмей отыр.

Бүгінде екі жақты байланыс­тарды нығайтуға мүмкіндік бе­ретін бірқатар іс-шараларды жү­зеге асыру жоспарланған. Олар­дың арасынан Палестина бас­шы­сының Астанаға ресми сапарын ұйымдастыру, бірлескен үкіметаралық комиссияның 1-ші отырысын өткізу, Іскерлік кеңе­сін құру, сондай-ақ Қазақ­стан­ның Палестинадағы мәдени күн­дерін өткізу сияқты шараларды атап айтуға болады.

Бүгінгі күні құзырлы мем­ле­кеттік органдар шарттық-құқық­тық базаның аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Алғаш­қы қадам ретінде екі елдің сырт­қы істер министрліктері арасын­дағы саяси консультациялар жө­ніндегі меморандумға қол қою пысықталуда.

2012 жылы Рамалла қала­сында Қазақстан Республи­ка­сы­ның Консулдығын ашу жоспары екі жақты қатынастардың одан әрі тереңдеуі мен дамуына едәуір серпін қосатыны күмәнсіз.

Қазақстан елшілігі екі ел арасындағы дипломатиялық қа­ты­настардың орнағанына 20 жыл толуын тиісті деңгейде атап өтуді жоспарлап отыр. Жыл бо­йы Астана мен Рамаллада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Осы мерейтойға байланысты ұйымдастырылатын іс-шара­лар­дың екі ел арасындағы қарым-қатынастардың тереңдеуіне жә­не халықтардың өзара түсіністік пен достастығын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдіремін.

Қазақстан мен Палестина ара­сындағы дипломатиялық қа­рым-қатынас орнағанына 20 жыл толуын қорытындылай келе, қазіргі уақытта Қазақстан-Палестина қарым-қатынастары жаңа тарихи кезең алдында тұр деп айтуға болады. Біз екі жақты байланыстарды әрі қарай дамытып, өзара ынтымақтастық әлеуе­­тін күшейту және әрекеттес­тік­тің деңгейін жан-жақты жо­ға­рылату бағытында Палестина тарапымен бірлесіп күш жұмыл­дыруға әзірміз.

Бұл мақсатымыз Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2012 жыл­ғы 27 қаңтарда Парламент пала­та­ларының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқы­на Жолдауындағы басымдықпен толық сәйкес келеді. Себебі, онда: «Біз Батыспен қатар, Азия мемлекеттерімен өзара әре­кет­тесе отырып, теңдестірілген сырт­қы саясатымызды жалғастырамыз», деп атап көрсетілген болатын.

Болат СӘРСЕНБАЕВ, Қазақстан Республикасының Палестинадағы елшісі.